Қозбағаров Рүстем Әшімұлы

Қозбағаров Рүстем Әшімұлы

Техникалық ғылымдар кандидаты

Доцент

Сениор-лектор

Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институты

Email: r.kozbagarov@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

«2018 ж  ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.

Бірқатар гранттық ғылыми жобаларды орындаушы. Оның тікелей қатысуымен экологиялық зиянды жүктерді тасымалдауға арналған құбырлы таспалы конвейер құрастырылды және жасалды (НИР №757 МОН.Г.Ф.15 РИПР.42). А также являюсь исполнителем образовательной программы Сондай-ақ ағылшын тілінде Transport, transport engineering and technologies (2018 ж.).

Өзінің педагогикалық және кәсіби қызметін 1993 жылдан 1996 жылға дейін Алматы теміржол көлігі техникумының лаборанты болып қызмет атқарды. 1997-1999 жылдары Алматы теміржол көлігі техникумының «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» циклында оқытушы болып қызмет атқарды. Техникумдағы жұмыс уақытында жол машиналарының зертханалық базасын әзірлеумен айналысты.

1999-2015 жылдары М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының кафедра доценті, автомеханика факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015-2019 жылдар аралығында доцент, қауымдастырылған профессор, ассистент-профессор лауазымдарын атқарды және қазіргі уақытта «Көлік техникасы» кафедрасының сениор-лекторы болып жұмыс атқаруда.

Қосымша ақпарат:

1. 2000-2001 ж.ж. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясындағы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі 05.05.04 – «Жол, құрылыс және көтеріп - тасымалдау машиналары» мамандығы бойынша ДО 14.11.01 диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы қызметін атқарды.

2. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясындағы 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ мүшесі.

3. M. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясындағы 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 6D090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану», 6D090900 – «Логистика» мамандықтары бойынша PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық Кеңестің мүшесі.

Ғылыми жобалар

Зерттеудің негізгі ғылыми бағыттары:

Машиналардың жұмысшы органдарының топырақпен өзара іс-қимылының технологиялық процесін жетілдіру. Жерді қазып тасымалдайтын машиналардың жұмыс жабдықтарын жаңғырту.

Сәтбаев Университетінде жұмыс істей отырып, Р. А. Қозбағаров гранттық ғылыми-зерттеу жобаларын өткізуге орындаушы ретінде белсенді қатысады. Келесі ғылыми-зерттеу жобаларына қатысты:

1. «Қазақстан Республикасында қалпына келтіру поездарының техникалық құралдарын тиеуді, бекітуді және тасымалдауды есептеу әдістемесі», 2014 ж.

     2. «Темір жол көлігі ұйымдарының рельс дәнекерлеу поездарында машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмысшылардың санын айқындау әдістемесі» 2014 ж;

       3. «Экологиялық зиянды жүктерді тасымалдауға арналған құбырлы таспалы конвейерді әзірлеу»; 2017 ж:

       4. «Көлік техникасының тозған пневматикалық шиналарын кәдеге жарату бойынша құрылғының оңтайлы параметрлерін орнату бойынша теориялық зерттеулер», 2017 ж.

Жарияланымдар

1. Zhussupov K.A., Kozbagarov R.A., Kunelbayev M.M., Yesengaliyeb M.H., Taran M.V. Comparative analisis of the main indicators yon-socioffective inertial rotary excavator. International Conference on Transportation and Civil Engineering (ICTCEI15). March 21-22, 2015 London (UK). pp 75-83;

2. Жусупов К.А., Козбагаров Р.А., Ускембаева Б.О. Сравнительный анализ основных показателей инерционного роторного экскаватора. Международный Научный Институт "Education". Ежемесячный научный журнал, Россия, г.Новосибирск, №4 (11)/2015 г., -С. 53-58. https://orcid.org/0000-0002-7258-0775;

3. R. Kozbagarov, T. Chigambaev, T. Agimov, A. Alimbetov, A. Zhauyt. Development of Technologies for Cooling Strips of Steel 60С2ХА on a Retractable Roller Conveyor. Journal of Engineering and Applied Sciences 14(16): pp 5840-5846. https://medwelljournals.com/abstract/?doi=jeasci.2019.5840.5846;

4. M.S. Kulgildinov, R.A. Kozbagarov,A.U. Dauletkulova, N.S. Kamzanov Improvement of parameters of road mills for repair works on elimination of ruts on road surfaces. The Scientific Journal of the Modern Education & Research Institute. The Kingdom of Belgium, №11/2019. On the results of the scientific  conference «Modernization of teaching profession: approaches, best practices, challenges». 27 march and 19 june 2019. 15 September 2019, Brussels, Belgium. PP 31-36;

5. Жусупов К.А., Козбагаров Р.А.  Инерциялы роторлы экскавациялық-тасымалдаушы машиналарды қолдану бағыттары және дамыту жолдары. 3rd International congress on social Sciences, china to adriatic.  October 27–30, 2016, Antalya/Turkey, Ergnoc ss book. pp 881–895.

Білім беру

1986–1993 жж. - Алматы теміржол көлігі инженерлері институты, механика факультеті, мамандығы -1504-Көтеріп-тасмалдау, құрылыс-жол машиналары мен жабдықтары. Біліктілігі-инженер-механик;

1993-1996 жж Алматы теміржол көлігі инженерлері институты, аспирантура;

1998 жылы 05.05.04 – «Жол және құрылыс машиналары» мамандығы бойынша «Кесу бұрышы өзгермелі бульдозердің негізгі параметрлерін негіздеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады;

2007 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен оған 05.05.00 – «Көлік, тау-кен және құрылыс машиналарын жасау» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

Оқу бағдарламалары