15 тамыз 36

ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ЖОБАСЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА БЕРЕДІ

Қазақстандағы ежелгі техникалық жоғары оқу орны алғаш рет инклюзивті білім беру жөніндегі жобаны республика көлемінде алға тартып отыр. Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға жоғары білім алу үшін жағдай жасау, сөйтіп олардың толық мәнді өмір сүруіне мүмкіндік беру.

Қазақстанда денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектеулі жандардың саны күннен-күнге артып, қазір халықтың жалпы саны бойынша алғанда 3,7%-ды құрап отыр. Ал мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 4 жылда (2011–2015) 20%-ға өскен. Қазақстан бойынша тұтас алғанда 88 000 мүмкіндігі шектеулі бала бар, солардың ішінде 0,3–0,5% ғана жоғары білім алады екен. Ол небары 385 студент. Мұндай балалардың көпшілігі әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген, білімдері жоқ, жұмыс істей алмайды. Сондықтан да жоғары білім алуға тіпті талпынбайды да.

Ақпарат көзі: Казак Газеттерi
Жоғары

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту