Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің негізгі міндеттері:

  • Satbayev University кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
  • оқу процесін үнемі жетілдіру, білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру;
  • оқу процесіне шығармашылық тұрғыдан қарау технологияларын дамыту және енгізу;
  • білімді бақылаудың жинақтаушы балдық-рейтингтік жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру (ағымдағы, межелік және қорытынды білімді бақылау);
  •  пәндерді таңдау жүйесін жетілдіру;
  •  оқу процесіне ғылымның, техниканың, инновациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін енгізуді қамтамасыз ету;
  •  барлық дайындық түрлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын тұрақты дамыту болып табылады.

Департамент құрамына:

  • Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі;
  • Оқу-әдістемелік бөлім;
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі;
  • Мансап орталығы кіреді.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент бөлімдерінің қызметі Болон реформаларының негізгі принциптеріне және кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшылықтарын дамытуға сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің негізгі функциялары:

  • оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
  • университеттегі оқу жұмысын үйлестіру;
  • ҚР БжҒМ нұсқауларымен МЖМББС талаптарына сәйкес жоспарлы құжаттамаларды (оқу жұмыс жоспарлары, оқу процесінің кестесі, академиялық күнтізбе) әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау;
  • оқу жұмысына байланысты есептілікті дайындау; оқу қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша университеттің жылдық есебін жасау;
  • оқу процесі бойынша ҚР БжҒМ және басқа да ұйымдармен хат алмасуды ұйымдастыру;
  • Университет кафедраларын нормативтік құжаттар мен ҚР БжҒМ бұйрықтарын шығару туралы ақпараттандыру;
  • сабақтар өткізу сапасын бақылау;
  • оқу нысандары бойынша түлектердің оқу құжаттамасын тексеру;
  • оқу кестесіне сәйкес кафедралар тұрғысынан педагогикалық жүктемені есепке алу журналдарын тексеру;
  • оқу жұмыс жоспарына сәйкес оқыту нысандары, мамандықтар (БББ) және курстар тұрғысынан жылдық оқу жүктемесін есептеу;
  • оқытушылар бойынша педагогикалық жүктеменің орындалуы үшін мониторинг (нақты орындалған жүктеме туралы мәлімет);
  • ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес оқытушылар бойынша оқу жүктемесін тиімді бөлу мониторингі және есепке алу;
  • жыл сайынғы «Үздік оқытушы» конкурсын дайындау және өткізуді ұйымдастыру.

Оқу-әдістемелік бөлім келесі міндеттерді орындайды:

  • Университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру бойынша ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылау, әзірлеу, дайындау және енгізу;
  • Университеттің профессор-оқытушылар құрамына және оқу-көмекші қызметкерлер құрамына әдістемелік әзірлемелер мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
  • жас оқытушыларға педагогикалық дағдыларды қалыптастыру үшін тренингтер өткізу;
  • ҚазҰТЗУ оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
  • пәндердің оқу-әдістемелік кешенін өзекті күйінде әзірлеу мен қолдау бойынша кафедралардың жұмысын үйлестіру және бақылау;
  • оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың және пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын талдау және дайындау сапасын бақылау;
  • ҚазҰТЗУ-да шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа да материалдарды басып шығаруға ұсыным, ағымдағы және келешектегі жоспарлау. 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі қызметінің негізгі мақсаты жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын даярлау, магистрлерді, философия докторларын (PhD) даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, білім беру сапасын жақсарту болып табылады.

Бөлімнің функциялары:

  • Университеттің диссертациялық кеңесінің қызметін үйлестіру;
  • Этикалық комиссия қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
  • магистранттар мен докторанттардың оқу және ғылыми жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
  • магистратура мен PhD докторантурасының оқу және ғылыми жұмысын реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
  • магистранттар мен PhD докторанттарының ғылыми тағылымдамасы бойынша жұмысты үйлестіру;
  • магистрлік және докторлық диссертациялардың тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін (консультанттарды) бекіту;
  • белгіленген мерзімде докторлық диссертацияларды қорғамаған PhD докторантурасы түлектерінің мониторингі;
  • PhD философия докторының жеке үлгідегі дипломын дайындау және беру.

Мансап орталығының міндеттері:

  • білім алушылардың кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша университет жұмысын ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау;
  • жұмыс берушілерге және халықты жұмыспен қамту қызметтеріне байланысты кәсіптік практиканы ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерінде әлеуметтік әріптестікті кеңейту бойынша жәрдемдесу;
  • мамандарды мақсатты даярлау саласында кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнату (кәсіпорындармен келісім-шарт). Практикадан өту орындары туралы кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен және мекемелермен келісім-шарттар жасасу бойынша кафедралардың жұмысын үйлестіру;
  • практикалық дағдыларды дамыту бойынша студенттерге арналған тренингтер, мастер-кластар өткізуге әлеуетті жұмыс берушілерді тарту;
  • бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, тарату орындарына келген түлектердің санын талдау және т.б. болып табылады.

 

Контактілер

Жунусбекова Назым Маратовна

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры
PhD, Қауымдастырылған профессор

Жеке профиль
Телефоны: 73-75
E-mail: N.Zhunusbekova@satbayev.university

 

Солтабаева Сауле Темирболатовна

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары
Техника ғылымдарының кандидаты

Жеке профиль
Телефоны: 72-64
E-mail: s.soltabayeva@satbayev.university

 

Аяпбергенова Гульсум Тултановна

Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің бастығы

Телефоны: 71-49
E-mail: g.ayapbergenova@satbayev.university

 

Жумагалиева Айгуль Сарсенбаевна

Оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы

Телефоны: 72-64
E-mail: a.zhumagalieva@satbayev.university

 

Хведелидзе Мадина Жексенбаевна

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің бастығы  

Телефоны: 71-23
E-mail: m.khvedelidze@satbayev.university

 

Алдаберген Сырым Алдабергенулы

Мансап орталығы бастығының міндетін атқарушы

E-mail:  s.aldabergen@satbayev.university

 

Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 22а, Мұнай корпусы (бас әкімшілік ғимараты), 407- кабинет.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00-18:00, түскі үзіліс 13:00-14:00.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту