Суранчина Айнұр Жұманқызы

Суранчина Айнұр Жұманқызы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Директордың орынбасары

А. Машани атындағы базалық білім беру институты

Email: a.suranchina@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Суранчина Айнұр Жұманқызы, кәсіби педагогикалық тәжірибесін 2008-2009 оқу жылынан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы педагогикалық колледжде ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған. 2009-2016 жылдар аралығында  Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ аударма және филология факультетінде жай оқытушыдан аға оқытушыға дейінгі қызметтерді атқарды. 2012-2013 оқу жылында аударма және филология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2016-2017 оқу жылынан қазіргі күнге дейін Сәтбаев университетінде ағылшын тілі кафедрасы лекторы және 2019 жылдың қараша айынан бастап Базалық Білім Беру институты директорының орынбасары қызметтерін атқаруда.    2018--2019 жж. - "Болашақ" Халықаралық стипендиясының иегері. 

Жарияланымдар

1) Basic English (a coursebook for the 1st-year students of university Translation Departments), УДК 811.111(075.8) ББК 81.2 Я73 S 94 (соавторлар: Читебаева С.Ж., Оразова А.А.) (оқулық).

2) «Content and language integrated learning model of future specialist», 11th International Scientific and Practical Conference «Science and Society», © SCIEURO, London, the UK, 24-30 August 2017 (соавторлар: Сайымкулова Ш., Чакликова A.).

3) Mizamkhan, B., Kulmakhanova, N.M., Saimkulova, S.O., Aқysh, N., Suranchina, A., Dzhusakinova, S.K. Discourse issues in modern translation science research (2017) Man in India, 97 (21), pp. 691-696.

Білім беру

1) 2004-2008жж. - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, "Шетел тілі: екі шетел тілі" - мамандығы, біліктілігі - ағылшын және жапон тілдері мұғалімі.

2) 2008-2010жж. - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, "Аударма ісі" - мамандығы, академиялық дәрежесі - аударма ісі магистрі.

3) 2018-2019жж. - Бристоль университеті, білім беру бағдарламасы - білім беру саласындағы басқару.