Мұрат Қанатұлы Сыздықов

Мұрат Қанатұлы Сыздықов

Техника ғылымдарының магистрі

Кафедра меңгерушісі

Қ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен ісі институты

Мұнай-газ ісі кафедрасы

Email: m.syzdykov@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

2016 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Мұнай инженериясы» кафедра меңгерушісі.

Маңызды жетістіктер:

● Chevron, Eni, Shell компанияларының қолдауымен және Colorado School of Mines академиялық серіктесімен мұнай-газ саласы үшін жоғары сапалы мамандар даярлау жөніндегі Дүниежүзілік Экономикалық Форумының Human Capital жобасын жүзеге асыру.

● Пенсильвания Штаты Университетімен бірлескен зерттеулер туралы келіссөздер жүргізу және ынтымақтасты нығайту нәтижесінде ҚР БҒМ 2018-2020 жылдарға жалпы сомасы 81 млн.теңге болатын үш өтінімі мақұлданды.

● Болашақ және халықаралық гранттар есебінен шетелде магистрлер мен PhD докторларын даярлауды бастау және қолдау (оқытушылар арасында - 6, бітірушілер арасында - 11).

● Ағылшын тілінде оқытатын «Мұнай Инженерия» білім беру бағдарламасын құру.

Міндеттері:

● Университеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарында жоғары жетістіктерге жетудегі көшбасшылық ету.

● Серіктестермен, университет әкімшілігімен әрдайым қарым-қатынас, 25-тен астам профессорлық-оқытушылар мен инженерлер құрамына жетекшілік ету.

● Құрамына Chevron, Eni, Shell, KMG Engineering, Baker Hughes, Schlumberger, TCO, NCOC, KazPetroDrilling және басқа да компания өкілдері кіретін Индустрия-Консультативтік Кеңес жұмысын үйлестіру.

● Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін іздеу және іріктеу, кері байланыс беру мен қызметкерлердің дамуын қамтамасыз ету.

● Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын салалық талаптарға, халықаралық стандарттарға, аккредиттеу агенттіктеріне және МЖОС талаптарына сәйкес әзірлеу.

Алдыңғы жұмыс тәжірибесі:

2015 жылдың тамызынан 2017 жылдың мамырына дейін Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Мұнай және газ инжинирингі» кафедрасының аға оқытушысы, "Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу", "Мұнай кен орындарын пайдалану", "Мұнай мен газды құбыр арқылы тасымалдау" пәндері бойынша оқу бағдарламасы құрылып оқытылды. 2014-15 жылдары Назарбаев Университетінің Химиялық технологиялар кафедрасында ассистент-оқытушы болып жұмыс істеді. «Жылу және масса алмасу» және «Электрохимия және коррозиядан қорғау» пәндері бойынша зертханалық сабақтарда студенттерді басқарды. Профессор С.Спотарьмен кеуекті ортада газдың таралуы тақырыбында ғылыми жұмыс орындады.

Колорадо тау-кен мектебінде оқып жүрген кезінде «Мұнай кенорындарын игеру», «Өнімді қабаттың параметрлерін бағалау», «Тау жыныстарының қасиеттері» сияқты пәндер бойынша ассистент ретінде жұмыс істеді, студенттердің жұмысын, зертханалық сабақтардың сапалы өтуін және жабдықтардың жұмыс істеуін қадағалады. Сонымен қатар, профессор Тод Хоффманмен магистрлік диссертация тақырыбы аясында зерттеу жұмыстарын орындады.

https://www.linkedin.com/in/murat-syzdykov-17989529/

Ғылыми жобалар

Ғылыми бағыттар:

Мұнайбергіштікті арттыру; композициялық модельдеу; тау жыныстарының қасиеттері және ұңғымаларды геофизикалық зерттеу және интерпретация.

Жоғары инженерлік білім; ұйымдар мен ұйымдағы мінез-құлық.

Жобаны басқару; өзгерістерді басқару.

Жарияланымдар

Syzdykov, M., & Ozkan, E. (2019). Industry-University Collaboration to Develop Sustainable Petroleum Engineering Program and Meet the Industry Needs in Kazakhstan. In SPE Annual Technical Conference and Exhibition. Society of Petroleum Engineers. https://doi.org/10.2118/195903-MS

Syzdykov, M. (2014). Evaluating gas injection performance in very low permeability, thick carbonate gas-condensate reservoirs to improve ultimate liquid yield (Dissertation, Colorado School of Mines. Arthur Lakes Library). http://hdl.handle.net/11124/459

Білімі

Сәтбаев Университеті, Алматы, Қазақстан - 2017-2020

"Жобаларды басқару" PhD кандидаты

Тақырып: Қорлардың сенімділігін модельдеу мен саралау және сенімділіктің жоба мерзіміне, шығынына және орындалуына әсері

Colorado School of Mines, АҚШ - 2012-2014

"Petroleum Engineering" магистр дәрежесі

Тақырып: Evaluating Gas Injection Performance in Very Low Permeability, Thick Carbonate Gas-Condensate Reservoirs to Improve Ultimate Liquid Yield

Сәтбаев Университеті, Алматы, Қазақстан - 2006-2010

"Мұнай-газ ісі" бакалавр дәрежесі 

Тема: Қарашығанақ кенорнында сайклинг үрдісінің жұмысын талдау және оның негізгі параметрлерін жобалау