Идрисова Тұнық Қайратқызының докторлық диссертацияның алдын ала қорғауы туралы хабарландыру
2026 жылғы 23 маусымында сағат 12:00-де ТКМ корпусының 320-аудиториясында «Материалтану, нанотехнология және инженерлік физика» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста 8D05301 – «Қолданбалы және инженерлік физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан докторанты Идрисова Тұнық Қайратқызының докторлық диссертациясын алдын ала тыңдалады.
Диссертация тақырыбы: «0,5 ТэВ-тан жоғары энергиясы бар ғарыштық сәулеленудің гамма көздерін іздеу және зерттеуге арналған Адрон-55 кешенінің қондырғысын жаңғырту»
Ғылыми кеңесшілер:
Отандық ғылыми кеңесші:
Садықов Тұрлан Хамзинұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Физика-техникалық институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан Республикасы).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Рябов Владимир Алексеевич - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ядролық физика және астрофизика кафедрасының меңгерушісі, Лебедев атындағы физика институтының Физикалық-техникалық орталығының директоры (Мәскеу, Ресей Федерациясы)
Рецензенттер:
1. А.С. Бейсебаева – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, О. А. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.
2. Бекбаев А.Қ. – PhD докторы, Қазақстан Республикасы Атомдық энергия бойынша агенттіктің Ядролық физика институтының бас директорының орынбасары.