Ақпараттық технологиялар департаменті

Ақпараттық технологиялар департаменті университеттің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру және дамыту мақсатыда ұйымдастырылған.  

 

Ақпараттық технологиялар департаментінің негізгі міндеттері мен мақсаттары:

  • университетті ақпараттандырудағы стратегиялық бағдарламаларды жобалау және жүзеге асыру, бағдарламалық және техникалық компьютерлік құрылғылар мен желілерді сатып алу және қолданудағы бірыңғай техникалық саясат жүргізу;
  • университеттің "Политех" компьютерлік ақпараттық жүйесінің (ары қарай КАЖ "Политех") құрама жүйелерін құру, жетілдіру, қолданысқа енгізумен қоса, жергілікті және жалпы университеттік INTERNET-ке шығуымен компьютерлік желілерді және бірлескен, жергілікті және салалық ЭЕМ желілерін іске қосу (сонымен қатар ЖОО-мен, РҚ білім және ғылым министрлігімен, ҚазҰТЗУ-мен қарым-қатынастағы басқа да ұйымдармен);
  • университетті басқарудағы және оқу процессіндегі ақпараттық технологияларды жетілдіру және әрі қарай дамыту;
  • университетте ғылыми зерттеулерді және оқу процесін ақпараттандыру бойынша әдістемелік жұмыстарды басшылыққа алу және координациялау, классификаторларды және нормативтік-анықтамалық ақпараттарды бірегейлендіру, ақпараттандыру саласындағы жоғары оқу орнының және салалардың стандарттарын енгізу, институттық, институтаралық, кафедралық компьютерлік зертханаларда ДК техникалық және программалық қамтамаларын иемдену және қолдану;
  • РСМЖ сапа менеджмент жүйесі бойынша басшылығында баяндалған «Ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету (АТҚ)» процедурасын сапалы түрде орындалуын қаматасыз ету;
  • желілік құрылғылар, сканерлер, принтерлер, көшіру-көбейту аппараттар және т.с.с. ақпараттық-телекоммуникациялық құрылғыларды (АТҚ) техникалық және жүйелік қызмет көрсету;
  • университеттің бірыңғай компьютерлік желісін құру мақсатында жобалау-монтаждау жұмыстарын жүргізу.
Жоғары