«Өндіріс 4.0» құзыреттілік орталығы

Satbayev University технологиялық кәсіпкерлікке университеттің инновациялық кластері негізінде белсенді түрде қолдау көрсетеді. Мұндай мақсаттарға қол жеткізу үшін университетте жобаларды коммерциализациялау жүйесі қалыптасқан. Оның құрамына технопарк пен Коммерциализациялау кеңсесі кіріп, жас ғалымдардың бастамаларына қолдау көрсетеді және стартап-резиденттерге сараптама жасап, мониторинг жүргізеді.

Кәсіпкерлік университет пен кәсіпкерлік ойлау моделін дамыту, ғылыми-техникалық инновацияларды жетілдіру мен өндіруді қолдау – Сәтбаев университетінің инновациялық орталыққа айналу жолындағы маңызды қадамдары болып саналады. Сәтбаев университетінің Коммерциализациялау кеңсесі университеттің технологияларын трансферттеуге ықпал етіп, студенттік кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар кеңсе жоғары оқу орнының технологияларын инновациялық өнімдерге айырбастау үшін университеттің ғалымдарына, қызметкерлері мен студенттеріне көмек көрсетеді, қаржыландырудың барлық түрлерін технологияны дамыту ісіне жұмылдырады. Кеңсе сондай-ақ ғылыми жобаларды қаржыландыруға тапсырыс беруге көмектесіп, зияткерлік меншікті қорғау бойынша кеңес береді және коммерциялық бейінділікті арттыруға септігін тигізетін тренингтер өткізеді.

Қызметтері

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша қызметтер кешенін  көрсету, соның ішінде:

- әртүрлі қаржыландыру көздерінен ғылыми-техникалық және инновациялық жобалардың және бағдарламалардың сайыстарына ПОҚ және оқушылардың қатысу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және координациялау;

- коммерциализациялау және технологиялардың трансферті бойынша консультациялық қызмет көрсету;

- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы консультациялық қызметтерді ұсыну;

-әзірлемелерді коммерцияландыру процесін басқару;

- жаңа кәсіпорын қалыптастырумен байланысты инновациялық жобаларды дайындау және сүйемелдеу;

- технологиялардыкоммерциализациялау бойынша іс-шараларын ұйымдастыру және ақпараттандыру.

Толық ақпаратосы жердетабааласыз: https://www.sutto.weebly.com

Негізі қаланған күннен бастап Сәтбаев университеті өндіріс орындарымен тығыз байланыста болып, өндіріске қажетті жоғары технологияларды жасап, өзекті мәселелерді шешіп келеді.

Университет өндіріспен байланыс жасау саясатын үнемі қазіргі заманға сай етіп жүргізеді. Ғалымдар белгілі бір өндіріс орнының мәселелерін алға тартып, оған анализ жүргізеді, ғалымдар қауымдастығы жиылып ол мәселені талқылайды да, оны шешудің мобильді жолын қарастырып, ең үздік деген әдіс-тәсілдерді өндіріс орнындағы ғылыми-техникалық кеңеске ұсынады.

Сәтбаев университетінің осындай өндіріс орындарымен технологиялық серіктестігін дамытудың негізгі функцияларын Шартты зерттеулер кеңсесі орындайды. Кеңсе қызметкерлері алдыңғы қатарлы ғылыми салалардағы отандық және дүниежүзілік трендтерге мониторинг жүргізіп, талдау жасайды да, университеттің қызметі мен ашқан жаңалықтарына деген сұранысты анықтайды, кәсіпорындарға өндіріс үрдістерін модернизациялау жөнінде ұсыныс жасайды және ғылыми жобаларды қаржыландыру жөнінде келісім жүргізіп, шартқа қол қояды.

Толық ақпарат алу үшін, мына телефонға хабарласыңыздар 8 (727) 257 71 14.

Жоғары

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту