Әкімшілік департаменті

Әкімшілік департаменті «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның (Университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Әкімшілік департаментінің құрамына кіретіндер:

  • Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі (Хатшылық, Мұрағат)
  • Заң жүзінде қамтамасыз ету бөлімі
  • Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі
  • Әскери есепке алу секторы

Міндеттері:

  • Университеттің басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Құжаттарды және құжат айналымын басқару
  • Мұрағат қоры құжаттарының есебін жүргізуді және олардың сақталуын қамтамасыз ету
  • Университет қызметін тиімді құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оның заңды мүдделерін құқықтық тұрғыдан қорғау
  • Мемлекеттік тілді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау және қолдау
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес білім алушылар мен қызметкерлердің әскери есебін ұйымдастыру және жүргізу

Негізгі функциялары:

  • Құжат айналымы жүйесін жетілдіру, құжаттардың сапалы рәсімделуін, олардың уақтылы жүргізілуін және орындалуын бақылау;
  • Құжаттарды мұрағатқа сақтауға қабылдау, оларды жүйелеу, мұрағаттық анықтамалар беру;
  • Белгіленген тәртіпте сотта, арбитражда университет мүддесін білдіру, талап-арыз жұмыстары;
  • Университеттің құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару;
  • Әскери міндеттілер және әскерге шақырылатын қызметкерлер мен білім алушыларды әскери есепке алуды тіркеу;
  • Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы білім алушыларға анықтама беру.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту