Ақпараттық технологиялар департаменті

Жалпы ереже:

Ақпараттық жүйелер департаменті «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі – ҚазҰТЗУ);

Департаментті ҚазҰТЗУ ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады;

Өз қызметі барысында Департамент білім беру процестерін цифрландыру жөніндегі Басқарушы директорға бағынады.

Департаменттің қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ақпараттық қауіпсіздік саясатына, ҚазҰТЗУ ректорының бұйрықтары мен нұсқауларына, ҚазҰТЗУ-да қолданыстағы нормативтік-құқықтық және жергілікті ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

 

Ақпараттық жүйелер департаментінің құрылымына мына бөлімдер енеді:

Техникалық қолдау көрсету бөлімі;

Web-әзірлемелер бөлімі;

it-инфрақұрылым бөлімі;

Тестілеу бөлімі;

1С әзірлеме бөлімі;

Іс өндірісі секторы.

 

Департамент қызметінің негізгі мақсаты:

Университеттің стратегиялық ақпараттық бағдарламасын әзірлеу және оны жүзеге асыру, сатып алу мен техникалық және бағдарламалық аппараттарды, желілерді, университетті басқарудың бірегей жүйесі мен электронды цифрлық оқыту кешендерін пайдалану саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру.

Ақпараттық жүйелер департаментінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • ҚазҰТЗУ қызметтерін халықаралық стандарттарға, бизнестің, жоғары оқу орындарының талаптарына және ақпараттық технологиялардың қазіргі даму деңгейіне сәйкестендіріп ұсыну. ҚазҰТЗУ-дың барлық құрылымдық бөлімшелерін іскерлік серіктестік деңгейіне көтеру;
  • Ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтерді ҚазҰТЗУ стратегиясына сәйкес ұсыну және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуде бәсекелестер арасында ҚазҰТЗУ-дің басымдығын қамтамасыз ету;
  • Ақпараттық технологияларды, деректерді өңдеу жүйелерін, телекоммуникация мен байланыс құралдарын қолдану, сондай-ақ ҚазҰТЗУ-дың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай саясатты қалыптастыру және әзірлеу;
  • Бизнес-процестерді оңтайландырудың озық әдістерін қолдана отырып, заманауи технологиялық шешімдер негізінде ҚазҰТЗУ-дың басқару, академиялық және есеп қызметін автоматтандыру жүйесін (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) құру;
  • ҚазҰТЗУ-дың ақпараттық жүйесін өзгеріп отырған ішкі қажеттіліктерге сәйкес дамыту, соңғы жаңалықтардың технологиялық платформаларын енгізу;
  • Барлық ақпараттық жүйелердің, компьютерлік желінің, серверлік аппаратураның, халықаралық Интернет желісінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • ҚазҰТЗУ-дың компьютерлік құрал-жабдықтарына техникалық қолдау жасау, қызмет көрсету және оларды жөндеу;
  • ҚазҰТЗУ-дың баспалық құралдарына және көшірме құрал-жабдықтарына техникалық қолдау жасау, қызмет көрсету және оларды жөндеу;
  • Департаменттің нормативтік құжаттарының өзектілігін арттыру, бақылау және оларды әзірлеу;
  • ҚазҰТЗУ-дың желісіне Интернет қолданушылар арқылы түсетін ауыртпалықты бақылау және оны үлестіру.

 

Департамент қызметінің нормативтік негіздері

  • Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж.  №319–III ЗРК «Білім туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 18.11.2015 ж. № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 18.02.2011 ж. № 407-IV «Ғылым туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 11.07.1997 ж. № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 13.05.2003 ж. №415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 16.01.2001 ж. №142-II «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 31.10.2015 ж. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 30.08.1995 ж. Конституциясы;
  • Халықаралық сапа стандарттары ISO серия 9000;
  • Еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік туралы ережелер мен нормалар, санитарлық ережелер мен нормалар, өрт қауіпсіздігінің талаптары;
  • «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ның ҚР БжҒ министрінің бұйрығымен 16.10.2015 ж. бекітілген №602 Уставы;
  • «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ның Сапа жөніндегі басшылығы және Сапа саласы бойынша саясаты.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту