Сатыбалды Айтолқын Сатыбалдықызы

Сатыбалды Айтолқын Сатыбалдықызы

Техника және технологиялар магистрі

Директордың орынбасары

Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты

Инженерлік жүйелер және желілер кафедрасы

Email: a.satybaldy@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты, «Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасының тьюторы, техника және технология магистрі. 21.05.2018 жылғы № 1001 келісімге сәйкес «Қостанай қаласында экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ағынды суларды тазартудың инновациялық технологиясын зерттеу және жасау» № 4.012.18  мердігерлік ғылыми жобаның инженері, (2018-2020 ж.ж.).

Біліктілігі – 2 жылдық еңбек өтілі бар инженер, тьютор.

Өзінің еңбек жолын 2017 жылы «Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасында инженер болып бастады. 2019 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев университетінің Сәулет және құрылыс институтының «Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасының тьюторы болып істейді. 2020 жылдың қаңтарынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.

Ғылыми жобалар

Негізгі ғылыми зерттеу бағыттары:

«Инженерлік жүйелердегі BIM технологиясын» зерттеу сұрақтары.

Сәтбаев университетінде жұмыс істей жүріп Сатыбалды A.С. мердігерлік ғылыми жобаларда инженер ретінде белсенді қызмет атқарады:

21.05.2018 жылғы № 1001 келісімге сәйкес «Қостанай қаласында экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ағынды суларды тазартудың инновациялық технологиясын зерттеу және жасау» № 4.012.18  мердігерлік ғылыми жоба, (2018-2020 ж.ж.).

Жарияланымдар

1. Сатыбалды А.С., Умбетова Ш.М. «ЖЭО-ның қоршаған ортаға зиянды әсерін және оны азайту жолдарын кешенді талдау», «КАХАК» ғылыми-техникалық қоғамының еңбектері -2017 № 4 (59) .- 66-71 б.

2. Сатыбалды А.С., Умбетова Ш.М. «Қазандық агрегаттардың сұйық қабатында көмірді жағу технологиясының даму ерекшеліктерін талдау»,  «КАХАК» ғылыми-техникалық қоғамының еңбектері -2017 № 4 (59) .- 60-65 б.

Білім беру

2012-2016 ж.ж. – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу универсиеті, 5В072900 – «Құрылыс» мамандығы.

2016-2018 ж.ж. - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу универсиеті, 6М072900 – «Құрылыс» мамандығы «Инженерлік жүйелер және желілер» мамандандыруы.

2018-2019 ж.ж. - Satbayev University, 6М072900 – «Құрылыс» мамандығы «Инженерлік жүйелер және желілер» мамандандыруы (ғылыми және педагогикалық қызметі бойынша курс).

Оқу бағдарламалары