Амитова Айгүл Амантаевна
Ph.D. докторы
Кафедра меңгерушісі
Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасы
Email: a.amitova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Химик, органикалық заттар мен полимерлер технологиясы
Еңбек жолын 2014 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰУ «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, оқытушысы болып бастады. 2019 жылдан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін еңбек жолын С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің инженерлік пәндер кафедрасында жалғастырды. Хацетеппе университетінде тағылымдамадан өтті. Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік өнеркәсібі университетінде «Мұнай химиясы және мұнай және газ өңдеу» бағдарламасы бойынша және Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінде мұнай және газ басқармасының «Мұнай мен газды өңдеудегі инновациялық әдістер мен технологиялар біліктілікті арттырудан өтті. «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да «Тиісті клиникалық тәжірибе: ICH GCP жалпы принциптері. Тиісті фармакологиялық қадағалау тәжірибесі (GVP)» бағдарламасы бойынша фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласында, Білім берудегі менеджмент: білім беру бағдарламасының өмірлік циклін басқару» EXELLENT білім беру орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Мұнай және газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі, Республиканың 2030 жылға дейінмұнай-химия өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша жол картасын бекіту жұмысына қатысты.. «Полимер бұйымдарын өндірудің заманауи аспектілері» оқу мультимедиялық компьютерлік бағдарламасы негізінде 17 ғылыми жұмыс, 1 бірлескен авторлық электронды оқулық жарық көрді.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Химиялық процестер және химиялық материалдар өндірісі (8D07108 – «Жаңа органикалық және полимерлік материалдарды синтездеу және алудың негізгі процестері» және 8D07109 – «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» оқу бағдарламалары бойынша) мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы.
Ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты.
Білімі
2001-2005 - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия факультеті, Химиялық физика және ЖМҚ химиясы кафедрасы, Химия бакалавры
2005-2007 - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия факультеті, Химиялық физика және ЖМҚ химиясы кафедрасы, Химия магистрі
2008-2010 - Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Экономика факультеті, Экономика және бизнес бакалавры
2010-2013 - Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Геология және мұнай-газ ісі институты, Мұнай және газды химиялық өңдеу кафедрасы, PhD философия докторы
Ғылыми жобалар
1. «Алкид-уретанды лак және оның негізіндегі бояулар өндірісі», «Держава» химиялық өнімдердің ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бірлескен жобасы, 2017 ж.
2. ҒЗТКЖ «Топырақ құнарлығын арттыру үшін қоңыр және тас көмір негізінде кешенді гумусты препаратты алуды әзірлеу» «Самұрық-Қазына Өндеу» ЖШС 2023-2024, жетекші.
4. PCP BR21882248 «GMP стандарттары бойынша түпнұсқа отандық дәрілік заттарды әзірлеу және өндіруді ұйымдастыру», аға ғылыми қызметкер.
Жарияланымдар
1. Grigoriy Mun , Gulzhakhan Yeligbayeva Ulantay Nakan, Aigul Amitova Ibragim Suleimenov,September 2021. Some peculiarities of the kinetics of interaction of cationic hydrogels based on copolymers of vinyl esters of monoethanolamine and ethylene glycol with copper ions Periodicals of Engineering and Natural Sciences Vol. 9, No. 4, pp.291-304 291-304
2. U. Nakan, R. K.Rahmetullaeva, G. A. Mun, G.Zh. Yeligbaeva, E. M. Shaihutdinov, El-Sayed Negim A.A. Amitova. Synthesis of water soluble copolymers and their interpolymer complexes with poly(acrlic acide) Journal of Chemical technology and metallurgy, 53, 1, 2018 83-87
3. Effect of electric field on complex formation of polyacrylic acid hydrogel and linear copolymers of 2- hydroxyethylacrylate and methylacrylate Irmukhametova, G.S., Yeligbayeva, G.Z., ...Yermukhambetova, B.B., Mun, G.A. World Applied Sciences Journal, 2013, 26(3), pp. 389–392
4. Prospects of using waves of Suleimenov-Mun in green energetics. Panchenko, S.V., Obuhova, P.V., Chezhimbaeva, K.S., Negim, E.M., Dolayev, М.World Applied Sciences Journal, 2013, 22(10), pp. 1460–1464
5. Mineral Additives Based on Industrial Waste for Modifications of Bitumen Polymers.
6. Selection of an Effective Activating Agent for Coke Production Waste
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|