Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Ғылыми-зерттеу құрылыс және құрылыс материалдары зертханасы Technopark Stroytech

«Technopark Stroytech» — Satbayev University-дің құрылыс материалтану және құрылыс технологиялары саласында жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесі. Зертхана іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, сала үшін инновациялық шешімдер әзірлейді, сондай-ақ материалдарды, бұйымдарды және құрылымдарды зертханалық сынақтан өткізеді.

Ғылыми қызметті Satbayev University-дің құрылыс материалтану саласында көпжылдық тәжірибесі бар профессорлары мен философия докторлары (PhD) қамтамасыз етеді. Зерттеу жобаларына жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар белсенді тартылады — бұл университеттің ғылыми мектептерінің дамуына, білікті кадрлар даярлауға, ғылым, білім және өндірісті ықпалдастыруға ықпал етеді.

Құрылу тарихы

Зертхана BR21882292 «Тұрақты құрылыс саласын кешенді дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында құрылды. Бағдарлама Satbayev University тарапынан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруымен (15.11.2023 ж. № 447-ПЦФ-23-25 шарт) жүзеге асырылады.

Зертхананы құру «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 19.02.2025 ж. шешімімен (№ 01 хаттама) және университеттің 20.02.2025 ж. № 80-П/Ө бұйрығымен бекітілді.

Зертхананың қызмет бағыттары:

  • құрылыс материалдары мен технологияларын ғылыми зерттеу;
  • материалдарды, бұйымдарды және құрылымдарды сынақтан өткізу;
  • сала үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
  • зерттеу және қолданбалы жобаларды ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
  • сараптама және сараптамалық қорытынды беру;
  • заманауи приборларда оқыту және біліктілікті арттыру;
  • ғылыми кадрлар даярлау.

Зертхана құрылымы

Зертхана бір-бірін толықтыратын екі сектордан тұрады: ғылыми және өндірістік.

Ғылыми сектор мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша зерттеулер жүргізеді және практикалық қолдануға бағытталған инновациялық технологиялар мен материалдарды әзірлейді. Әзірлемелердің бірі — Қазақстанның құрылыс саласына сәтті енгізіліп жатқан «Diatomite» құрғақ құрылыс қоспаларын шығару технологиясы.

Өндірістік сектор құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын зертханалық сынақтан өткізеді, өнім сапасын бақылайды және құрылыс индустриясы кәсіпорындары мен объектілерінде инспекциялық жұмыстар жүргізеді.

Ынтымақтастық

Зертхана өнеркәсіп кәсіпорындарымен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, мемлекеттік мекемелермен және шетелдік университеттермен ынтымақтастыққа ашық.

Байланыс

Мекенжайы: Алматы қ., Сәтбаев көш., 22, О. А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия корпусы (ТМК), 152-кабинет.

Пошта: technopark.stroytech@satbayev.university

Директор: PhD докторы, зерттеуші-профессор Нұрлыбаев Р.Е. r.nurlybayev@satbayev.university

Зертхана меңгерушісі: PhD докторы Жағыфаров А.М. a.zhagifarov@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту