Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
29 маусым 712

Чукманова Маржан Тұрсынғалиқызы

Докторлық диссертация қорғау туралы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Чукманова Маржан Тұрсынғалиқызының «Титан қорытпаларын құюға арналған қалыптау материалдарын өндірудің және құю қалыптарын алу әдістерін жетілдіру» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді. Диссертациялық жұмыс 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша орындалған.

Зерттеу Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде және «Металлургия және кен байыту институты» АҚ-да орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.

 

Ғылыми кеңесшілер:

  • Кенжалиев Бағдаулет Кенжалыұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ (Алматы қ., Қазақстан).
  • Паничкин Александр Владимирович – техника ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық ғылыми зертхананың» меңгерушісі, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ (Алматы қ., Қазақстан).
  • Мамаева Ақсәуле Әліпқызы –  ф-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ (Алматы қ., Қазақстан).
  • Белов Владимир Дмитриевич – техника ғылымдарының докторы, «MИСИС» Ұлттық ғылым және технология университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орнының құю технологиялары және материалдарды көркемдік өңдеу кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей).

 

Рецензенттер:

1. Алимжанова Алия Маргулановна – PhD, «Шикізатты байытудың арнайы әдістері» зертханасының меңгерушісі, «ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы», Алматы, Қазақстан. 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.

2. Достаева Ардақ Мухамедиевна – PhD, “Металлургия және жаңа материалдар” кафедрасының профессоры, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық универститеті, Қарағанды, Қазақстан. 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.

 

Чукманова М.Т. диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Мейірбеков Моһаммед Нұрғазыұлы – PhD докторы, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» (ҰҒЗТО), Материалтану департаментінің директоры (Алматы қ., Қазақстан). 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.
  1. Тауанов Жандос Турегулович – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Химиялық физика және материалтану» кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы қ., Қазақстан). 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.
  1. Rutkowska-Gorczyca, Małgorzata – PhD докторы, Вроцлав ғылым және технология университетінің машина жасау факультеті, көлік техникасы кафедрасының доценті (Вроцлав қ., Польша); 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.

 

             Диссертацияны қорғау 2026 ж. 13 тамыз, сағат 09:30-да, мына мекен-жайда өтеді: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 29/133, Уәлиханов көшесінің қиылысы, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ ғимаратының конференц-залы.

 

Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection

Zoom-ға сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/81330231566?pwd=1oRs002bQB7obXxGdwz2ATiSF7FXgV.1

Диссертациялық Кеңес отырысының бейнежазбасы: https://youtu.be/HPAAjA3zQi0

Ғылыми хатшы: ф.-м.ғ.к. Мамаева А.А. e-mail: axaulemamayeva78@gmail.com, тел.: +7 (747) 850 32 34



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту