Автоматтандыру және роботтандыру кафедрасы

Автоматтандыру және роботтандыру кафедрасының қысқаша тарихы

Кафедраның негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі атақты ғалым-білім беруші қазіргі заманның ҰАҒ академигі техника ғылымдар докторы Әшімов А.А.

Кафедраның болашаққа нық қадам басуын қалыптастыруына жоғарғы білікті арнайыландырылған-білім берушілерді, сонымен қатар ғылыми бағытта басым мамандар жинақтады.

Кафедрада ҚССР еңбек сіңірген ғылым қайраткері профессор Тохтабаев Г.М.; Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері техникалық ғылымдар доктор, профессоры Сыздыков Д.Ж.; профессор Лю Б.Н., доцент Афанасьев А.А. және т.б. жұмыс жасай бастады.

ТМД елдерінде және республикамызға танымал педогог, 1971 - 1984 жылы. және 1990-2001 жылдарға дейін профессор Тохтабаев Г.М. кафедра меңгерушісі болды.

2000 жылдың қазан айынан 2001 жылға дейін профессор Тохтабаев Г.М. шәкірті техника ғылымдар кандидаты, доцент Жусупбеков С.С. кафедраны меңгерді.

Жусупбеков С.С. бастамасымен автоматтандырылған және электрөткізгіштік «ҚазҰТУ-Simens» бойынша оқу-инженерлі орталық кафедрада ашылды.

2001-2006 жылдар аралығында ХАА академигі ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері техника ғылымдарының кандидаты, доцент Көшимбаев Ш.К., тағайындалу кезінде кафедра тарихында бірінші рет бакалавр білім беру бағдарламасы ашылды.

Кафедра меңгерушісі техника ғылымдар докторы, профессор Сулейменов Б.А., 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін мамандарды ғылыми бағытта тиімді ілгерілету саласында дайындап басқарып келеді

ASIIN неміс агенттігінен аккредиттелген магистратура мен докторантураны ашып және лицензиясын алды. Ғылыми - педагогикалық және ИИМДБ-2 бойынша профильді магистратура, Қазатомөнеркәсіп мамандандырылған магистратура үшін білім беру бағдарламалары әзірленді. Кафедраның ғылыми дәрежесі 84% -ға жетті. Оқу зертханаларының материалдық-техникалық базасы нығайтылды: Сименс, Фесто, Ханиуэль, Шнайдер Электрик.  

Кафедра тұрғызылғалы мыңдаған инженер және бакалавр, магистр, сонымен қатар жүзден астам магистранттар және ондаған докторанттар тәмәмдады. Қазахстан Республикасының өндірістік өнеркәсіптеріне және ғылымның дамуына біздің түлектер үлкен үлес қосып жатқандарын мақтан тұтамыз.

Кафедраның миссиясы мен мақсатары

Білім беру бағдарламасы және кафедраның миссиясы мен мақсатары

Кафедраның миссиясы:

Қазақстан үшін стратегиялық міндеті адам капиталын дамыту мәселесі жатады. Біз еліміздің адам капиталын заманауи білімдермен, иновациялармен және олардың тәжірибелік жолымен жасаймыз.

Кафедраның мақсаты:

-еліміздің индустриалын әртараптандыруды қалыптастыра білетін, жаңа бағыт -бағдар беретін, экономикалық тұрақтылық дамуын және оның жаңа бәсекелестік деңгейінің сапасының өсуін басқаратын «Өмір бойы білімін нығайтатын» принципін нақтылайтын, инновациялық-индустриалдық даму стратегиясын түсінетін жоғарғы кәсіби біліктілі маман дайындау;

-өнеркәсібтік өндірісте алынған нәтижелерді практика жүзінде қолданып, әлемдік деңгейде ғылыми зерттеу жүргізу.

Қалыптасқан білім беру бағдарламаларының міндеттері мен мақсаттарында «Автоматтандыру және роботтандыру» мамандығы бойынша бакалавр, магистратура және PhD докторларын осы міндеттер мен мақсаттар шеңберінде дайындайды.

 

6В07 - «Автоматтандыру және роботтандыру» мамандығы бойынша бакалавр білім беру бағдарламасының миссиясы: тұтас бір тұлғаны ұсыну және өзін-өзі дамыту болып табылады - заманауи білімі бар және тәжірибелік дағдылары бар, жоғары технологиялық процестерді автоматтандырылған жүйелерді монтаждау және пайдалануға енгізу, сонымен қатар түрлі салаларда роботты өндіріспен айналысатын жоғары білікті маман даярланады.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары:

  1. Түлектердің адами және әлеуметтік жеке құндылықтарын, Қазақстан республикасының әр түрлі салт – дәстүрлерді, халықтың достығын, мәдениетін потриотизм рухында тәрбиелеу қалыптастыруда.

  2. Бакалаврды экологиялық, физикалық, этикалық, құқықты мәдениеттерді, ойлау мәдениетін, сөйлеу мәнерін  қалыптастыруға үйретеді.

  3. Автоматтандыру саласында кәсіби қызметін талап ететін терең білімді, іскерлікпен дағдылықты автоматтандырылған басқару және жасанды интеллекті, роботтандыруды қалыптастыру.

 

7M071 - «Автоматтандыру және роботтандыру» білім беру бағдарламасының миссиясы: тұтас тұлғаны ұсыну және өзін-өзі дамыту - білім беру және ғылыми ұйымдар үшін автоматтандыру, роботтау, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару саласындағы ғылыми және педагогикалық бағыттағы жоғары білікті маман болып табылады. Автоматтандырылған және робототехникалық жүйелерді енгізу.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Автоматтандыру, роботтау, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару саласында алдыңғы қатарлы білімді игеру.

  2. Автоматтандыру, роботтау, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару саласында теориялық және практикалық зерттеу дағдыларын дамыту.

  3. Білім және ғылым ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметке дайындық.

  4. Бірегей зерттеулер арқылы білім жинақтау

 

8D071 - «Автоматтандыру және роботтандыру» мамандығы бойынша PhD докторантурасының білім беру бағдарламасының миссиясы - барлық тұлғаны ұсыну және дамыту - автоматтандыру, роботтау, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару саласындағы зерттеулер мен тәжірибелерге тиімді қатысуға қабілетті маман.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

1) Автоматтандыру, роботтау, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару саласында терең білім алу.

2) Автоматтандыру, роботтау, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару саласында теориялық және практикалық зерттеу дағдыларын дамыту.

3) Оқу және ғылыми ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызметке дайындық.

4) Түпнұсқа зерттеулер арқылы білім жинақтау.

 

Барлық ғылыми жетекшілері мен олардың мүдделерін көрсете отырып, ғылыми бағыттар мен ғылыми жобалар

Барлық ғылыми жетекшілері мен олардың мүдделерін көрсете отырып, ғылыми бағыттар мен ғылыми жобалар:

  1. Балқаш мыс зауыты жағдайында Ванюков пештерінде мыс концентраттарын балқыту процесін оңтайлы басқару үшін интеллектуалды жүйені құру - ғылыми жетекшілер Кошимбаев Ш.К., Ибраев А.Х.

  2. Уранның жер асты шаймалау технологиялық процесін оңтайлы басқару үшін интеллектуалды алгоритмдерді әзірлеу, моделдеу және сынау - ғылыми жетекшілер Омирбекова Ж.Ж., Муханов Б.К.

  3.  Биогаз өндірісін және жану процестерін оңтайлы басқару үшін интеллектуалды алгоритмдерді әзірлеу - ғылыми жетекшілер Сүлейменов А.Б., Жирнова О.В.

  4. Түсті металлургияға арналған робототехникалық кешендерді құру үшін үлгілер мен алгоритмдерді әзірлеу - ғылыми кеңесші А.А.Бейсембаев.

  5. Ауылшаруашылық машиналары үшін зияткерлік басқару жүйесін құру - ғылыми жетекшілер Калиева К.А., Исаков К.А.

  6. ЖЖФЗ жағдайында күшәла фосфорды залалсыздандыру үрдісін оңтайлы бақылау үшін интеллектуальды алгоритмдерді өндірістік сынақтарды әзірлеу және жүргізу - ғылыми жетекшілер Муханов Б.К., Сүлейменов Б.А.,.

  7.  Роботтық кешенді пайдалана отырып, сейсмикалық кедергі тестілеу сынақ стендін жасау - ғылыми жетекші Абжапаров К.А.

  8. Кафедра автоматизации и роботизации

    Кафедра автоматизации и роботизации

    Кафедра автоматизации и роботизации
     

    Кафедра автоматизации и роботизации

    Кафедра автоматизации и роботизации​​​​​​​

Жоғары

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту