М.Б. Орунбековтың докторлық диссертациясын талқылау бойынша «Логистика» бағытының кеңейтілген отырысы
2026 жылдың 15 маусымында Астана уақытымен сағат 11:00-де Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «М. Тынышбаев атындағы көлік инженериясы және логистика» мектебінің «Логистика» бағытының 412 ГУК аудиториясында 6D090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының докторанты Орунбеков Максат Бағыбайұлының докторлық диссертациясын талқылау бойынша кафедраның кеңейтілген отырысы өтеді. Кеңейтілген отырыс ашық режимде онлайн/офлайн форматта өткізіледі.
Сілтеме: https://teams.microsoft.com/meet/43088427879160?p=p6GU6wRfJQBGB8FWOU
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Пойыздар қозғалысын реттеуді координаталық тәсілмен ұйымдастырудың оңтайлы және қауіпсіз моделін жасау»
Отандық ғылыми кеңесші: Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы, т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Алматы қ., Қазақстан
Шетелдік ғылыми кеңесші: Йорн Пахль, т.ғ.д., Брауншвейг техникалық университетінің профессоры, Брауншвейг қ., Германия.