А. Машани атындағы базалық білім беру институты

Satbayev University–ге түскен барлық студенттеріне таңдаған оқу бағдарламасына қарамастан оқу жылының соңына дейін Базалық Білім беру Институты жетекшілік етеді. Бүгінгі күні институт жалпы білім беретін пәндерді оқытады және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 2500-ден астам студенттерге, соның ішінде Орталық Азиядан келген шетелдік студенттерге бағыт-бағдар береді. Бұл жалпы білім беретін пәндер студенттерді екінші курстан бастап оқытылатын кәсіби курстарды игеруге дайындайды. Институттың міндеті - студенттерге кәсіби бағдарламаларды игеру үшін жоғары сапалы базалық білім беру. Оқытумен қатар, Институт өз студенттері мен қызметкерлерін академиялық шеберліктің, кәсіби және инновациялық ойлаудың жоғары стандарттарына бағыттайды. Институт барлық бірінші курс студенттерін академиялық бағыт-бағдар беру, азаматтық борыш, жоғары адамгершілік қағидалар мен жеке мінез-құлықты  қалыптастыру арқылы бейімдейді.

Институт құрамында 4 кафедра бар: қазақ және орыс тілдері кафедрасы, ағылшын тілі кафедрасы,  қоғамдық пәндер кафедрасы және дене шынықтыру кафедрасы.

Бірінші курс студенттерінің дидактикалық бейімделуі үшін, сабақ басталмас бұрын, тамыз айында, академиялық күнтізбе бойынша «Бағдар беру апталығы» өткізіледі. Апта аясында студенттер кампуспен, кітапханамен танысып, академиялық жұмыстар жөніндегі проректормен және тіркеуші кеңсе, ББИ, ғылыми кітапхана, халықаралық департамент, студенттер мәселесі жөніндегі департамент, әскери кафедра т.б. өкілдермен кездеседі. Сондай-ақ, бағдар беру апталығында студенттермен бітіруші кафедралар және институт директорларымен кездесулер ұйымдастырылады, онда студенттерге таңдалған білім беру бағдарламаларының болашағы, оқу кезіндегі мүмкіндіктер, ғылыми жобалар туралы және т.б. ақпараттар айтылады. Және бағдар беру апталығында жоғары курстағы белсенді студенттер бірінші курс студенттерімен танысып, өздерінің Университеттегі оқу кезіндегі тәжірибелерімен бөліседі.

Студенттер кредиттік оқыту технологиясы, жаңа талаптар мен ережелер туралы алғаш рет біледі. Әрбір студентке мазмұны жыл сайын жаңартылып, толықтырылатын «Бірінші курсқа арналған анықтама-кітапша» беріледі. «Бірінші курсқа арналған анықтама-кітапша» - 2019 жылдың қараша айында Best Print Advertisiment номинациясы бойынша QS Creative awards-2019 алтын медалімен марапатталды.

Оқудың жылының ең басында бірінші курс студенттерімен әлеуметтік бейімдеу мақсатында оқудан тыс бірқатар іс-шаралар жүргізіледі. «Бағдар беру апталығы»-нан кейінгі ең бірінші іс-шара, қыркүйек айының екінші аптасында өткізілетін «Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі» (2019, 2018, 2017), онда Университеттегі барлық студенттік ұйымдар қатысады, ал ұйымдастырушылар жоғары курстағы белсенді студенттер. Бұл іс-шараның мақсаты - бірінші курс студенттерін студенттік өмірмен таныстыру, қызығушылығына қарай әртүрлі студенттік ұйымдарға көбірек тарту.

Базалық білім беру институтының ұжымы 500-ден аса бірінші курс студенттері үшін Есік көліне саяхатпен Тимбилдинг (2019, 2018, 2017) өткізеді, спорттық-сауық шаралар ұйымдастырылып, студенттер бір-бірлерімен және өздерінің эдвайзерлерімен танысады.

Бірінші курс студенттерінің әлеуметтік-дидактикалық бейімделуіне ББИ ұжымы тағайындаған эдвайзерлер ықпал етеді. Эдвайзер - бұл сіздің оқу барысында академиялық кеңесші қызметін атқаратын оқытушы. Эдвайзерлер ББИ оқытушылары арасынанда, басқа институттардың оқытушыларынан арасынанда тағайындалады.

Эдвайзер студентке жеке оқу жоспарларын құру кезінде пәндерді таңдауға көмектеседі (тіркеу кезінде), кредиттік оқыту технологиясының ережелерін және т.б. ақпараттарды нақтырақ түсіндіреді. Тиімді жұмыс үшін әрбір эдвайзерге бір оқу бағдарламасының 25-30 студенті бекітілген. Эдвайзер жұмыстарын тиімді үйлестіру үшін ББИ ұжымымен Эдвайзер нұсқаулығы әзірленген. 

Университетте «студенттерге бағытталған оқытудың» нәтижелігін қамтамасыз ету үшін 2016 жылдан бері тілдерді деңгейлеп оқыту енгізілген. Оқуға кіріспес бұрын барлық студенттер жазбаша және ауызша түрде диагностикалық тестілеуден өтеді, оның нәтижелері қазақ немесе орыс тілдерін, сонымен қатар ағылшын тілін білу дәрежесін анықтайды, яғни әрбір студенттің жеке дайындығы ескеріледі, тілдік пәндер бойынша оқытудың жеке траекториясы құрылады.

Сондай-ақ, институт құрамына UNICUMSU студенттік журналымен Студенттік медиа орталық және көптеген танымал спортшылар тәрбиелеген Спорттық клуб кіреді. Satbayev University-де атлетикалық гимнастика, бұқаралық күрес, баскетбол, волейбол, футбол, қолкүрес, регби, үстел теннисі, еркін күрес, самбо, қазақша күрес, бокс, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, фитнесс, спорттқа баулу және шығыс жекпе-жек күресі сияқты спорт түрлері дәріптелінеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту