27 мамыр 2019 273

Белосток техникалық университетінде (Польша) ERASMUS + Академиялық ұтқырлық бағдарламасының жұмысына қатысу

Белосток техникалық университетінде (Польша) ERASMUS + Академиялық ұтқырлық бағдарламасының жұмысына қатысу

2019 жылдың 13-18 мамыр аралығында   Е Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының Бизнес және менеджмент кафедрасының профессоры Салықова Лейла Нұртілеуқызы Белосток техникалық университетінің (Польша) Инженерлік менеджмент факультетінің студенттеріне арналған дәріс оқыды.

Студенттерге  Менеджменттегі сандық әдістері бойынша дәрістер өткізіліп, аудитория үлкен қызығушылық көрсетті.

Жалпы Erasmus+ бағдарламасына дәріс беруші профессор ретінде қатысу халықаралық деңгейде жұмыс істеу, оқыту дағдыларын жетілдіру және интернационализациялау бойынша тамаша тәжірибе болып,  бірнеше бағдарламалар мен  зетрттеу аясында халықаралық деңгейде белсенді ынтымақтастығына келісім орнатылды.

Белосток техникалық Университеті 1949 жылы құрылған, бүгінгі күні 7 факультет және 8,5 мыңнан астам студент оның ішінде 350 ден астам шетел  студенттері білім алуда.
Жоғары

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту