Студенттер жатақхана бөлімі

Студенттер жатақхана бөлімі «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • студенттердің жатақханаларға, сонымен қатар ЖҒҮ-ға магистранттарға, докторанттарға және университет қызметкерлеріне қоныстауын мен орналасуын қамтамасыз ету;
  • жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, жастарды жатақхананың қоғамдық өміріне тартуға ықпал ете отырып, оқушының шығармашылық өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын дамыту;
  • жалпы студенттік жатақханалардың жұмысын ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • жатақханада тұратын студенттердің, магистранттардың, докторанттардың күнделікті тұрмысы мен бос уақытын қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру.

СЖБ қызметінің негізгі функциялары:

  • институт директораттарымен бірге жатақханалардан орын бөлу жөніндегі Комиссияның шешімі негізінде электронды тіркелуді ұйымдастыру;
  • басқа қаладан келген студенттерді, магистранттарды, докторанттарды жатақханаларға және Жас ғалымдар үйіне орналастыруды ұйымдастыру;
  • студенттік жатақхана кеңестерінің қызметіне басшылық жасау және бағыт беру, оларға практикалық көмек көрсету және Шұғыл қызмет орталығымен (ШҚО) бірлесіп жатақханаларда тәртіпті сақтау мәселелерін шешу;
  • жатақханаларды пайдаланудың шаруашылық қызметін қамтамасыз ету, тұрмысты ұйымдастыру, жатақханаларда тиісті тәртіпті ұстау;
  • жатақханаларда тұратын студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін уақытша тіркеуге отырғызу;
  • университеттің шақырылған оқытушылар құрамына шақыру жіберу, келу туралы хабарлама, тіркеу, визаны алу және ұзарту жұмыстарын жүргізу;
  • студенттердің жатақханаларда тұру мәселелерін қарау, тұратын адамдарды тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету, жатақханаларды жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етуді бақылау;
  • жатақханалардағы тәртіпті сақтау, тұрғындардың сау тұрмысын, мәдени-көпшілік іс-шараларын, бос уақытын ұйымдастыру мәселелерін шешу.

Жатақханада тұру үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Жеке куәлік көшірмесі (2 дана);
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ 2023 жылдың 31 мамырына дейін тұру үшін төлем жасағанын растайтын түбіртектің көшірмесі;
  • Рұқсат қағазына төлем;
  • Университеттің медициналық орталығынан медициналық анықтама;
  • 3 * 4 фотосуреті (4 дана);
  • Файл (2 дана).

Өтініштер онлайн режимінде қабылданады.

Университеттің жатақханаларынан орын бөлу жөніндегі комиссия студенттердің тізімін бекіткеннен кейін қоныстандыру үшін құжаттарды Сәтпаев, 22 "В" мекен-жайы бойынша студенттік жатақханалар қызметіне ұсыну қажет, №2 жатақхананың қосымша кіреберісі.

Студенттер жатақхана бөлімінің басшысы

Мадиярова Ажар Темирхановна

Байланыстар:

тел. 292 43 04 ішкі нөмер 70-28

Бөлімшелер

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту