Асқаров Ерлан Сейтқасымович

Асқаров Ерлан Сейтқасымович

Техникалық ғылымдар кандидаты

Доцент

Профессор

Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлау институты

Email: y.askarov@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Профессор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, PhD

Инженер-машина жасаушы, 38 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар оқытушы, өнертапқыш. Қазақстан өнеркәсібіне арналған жаңа машиналардың құрылымын ойлап табу бойынша  бірнеше ғылыми жобалардың қатысушысы. Көптеген ғылыми мақалалар мен 19 оқулықтың авторы. 56 өнертабыс патенті бар. Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінде іссапармен болған.  Satbayev University ректоры атынан 3 алғыс хат пен мақтау қағазын алған.

1. 11/1980 ж. бастап 8/1998 дейін ҚазПТИ (ҚазҰТУ)-да Ассистент, аға оқытушы, доцент

2. 8/1998 ж. бастап 8/2003 дейін «Қазақстан темір жолы» РМК, Ғылым және жаңа технологиялар департаменті, Алматы қ. Жобалық-эксперименттік орталығында Конструкторлық бюро басшысы

3. 8/2003 ж. бастап осы уақытқа дейін Satbayev University, доцент, профессор

Ғылыми жобалар

Ғылыми жобаларға қатысу (3 жыл ішінде):  2012-2014 жж. Ғылыми комитеттің № 2003 гранты бойынша «Бұрандалы механикалық престің өзіндік дизайнын жасау және сынау», ғылыми жобасының жетекшісі, 2013-2015 жж. Ғылым комитетінің гранты бойынша «Гранитті блоктар өндірісінде саңылаулармен жұмыс істеуге арналған қуатты термодинамикалық жұмыс органымен жаңа машина конструкциясын жасау»  жобасын орындаушы.

Жарияланымдар

1. Centrifugal-gyrational mill with no counterweight, Russian Engineering Research  № 3, 2013  (США), https://link.springer.com/article/10.3103/S1068798X13030040

2. Инновациялық менеджменттің қарапайым циклы, Қазақстан Өнеркәсібі №5, 2013ж.

3. Инновациялық менеджмент дегеніміз не және ондағы ғылыми жұмыстың рөлі , Халықаралық Форум «21 ғасырда Білім және Ғылым» ҚазҰТУ. 2014 3 том

4. Бекітілген композициялық тік осі бар жел электр станциясы, Қазақстан Өнеркәсібі, № 6, 2014

5. Ақпараттық ағымның бел ортасында, Ой, № 2, 2015, http://kazgazeta.kz/?p=25885

6. Жаңа бұрандалы механикалық пресс, Машина жасау хабаршысы, М. № 2, 2015, https://elibrary.ru/item.asp?id=24903294

Білім беру

Жоғарғы:

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты. Машина жасау технологиясы, металл кесетін аспаптар мен станоктар

Оқу бағдарламалары