Бизнес бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың қызметтері

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті»

 

Ұжымдық пайдалануға арналған Ақпараттық және космостық технологиялардың ұлттық ғылыми зертханасы

Көрсететін қызмет түрлері:

  • Есептеу кластерінің бір торабының уақытын жалға беру;
  • Зертханадағы бір жеке компьютер уақытын жалға беру;
  • Есептеу кластерінің бір торабына немесе серверге қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді (кез келген түрін) орнату;
  • Есептеу кластеріндегі дискілік кеңістіктің 1 Терабайтын жалға беру;
  • Зертхананың интернет-трафигін жалға беру;
  • 3D баспа;
  • Прототипирование;
  • 3D ролик;
  • 3D тур;
  • Интерьер дизайны.

Материалдық-техникалық база / қызмет көрсету инфрақұрылымы:

Ең жоғары өнімділігі 80 TFLOPS болатын есептеу кластері.

Байланыс: тел. 255-83-57, 255-83-94.

 

Инженерлік бағыт зертханасы

Көрсететін қызмет түрлері:

  • Микрокристаллдардың құрамына, құрылысы мен әртүрлі бейімділігіне, үлгілердің бетіне микро- және наноморфологиялық талдау жасау, үлгіде фазалардың бөлінуін зерттеу,  нүктелерге сызық бойынша және көлемі бойынша да растрлық электрондық микроскоппен (РЭМ) Jeol JSM-6490 LA сапалық және сандық элементтік талдау жасау;
  • Материалдардың фазалық құрамына сапалы талдау жасау, фазалар құрылысына сандық рентгендік талдау жасау, фазаның айналымдарын зерттеу, рентгендік X, Pert MPD PRO (PANalytical).дифрактометрде ультрамайда түйіршекті, наноқұрылымды және аморфты материалдарды құрастыру.  

Материалдық-техникалық база / қызмет көрсету инфрақұрылымы:

  • Растрлық электрондық микроскоп (РЭМ) Jeol JSM-6490 LA;
  • Рентгендік дифрактометр X, Pert MPD PRO (PANalytical).

 

«Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» АҚ-ы

Ғылыми-технологиялық және оқыту орталығы, ол экономиканы келешегі зор қызмет бағытындағы жоғары сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті ғылыми-инновациялық жаңалықтармен қамтамасыз ету үшін ашылған. Холдинг көмірсутегі мен тау-кен-металлургиялық секторларға және солармен байланысты сервистік салаларға арналған технологияларды жасайды және оларды өндіріске енгізеді; кен және техногендік шикізатты байыту, оларды металлургиялық қайта өңдеуден өткізу салалары, металл, қорытпа және композициялық материалдар өндірісі бойынша жобалар жүргізеді; күн және су энергетикасы саласы бойынша зерттеулер жүргізіп, мультимедиалық білім беру өнімдерін өңдеумен айналысады.

Орталық 2008 жылы 3 шілдеде ашылған. Холдинг құрамында ірі-ірі 12 ұйым бар, олардың әрқайсысы ғылым мен өндіріс саласында кең қызмет атқарады. Холдинг Сәтбаев университеті құрамына 2014 жылы 19 желтоқсанда кірді.

Көрсететін қызмет түрлері:

  • Кәсіпорындарға технологиялық аудит жүргізуді ұйымдастыру;
  • Жобаларға ғылыми-техникалық экспертиза жасау және оны ұйымдастыру;
  • Нарық бойынша маркетингтік зерттеу жүргізу;
  • Ғылыми жобаларды іздестіру және таңдап алу;
  • Жобаларды коммерциялау стратегиясын ойластыру;
  • Жобаларды коммерциялау ісін жүзеге асыруға қолдау көрсету;
  • Оқу тренингтері мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Зияткерлік меншікті қорғау;
  • Инвестициялар мен серіктестерді іздеп табу және өзіне баулу;
  • Жобаларды коммерциялау және оларды басқару жөніндегі ішкі реттемелеуші құжаттарды (бизнес-процесстер) ойластыру.

Материалдық-техникалық база / қызмет көрсету инфрақұрылымы:

  • Органикалық және органикалық емес қосылыстардың күрделі көпкомпонентті қоспаларын талдауға арналған құрал-жабдықтар (QM1.5 Jl бір фазалы, көмірлі газ генераторы (газификатор), 2 ДТП модульді хроматографиялық кешен «Кристаллолюкс-4000М», хроматографиялық газ кешені «Хромос ГХ-1000», «Хромос ЖХ-301» және т.б.);
  • Биотехнология саласындағы аналитикалық жұмыстарға арналған құрал-жабдықтар  (жұмыс көлемі 100 литрден кем емес ферментер, SMX1501 модельді суыту жүйесі бар шейкер-инкубатор ISF1-X, микроорганизмдерді кептіруге арналған өнеркәсіптік кептіргіш – модель Lyobeta 35, суды залалсыздандыруға арналған құрал, су температурасын реттеуге арналған құрал, суды оттегімен қанықтыруға арналған жүйе және т.б.);
  • Жарықдиодты өнімдерді сынақтан өткізуге арналған құрал-жабдықтар (әмбебап климаттық камера, интеграциялау саласы, гониофотометр LED 626, жарықдиодты жиынның спектрорадиометрлік жүйесі HEO–200, біріктірілген люксметр-пульсметр және т.б.);
  • Асфальт бетоны мен жол тегістеу қоспаларын сынақтан өткізуге арналған құрал-жабдықтар (зертханалық діріл алаңы, дуктилометр, ротациялық вискозиметр, дифференциалды термоанализ бен термогравиметрлік анализге арналған дериватограф, зертханалық қол баспақ, динамикалық өзгерістерді өлшеуге арналған реометр және т.б.);
  • Көп салада қолдануға арналған зертханалық құралдар (су моншасы, аналитикалық таразы, ротациялық бу шығарғыш, жетекті араластырғыш, кептіргіш шкаф және т.б.).

Жауапты орындаушы:

Байланыс: 8 (7172) 95-43-43 ішкі. 1028, 8 (7172) 95-43-43 ішкі. 1017.

 

«Металлургия және байыту институты» АҚ-ы

Әлемдік деңгейдегі ірі ғылыми-зерттеу институты, ол минералды шикізатты байыту, металлургия және материалтану саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, жаңа технологиялар енгізуді жүзеге асырады. Минералды шикізатты байыту, металлургия және материалтану саласы бойынша теориялық негіздерді дамытумен және оларды республика өнеркәсібінің тау-кен-металлургия саласына арналған бәсекеге қабілетті технологиялар базасында өңдеп шығарумен айналысады. Институттың металлургиялық ғылымдар мен практикаларды дамыту бойынша жеткен жетістіктері өте жоғары бағаланып, шетелдерде өткен (АҚШ, Канада, Швейцария, Германия, Англия, ҚХР, Испания, Корея, Бельгия, Чехословакия, Жапония, Венгрия, Югославия, Түркия, Ресей) симпозиумдар мен конференцияларда құрметке ие болды.

Көрсетілетін қызметтер:

  • Материалтану, металлургия және пайдалы қазбаларды байыту саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер;
  • Минералдық шикізатты байыту, металлургия және материалтану саласында жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;
  • Материалтану, кен байыту және металлургия өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар мен жабдықтарды пайдалану;
  • Ғылым мен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
  • Кен байыту, кен және техногендік шикізатты металлургиялық қайта өңдеу, металдар, қорытпалар және композициялық материалдар өндірісі саласындағы әртүрлі ғылыми-техникалық міндеттерді шешу;
  • Қажетті құзыреттіліктерге ие ғылыми кадрларды мақсатты даярлауды жүзеге асырады;
  • Зерттеуден бастап ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізуге дейінгі толық ғылыми-инновациялық циклді іске асыру.

Материалдық-техникалық база / қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым:

  • Аса таза материалдар мен ауыр матрицасы бар концентрацияланған ерітінділерді талдауға арналған жабдықтар;
  • Заттардың фазалық құрамын талдауға арналған жабдықтар;
  • Материалдарды механикалық сынау жабдықтары;
  • Микрозондты, минералогиялық және металлографикалық талдауға арналған жабдықтар;
  • Заттарды термиялық талдауға арналған жабдықтар;
  • Материалдарды әртүрлі дисперсияға дейін ұсақтауға арналған жабдықтар;
  • Химиялық талдау жүргізу үшін материалдарды ыдыратуға арналған жабдықтар;
  • Шайырға құю арқылы материалдардың шлифтерін дайындауға арналған жабдықтар;
  • Механикалық сынақтарға арналған металдар мен қорытпалардан сынамаларды алуға арналған жабдықтар;
  • Ұнтақтардан жасалған таблеткаларды престеуге және металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтар;
  • Әртүрлі металдар мен қорытпалардың жұқа қабықтарын бүркуге арналған жабдықтар;
  • Иондық тазарту және магнетронды тозаңдату қондырғысына арналған жабдықтар;
  • Металдар мен қорытпаларды балқытуға және құюға, әртүрлі орталарда және вакуумда металл мен металл емес материалдарды термиялық өңдеуге арналған пеш жабдығы;
  • Құм ағынды өңдеуге арналған жабдықтар, аргонды-доғалы және нүктелі дәнекерлеу, түйіршектеу;
  • 3D-басып шығару фотополимер шайыр.

Байланыс телефондары:

Ғылыми-техникалық жобаларды басқару бөлімінің басшысы –  Балтабекова Ж.А., тел. +7 (727) 298-45-55, е-mail: zh.baltabekova@satbayev.university

Зияткерлік меншік және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы – Касымова Г.К., тел. +7 (727) 298-45-24, е-mail: zhaina.kassym@gmail.com 

Ұжымдық пайдаланатын ұлттық зертхананың меңгерушісі, т.ғ.к. –   Паничкин А.В., тел. +7 (727) 298-45-67, е-mail: abpanichkin@mail.ru

Ауыр түсті металдар пирометаллургиясы зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д. Квятковский С.А., тел. +7 (727) 298-45-33, е-mail:  kvyatkovskiy55@mail.ru

Б.Бейсембаев атындағы гидрометаллургия арнайы әдістері зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к.– Койжанова А.К., тел. +7 (727) 298-45-30, е-mail: aigul_koizhan@mail.ru 

Флотореагенттер және кен байыту зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д, доцент – Тусупбаев Н.К., тел. +7 (727) 298-45-25, е-mail: nesipbay@mail.ru

Глинозем және алюминий зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. –  Абдулвалиев Р.А., тел. +7 (727) 298-45-31, е-mail: rin-abd@mail.ru

Вакуумдық процестер зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. – Ниценко А.В., тел. +7 (727) 298-45-37, е-mail: nitc@inbox.ru  

Сирек шашыраңқы элементтер зертханасының меңгерушісі, PhD –  Буленбаев М.Ж., тел. +7 (727) 298-45-26, е-mail: mbulenbaev@mail.ru

Титан және сирек баяу балқитын металдар зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к.– Ультаракова А.А., тел. +7 (727) 298-45-38, е-mail: ult.alma@mail.ru 

Металтану зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к.– Мамаева А.А., тел. +7 (727) 298-45-41, е-mail: ak78@mail.ru 

Талдаудың физикалық әдістері зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. – Рузахунова Г.С., тел. +7 (727) 298-45-44, е-mail: galiya_suleymen@mail.ru

Химия-талдау зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к.– Беркинбаева А.Н., тел. +7 (727) 298-45-52,  е-mail: ainur_kbk@mail.ru

 

«Физико-техникалық институт» ЖШС-і

«Физико-техникалық институт» – материалтану, жоғары энергия және космос сәулелері физикасы саласы бойынша Қазақстандағы жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі. Институтта іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті заманауи ғылыми-технологиялық және аналитикалық құрылымдардың барлығы да жеткілікті, ол бірнеше инновациялық жобаларды жүзеге асырады. Қазақстанда ғылымды қажет ететін инновациялық өндіріс орындарын ашу мен оларды дамыту үшін бұл жобалар нәтижелерінің маңызы өте зор. Институтта жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелері шетелдік ғалымдар арасында жоғары құрметке ие болып, АҚШ-та, Евроодақ елдері мен Жапонияның жетекші ғылыми басылымдарында жарық көрді.

Көрсететін қызмет түрлері:

  1. Жазықтық бетінің морфологиясын АСМ әдісі бойынша өлшеу. Жоғары шешімді материалдың үшөлшемді кескіндемесі (баспахана) мен өзіне тән қасиетін алу;
  2. Жұқа қабықшалы құрылымдардың оптикалық параметрлері мен әртүрлі материалдар (металл, диэлектрик, жартылай өткізгіш және т.б.) бетінің оптикалық тұрақты шамаларының спектралды тәуелділігін өлшеу;
  3. Инфрақызыл пештердің төсемдерін қыздырып босаңдату;
  4. Менделеев таблицасындағы элементтердің көпшілігіне ICP–спектрометрия әдісімен талдау жасау;
  5. Әртүрлі төсемдерді лазермен кесу (Si, Si/SiO2, кварц, металл (0,3 мм-ге дейін) және т.б.);
  6. Жұқа қабықшаларды импульстік лазерлік тұндыру әдісі бойынша жалату;
  7. Әртүрлі материалдардың жұқа қабықшаларын магнетрондық тозаңдату (DC және RF) әдісі бойынша жалату;
  8. Балқу температурасы 3500°С дейін жететін әртүрлі металдардың (оның ішінде баяу балқитын металдар да бар), қорытпалардың, жартылай өткізгіштік қосылыстар мен диэлектриктердің жұқа қабықшаларын жалату;
  9. Үлгілерді ЭПР әдісі бойынша зерттеу. Микроқосылғыштардан торға қарай біркелкі пішінде өтетін қоспалы иондарды анықтау. Осы ион кристалы жөнінде толық ақпарат алу: валенттілік, координация, локалды симметрия, электрондардың будандасуы. Бұл әдіс әртүрлі құрамды кристаллдар аймағындағы парамагниттік орталықтар концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді;
  10. Күн элементтерін жасау;
  11. Күн модульдерін жинақтау;
  12. Байланыс сеткасын жалату, кремний пластинкаларын өңдеу және текстурасын сипаттау;
  13. Күн элементтерінің сипаттамаларын өлшеу;
  14. Эллипсометрия әдісі бойынша қабыршақтар қалыңдығын өлшеу;
  15. Металл оксидтерінің жұқа қабыршақтарын центрфугалау – spin coating, батыру – deep coating және тозаңдату – sprey piroliz әдісі бойынша жасау;
  16. Ерітінділер мен мөлдір төсемдердегі қабыршақтардың өткізгіштік спекрін өлшеу;
  17. Қабыршақтар мен қатты жүйелердің этанол буына газдық сезімталдығын өлшеу;
  18. Мөлдір үлгілердің үстіңгі қабаттары құрылымдарының кескіндерін алу;
  19. Қатты құрылымдарды рентгенқұрылымдығы бойынша талдау;
  20. Дыбысы қатты спектр дабылын бөліп алу (сызба түрінде) – патенттелген әдіс;
  21. Барлық жарықшам түрлерінің электр және техникалық сипаттамаларына сынақ жүргізу;
  22. SMD-компоненттерін баспа платтары үшін біржақты монтаждау (плат көлемі: ені – 30 см дейін, ұзындығы – 120 см дейін);
  23. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, Америкалық азаматтық зерттеулер және даму қоры, Европалық материалдар зерттеу қоғамы, CERN, DEZY және басқа да бағыттар бойынша бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
  24. ТМД елдері студенттерін ғылыми-өндірістік практикадан өткізу;
  25.  Төмендегі салалар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу:
  • – конденсатты жағдайдағы физика және материалтану физикасы, оның ішінде космостық материалтану бар;
  • – жұқа қабыршақтар мен аз көлемді жүйелердің физикасы мен химиясы;
  • нанотехнология саласы бойынша, оның ішінде сутегі технологиясы мен жаңартылған энергия көздерінің нанотехнологиялары бар;
  • – ғылыми аспаптар жасау саласы, оның ішінде жер қыртысы жағдайына жуық арада болжам жасау үшін мониторинг жүргізу әдістерін жасау;
  • – жоғары энергия және космостық сәулелер физикасы.  

Материалдық-техникалық база / қызмет көрсету инфрақұрылымы:

  • Сканерге арналған зондты микроскоп «JEOL» JSPM-5200;
  • Эллипсометр спектралды «Эллипс-1891»;
  • Импульсті босаңдату (900 °C дейін, ramp rate: 150 °C/сек) құрылғысы;
  • Атомдық-эмиссиялық спектрометр Optima 2000 DV «Perkin Elmer»;
  • Лазерлі кескіш BXM-50 (1064 нм, 50 Вт, 0,03 мм, 250*250 мм) құрылғысы;
  • Лазерлі абляция «PVD products» PLD – 2000 MBE құрылғысы;
  • Магнетрондық қос тозаңдатқыш Torr Lab (DC, RF) құрылғысы;
  • Электронды-сәулелік булағыш k. H. Frederick co.;
  • Электронды парамагниттік резонанс спектрометрі «JEOL»; JES-FA200;
  • Күн модульдерін жинақтайтын құрылғы;
  • Күн элементтерінің кванттық тиімділігін өлшейтін құрылғы;
  • ВАХ және кванттық тиімділікті анықтайтын құрылғы;
  • Зарядтың негізгі емес тасушыларының өмірін өлшейтін құрылғы;
  • Спектрофотометр СФ-256 УВИ (190 – 1200 нм) және СФ-256 (1100 –2500 нм);
  • Рентгендік дифрактометр ДРОН-6;
  • Муфельді пеш SNOL 6.7/1300, Литвада шығарылған;
  • Спектроскопиядағы дабыл/шуыл қатынасын үлкейту әдістері // Алдын ала алынған патент № 12779;
  • Оптикалық микроскоп МПЭ-11;
  • Жылу көрсеткіш (Инфрақызыл камера SAT-G96P);
  • Әмбебап гониофотометр, қуат өлшейтін жоғары дәлдікті сандық өлшеуіш;
  • Микроспектрометр МS-20B, жарықдиодты жиынтықтарды талдауға арналған термо спектрорадиометрикалық жүйе HEO-200, жоғары қуатты жарықдиодтардың температурасын бақылаушы ТС-100;
  • SMD монтаж бағыты: әртүрлі жағдайда қолданылатын жарықдиодты жарықшамдар жүйесін жасау және аздап өндіру жөніндегі технологиялық бағыт.

Жауапты орындаушы:

Серікканов Абай Серікканович – ф.-м.ғ.к., Институт директоры, +7 (777) 342 8448 a.serikkanov@gmail.com

 

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты» ЖШС-і

Қазақстандағы жетекші геологиялық ғылыми-зерттеу орталығы, мұнда жоғары білікті кәсіби мамандар қызмет етеді. Институтта аймақтық геология, стратиграфия, минералогия, қатты, сұйық және газ тәрізді жүйелердің геохимиясы саласы бойынша кеңінен зерттеу жүргізу үшін, пайдалы қазбалар кен орындары мен мұнай геологиясын зерттеу үшін заманауи тәжірибелік-аналитикалық кешен орнатылған. Институт халықаралық геологиялық форумдар мен конференцияларға, стратиграфия және карбон геологиясы, палеонтология, геохимия жөніндегі комиссияларға белсене қатысады. Институт жанында ЮНЕСКО-ның Халықаралық геологиялық корреляция жөніндегі комитеті жұмыс жасайды. Сондай-ақ институт алыс және жақын шетелдердің (Ресей, ҚХР, Сербия, Германия, АҚШ, Англия, Жапония, Түркия, Бельгия) кәсіпорындары және компанияларымен бірлесе отырып, ғылыми бағдарламалар мен жобалар бойынша терең ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Институт Қаныш Имантаевич Сәтбаевтың қолдауымен 1940 жылы ашылған.

Көрсетілетін қызмет түрлері:

  • Аналитикалық жұмыстар:
  • Сынама дайындау;
  • Ажарлау, аншлифтер, жылтыратылған жасанды брикеттер, штуфты үлгілер жасау;
  • Ажарлау және аншлифтерді суретке түсіру;
  • Үлгінің петрографиялық және минераграфиялық сипаттамасы;
  • Гравитациялық-магниттік сынамаларды бөлу;
  • Бейорганикалық заттардың тығыздығын анықтау;
  • Рентгенофазалық талдау (сынамалардың минералдық құрамын анықтау), жартылай сандық әдіс;
  • Минералдардың, металдар мен қорытпалардың және олардың қосындыларының рентгендік спектрлік микроанализі;
  • Сканерлейтін электронды микроскопия;
  • Электронды-графикалық талдау;
  • Термиялық талдау;
  • Жартылай сандық атомдық-эмиссиялық спектральды талдау;
  • Химиялық талдау;
  • Химиялық талдау бойынша есепті құрастыру және рәсімдеу.

Материалдық-техникалық база / қызметтер көрсетуге арналған инфрақұрылым:

  • Поляризациялық микроскоп Leica DM 2500P жиынтықта өтетін жарықтың зертханалық микроскопы (Жарық өрісі):
  • PrimoStar 2011 ж., Primo Star 2012 ж. микроскобы, Зертханалық центрифугалар, SNOL Электр пеші (муфель), Вибростенд СВУ-2 базасындағы сынамаларды ұнтақтау Кipor KGE 6500 электр станциясы;
  • ICE 3500 Атомдық-абсорбциялық спектрометр жиынтықта:
  • Аса таза су өндіруге арналған "Водолей" аспабы, VRA 30Рентген. спектр-р, X-Supreme 8000 (исп.XSP-Minerals) Рентген-флуоресценттік энергия-дисперсиялық спектрометр (2), ПЭ-5400ВИ Спектрофотометр, (Муфель)SNOL7.2/1300(A417-124-600*1018) электр пеші, (Муфель) SNOL 7.2/1300 (А417-124-600 х 1018) электр пеші, Leica DM 2500P поляризациялық микроскоп жиынтықта – 2 дана, ДЛЩ 80*150 жақтаулы ұсатқыш, Ұсақтау-қысқарту агрегаты, Діріл ұсақтағыш, МТ 500 петрографиялық кесу станогы, МТ60 петрографиялық кесу станогы, LS2 петрографиялық ажарлау-жылтырату станогы.

Байланыс телефондары:

Физикалық және химиялық зерттеу әдістері зертханасының меңгерушісі - Тогаева Бахыт Боранкуловна

Тел.: 87771825567

Минералогия зертханасының меңгерушісі- Бекенова Галия Кабешовна

Тел.: 291-40-44, 87017272073

Ғалым хатшы - Нусупова Анаркуль Байгабыловна

Тел.: 87172914371

87073648990

е-mail: us.ign_satpaeva@mail.ru  

 

«У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС-і  

Гидрогеология, геоэкология және су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу бойынша  Қазақстан Республикасындағы жалғыз ғылыми ұйым. Институт жерасты суларын зерттеу мен орналастырудың әртүрлі әдістері, жерасты суларының ресурстарын анықтау, оларды бағалаудың жаңа әдістері, гидрогеологиялық стратификация мен карталауды судың химиялық құрамын зерттеудің жаңа заманауи әдістерін қолдана отырып жүргізу саласы бойынша заңдылықтар қалыптастыру жөнінде ірі-ірі іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Институттың зерттеулері бүкіл әлемге кеңінен танымал. Институт 1965 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының гидрогеология және инженерлік геология бөлімі негізінде құрылды.

Көрсетілетін қызметтер:

Жер асты суларының пайдалану қорларын бағалау және қайта бағалау, оларды ұтымды пайдалану негіздемесі, соның ішінде:

1. Термалды, емдік-минералдық және өнеркәсіптік сулардың, сондай-ақ шаруашылық-ауыз су, өндірістік-техникалық және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау үшін жерасты суларының кенорындарын барлауға, қайта бағалауға, жете барлауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау;       

2. Математикалық модельдеу әдісін қолдана отырып (қажет болған жағдайда) шаруашылық-ауыз су, өндірістік-техникалық және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, термалдық, емдік-минералдық және өнеркәсіптік сулар үшін жерасты суларының кенорындарын барлау, қайта бағалау, жете барлау жөніндегі жұмыстарды; гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау жөніндегі (қажет болған жағдайда бұрғылау жұмыстарын тәжірибелі мердігерлік ұйымдар жүргізеді) жұмыстарды жүргізу;

3. Жер асты сулары қорларын бағалау және көші-қон процестері міндеттерін шешу үшін гидрогеологиялық объектілерді компьютерлік модельдеу, техногендік процестердің жер асты суларына теріс әсерін болжау (су тұтқыш жиектердің сарқылуы және ластануы, қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутектер кенорындарын игеру, құрғату іс-шаралары), жер асты суларының техногендік объектілерге әсерін бағалау әдістерін қолдану;

4. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, зерттеулер жүргізуге арналған қызметтер;

5. Ғарыш түсірілімдерін өңдеу бойынша қызметтер көрсету;

6. Инженерлік-геологиялық және геоэкологиялық ізденістер;

7. Жер асты суларын пайдалану жобаларын жасау;

8. Гидрогеология, инженерлік геология және геоэкология саласындағы консалтингтік, ақпараттық, инжинирингтік, маркетингтік қызметтер, жобаларды мемлекеттік органдарда келісу және сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны ресімдеу, бұрғылау және тәжірибелік жұмыстарды сүйемелдеу;

9. Жерасты сулары мониторингінің бағдарламаларын әзірлеу және жерасты суларының жай-күйіне мониторингтік жұмыстар жүргізу;

10. Су шаруашылығы кешені кәсіпорындарының ғылыми-техникалық және инженерлік міндеттерін шешу үшін деректер банкін қалыптастыру;

11. Жерасты дренаждық суларын, оның ішінде өндірістік-техникалық, өнеркәсіптік және айналымдық сумен жабдықтау үшін бағалауға, қайта бағалауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу; қатты, кең таралған, көмірсутекті пайдалы қазбалардың кенорындарында арнайы гидрогеологиялық зерттеулер;

12. Жерасты дренаждық суларының қорларын бағалау, қайта бағалау, оның ішінде өндірістік-техникалық, өнеркәсіптік және айналымдық сумен жабдықтау үшін; қатты, кең таралған, көмірсутекті пайдалы қазбалардың кен орындарында гидрогеологиялық зерттеулер;

13. Ауыз суды, минералды суды (жасанды минералдандырылған, ыдысқа құйылған), жерүсті суын, сарқынды суды, топырақты, түптік шөгінділерді химиялық талдау.

Материалдық-техникалық база / қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым:

  • Атомдық-абсорбциялық спектрофотометр Agilent AA140, Австралия зав. № АА 1105M093, мыс, қорғасын, мырыш, кадмий, стронций, хром және басқа да улы элементтердің массалық концентрациясы;
  • Фотоэлектроколориметр КФК-2, ЗОМЗ, Ресей нитраттардың, нитриттердің, аммонийдің жаппай щоғырлануы, өткізу коэффициенттерін өлшеу диапазоны 5% Т-дан 100% Т-ға дейін;
  • Жалынды фотометр PFP 7 «Jenway Limited», Ұлыбритания;
  • Сұйық анализатор Флюорат-02-3М ООО «ЛЮМЭКС-маркетинг», Ресей, мұнай өнімдерінің, фенолдың массалық шоғырлануы;
  • Квадрупольдік масс-анализаторы бар газды хромато-масс-спектрометр;
  • AR5120, «OHAUS», "Adventurer» зертханалық электрондық таразылар, АҚШ;
  • Спектрометр ICPE-9820;
  • Капель-105М;
  • Seven Compact S220-Kit зертханалық иономер;
  • Seven Compact S230-Kit зертханалық кондуктометр;
  • 500 м2 детекторы бар УМФ-2000 шағын белсенділігін өлшеуге арналған Альфа-бета радиометр;
  • 1000 м2 детекторы бар шағын әрекеттерді өлшеуге арналған Альфа-бета радиометр;
  • "SpDec" спектрометриялық бағдарламалық жасақтамасы бар жиынтық; радиациялық бақылау әдістемелерінің жиынтығы;
  • USB кілті бар AquaChem бағдарламалық жасақтамасы;
  • УАЗ-390995, 27.05.2015, Ю-0124146 шассиіндегі каротаж станциясы;
  • Server Intel 2xQuad Core E5506 2.13 Ghz, 2011;
  • Георадар ОКО-2;
  • Далалық жабдықтар;
  • GPSMAP62S GPS-навигаторы;
  • Электр өлшегіш, Манометрлер, Термометрлер.

Байланыс телефондары:

Институт директоры - Абсаметов Малис Кудысович  

Директордың ғылым жөніндегі орынбасары - Муртазин Еремек Жамшитович, тел.: +7 727 291 46 86, e-mail: igg.info@mail.ru

Инновациялар жөніндегі кеңестің жауапты хатшысы - Сапаргалиев Данияр Серикович, тел.: 8707 204 30 68, e-mail: rgzgroup1@gmail.com

Сайт: www.hydrogeology.kz

 

«Сандық техника және технологиялар институты» АҚ

Өндірісті автоматтандыру, big data және машиналы интеллект жөніндегі Қазақстандағы жетекші ұйым. ІТ және 3D-технологиялар саласы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, өнеркәсіпті автоматтандыру, цифрландыру және аспап жасау саласы бойынша инновациялық технологиялар өндіріп, оны өндіріске енгізумен айналысады. Институт құрамында Автоматтандыру орталығы, Тәжірибелік-конструкторлық бюро және Суперкомпьютерде модельдеу зертханасы бар, бұлар өте кең көлемді мәліметтерді өңдеуге, бағдарламамен қамтамасыз етуді өңдеу мен жобалау жұмыстарына қызмет көрсетеді. Институт ұжымы ТМД аймағындағы ауқымды өндірістерге арналған бизнес-үрдістерді интеграциялық жоспарлау жүйесінің жалғыз авторы болып саналады.

 

Көрсететін қызмет түрлері:

Өнеркәсіпті автоматтандыру қызметтері:

  1. АСУТП жүйесін жобалау;
  2. Дисперчерлік орталықтарды, өндірісті басқару орталықтарын, MES, РІ жүйелерін жобалау;
  3. Сандық ұқсастықты жобалау;
  4. Интеллектуалды сандық кен орындары;
  5. Өнеркәсіп орындарына арналған диспетчерлік және баланс қалыптастыру жөніндегі қызметтер.

ТОРО бөлімінде өндірісті басқару жөніндегі қызметтер:

  1. Өнеркәсіпті автоматтандыру жүйелерін өндіру және өндіріске енгізу (ЦУП, АСДЦ, ЦД және т.б. жасалған өнімдердің авторлық куәлігі бар);
  2. Энергетика.

Цифрландыру қызметтері:

  1. SMART CITY шешімдері. Өнеркәсіпті автоматтандыру қызметтері;
  2. Тақталар мен бұйымдарды жобалау және түптұлғасын жасау;
  3. Айына 1920–2000 дана тақта жасап шығару;
  4. Бұйымдарды техникалық жоба бойынша жасап шығару (тапсырыс бойынша);
  5. Оқыту.

Машиналық жобалау және талдау:

  1. Предикаттық сараптама;
  2. Ауқымды деректерге математикалық талдау жасау;
  3. Нейрондық желілер және оларды өнеркәсіпте, банк, корпоративті секторларда, медицина мен Smart City жүйесінде қолдану;
  4. Сандық ұқсастықтар;
  5. Мінездік талдау негізінде интеллектуалды болжам жасау • Фото және бейнежазба ағымдарын интеллектуалды түрде өңдеу;
  6. Ауқымды деректерді нейрондық өңдеуден өткізу;  
  7. Ауқымды деректерде болатын ауытқуларды талдау негізінде шешім қабылдау және қолдау көрсету жүйелері;
  8. Деректерді есептеу үшін және графикалық өңдеуден өткізу үшін суперкомпьютерді ұжымдық қолданысқа беру;
  9. Институттың деректер жобаларын талдау және модельдеу.

Материалдық-техникалық база / қызмет көрсету инфрақұрылымы:

  • Сервер;
  • Қуаты 60 TFLOPS болатын есептеу компьютері;
  • Ең жоғары өнімділігі 60 TFLOPS болатын есептеу кластері;
  • Ең жоғары өнімділігі 7.87 TFLOPS болатын графикалық сервер;
  • Деректерді сақтау жүйесі – 22 TB.

Жауапты орындаушы:

"ЦТТИ" АҚ Басқарма Төрағасы Наурызбаев Ержан Ермекұлы.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту