Бижанов Даурен Ерланұлының докторлық диссертациясын қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Бижанов Даурен Ерланұлының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Екі еркіндік дәрежесі бар шынтақ буынын оңалтуға арналған тростық жетекті басқару негізіндегі роботтандырылған экзоскелетті әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалады. Диссертация 8D07105 – «Биомедициналық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған. Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
Өжікенов Қасымбек Әділбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан Республикасы;
Жетенбаев Нұрсұлтан Талғатұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және телекоммуникация университеті, Қазақстан Республикасы;
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Марко Чеккарелли – PhD, профессор, LARM² робототехника және мехатроника зертханасының директоры, Тор Вергата университеті, Рим қ., Италия.
Рецензенттер:
1. Ибраев Саят Мұратұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, Хирш индексі – 5;
2. Орманбекова Айнұр Әлібекқызы – Assistant-professor, PhD-доктор, Алматы технологиялық университеті, Хирш индексі – 4.
Бижанов Даурен Ерланұлының докторлық диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Қайыров Рүстем Айбекұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Хирш индексі – 4;
2. Айтимов Мұрат Жолдасбекұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Хирш индексі – 5;
3. Муратов Мұхит Мұхаметнұрович – PhD, доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Хирш индексі – 5.
Онлайн форматта қатысу үшін сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/8268266244?pwd=QCnlQ3GobyOYZHUyYjkIRd0DNLfayG.1
Конференция идентификаторы: 255 988 7054
Код: 12345
Ғалым хатшы:
Алимбаева Жадыра Нұрдәулетқызы – PhD