Машина жасау кафедрасы

Энергетика және машина жасау институты заман талабына сай өнеркәсіп салалары үшін мамандар даярлайды, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті құрамында жарты ғасырлық ғылыми-педагогикалық тәжірибе жинақтаған.

Ол В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты құрамында 1977 жылы ұйымдастырылған машина жасау факультетінің негізінде ұйымдастырылды.

1959 жылы "Машина жасау технологиясы" кафедрасы ашылды, ал 1961 жылы Қазақстанда тұңғыш рет "Машина жасау технологиясы, металл кескіш білдектер мен құрал-жабдықтар" мамандығына студенттер қабылданды.

М.Қ. Құрманғалиевтің   ұйымдастырушылық таланты мен жоғары кәсібилігінің арқасында Машина жасау факультетінің бірінші деканы, ҚазҰТУ-дың Құрметті профессоры болды. Ауыр машина жасау зауыты кадрлар даярлауға, білдектер, құралдар және басқа да аспаптармен жабдықтауға, сондай-ақ ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және оны қаржыландыруға үлкен көмек көрсетті.

Кафедраны әр кезеңдерде техника ғылымдарының докторы, профессор М.Р.Түсіпбеков, техника ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Нұржанов, техника ғылымдарының докторы, профессор С. Н. Игнатов, техника ғылымдарының докторы, профессор Т. М. Мендебаевтар басқарды.

Сырттай және кешкі бөлімде оқитын инженер-механиктердің алғашқы түлектері 1967 жылы оқу бітірді. Сол жылы 112 адам диплом алды. Бұдан кейінгі жылдары кафедрада күндізгі, кешкі және сырттай оқу бөлімдерінде 12000-нан астам инженерлер даярланды.

1981 жылы "Білдек жасау және автоматтандыру" кафедрасы, ал 1990 жылы "Конструкторлық материалдар мен құю өндірісі технологиясы" кафедрасы дербес кафедра ретінде бөлініп шықты.

1995 жылдан бастап кафедраны Халықаралық ғылым мен жоғарғы мектеп академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Мендебаев басқарды. Профессор Т. М. Мендебаев оқу үдерісін мемлекеттік тілде жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлді. 1986 жылдан бастап ол қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік басылымдар шығарумен үздіксіз айналысып келеді, оның ішінде орыс тілінде басқа авторлармен  бірлесе отырып жазған 1 электрондық оқулығы, мемлекеттік тілдегі 6 оқу құралы, 2 оқулығы және 1 монографиясы жарық көрді. Қазақстанда бірінші болып мемлекеттік тілде "Машина жасау технологиясы" курсы бойынша оқу құралдары мен оқулық жасады. 2001 жылы профессорлар М.Р. Түсіпбеков пен Т. М. Меңдебаев Машина жасау бойынша техникалық сөздік құрғаны үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

2022 жылдан бастап "Машина жасау" кафедрасын қауымдастырылған профессор Е.З.Нұғман басқарады, 2021 жылы жаңадан құрылған "Машина жасау, стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасын қауымдастырылған профессор М.Е.Исаметова басқарып келді. Қазіргі таңда кафедрада доцент, профессор, М.Ф.Керимжанова, қауымдастырылған профессорлар Е.З.Нұғман, Г.А.Смаилова, А.Б.Әлімбетов және А.Е.Удербаева.

 2023 жылдың қаңтарында кафедрамыздың аға оқытушысы Ж.Н.Абілқайыр,  оқытушы Б.А.Бекбосынова және осы жылдың қараша айын да оқытушы Б.Б.Базарбай PhD философия докторы дәрежесін алды. 2023 жылы оқытушы Ғ.С.Әбілезова Англияның Лестер қаласында, De Montfort University қаласында "500 ғалым" бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтті, қараша айында PhD философия докторы дәрежесін алды. Қауымдастырылған профессор А.Қ.Мұстафа Дрезден техникалық университетінде "БОЛАШАҚ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедра оқу және ғылыми жұмыстар саласы бойынша Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарымен – ШҚТУ (Өскемен қаласы), Шәкәрім атындағы «Семей» мемлекеттік университеті, Есенов атындағы Ақтау университеті, ҚарМТУ (Қарағанды қаласы); ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен – И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетімен, Н.Э.Бауман атындағы ММТУ, "Станкин" ММТУ, Стамбул техникалық университеті және т. б.

Осы жылдар ішінде кафедрада техника ғылымдарының докторы, профессор В.В.Поветкин жұмыс істеді, оның жетекшілігімен машиналар мен жабдықтардың сенімділігін, өнімділігін, конструктивтік және технологиялық параметрлерін арттыру бойынша бірқатар ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылды.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Машеков С.А. «Материалдарды қысыммен өңдеу» саласындағы ғылыми мектепті басқарды. Профессор, С.А.Машековтың шәкірті ҚР ҰҒА-ның академиялық-мүшесі т.ғ.д. Б.Н.Абсадықовтың ғылыми жетекшілігімен "Жоғары сапалы бұйымның аддитивті технологиясын дайындауға арналған бағдарламалық басқарумен газдинамикалық қондырғысы бар нығыздағыш құрылғының және камераның жаңа конструкциясын әзірлеу" ғылыми-зерттеу жобасы 2022 жылдың желтоқсанында аяқталды.

Доцент, профессор М.Е.Исаметованың ғылыми жетекшілігімен келесі ғылыми жобалар жүзеге асырылды: "Жоғары өнімділік көрсеткіштері бар орталықтан тепкіш сорғының дизайнын жобалау", " Қазақстанда өндірілетін орталықтан тепкіш сорғылардың энергия тиімділігі мен сенімділік көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз етудің инновациялық технологияларын әзірлеу".

Кафедра жыл сайын гранттық қаржыландыруға, ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруға қатысуға өтінім береді.

https://official.satbayev.university/ru/industrial-engineering/mcmstmp/nauchnye-proekty-mashinostroeniya

Оқу-өндірістік база

Исаметова М.Е. кафедрада MSC Software компаниясымен бірлесе отырып, ТМД-дағы алғашқы «Технологиялық жабдықтарды цифрлық жобалау зертханасы» құзыреттілік Орталығы құрылды. Орталық заманауи 3D принтерлермен және 3D сканерлермен жабдықталған.

Технологиялық жабдықты цифрлық жобалау, дизайн  және конструкциялау, металл өңдеу жабдықтары, CNC станоктары, метрология зертханасы, машиналар мен жаңа материалдарды өңдеу технологиялары зертханасы жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстар кафедраның эксперименттік учаскесінде жүргізіледі.

industry@satbayev.university

Білім беру бағдарламалары
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту