«Химиялық Процестер және Өнеркәсіптік Экология» Кафедрасы

Кубекова Шолпан Накишбековна

Химиялық Процестер және Өнеркәсіптік Экология (ХПжӨЭ) кафедрасының меңгерушісі

Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Қорқыт-ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Химия және биология» мамандығы бойынша үздік бітірді.

1997 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады. Әр жылдары ҒТЖ: № 723 УГМ.09 «Көмірсутек және тау-кен металлургия саласы және оларға байланысты сервистік салаға арналған жаңа технологиялар» 3.1.2 бөлім "Түсті және асыл металдардың тотыққан және қиыстырылған кендерін байыту процестеріне арналған жаңа флотореагенттер мен флокулянттар синтезі»; 749.БҒМ БМҚ 12.1 «Түсті металлургияның қалдықтары мен жартылай өнімдерінен металл сурьма мен оның қосылыстарын алудың жоғары тиімді экологиялық таза жаңа технологиясын әзірлеу" жобаларына қатысты.

2015-2017 жылдары № 757.БҒМ.ГҚ.15.ТРҰП.43 «Қазақстанның түсті метал кен қалдықтарынан силикофосфатты сорбциялық материалдар алу технологиясын жасау» ҒЗЖ-ның жетекшісі болды.

Қазіргі кезде № BR05236302 БМҚ «Өнеркәсіп өндірісінің тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін жаңа материалдар мен технологияларды құру саласындағы химиялық кластердің инновацияларын ғылыми-техникалық негіздеу» (2018-2020 жж.) жобасының бас ғылыми қызметкері.

Хирша индексі (h-indexS copus) 3-ке тең; Scopus, Web of Science деректер базасына кіретін әртүрлі халықаралық конференцияларда 80-нен астам ғылыми мақалалар мен баяндама тезистері, 2 оқу құралы, 2 патент және оқу процесіне ғылыми нәтижелерді енгізудің 3 актісі жарияланды.

Химиялық технология мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі.

2019-шы жылы «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-ға 85 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

Шолпан Накишбековна басқарып отырған «Химиялық Процестер және Өнеркәсіптік Экология» кафедрасы 2020-шы жылы маусымда ХжБТ институтының «Химиялық және Биохимиялық инженерия» кафедрасын қайта құру нәтижесінде құрылды.

Бұл кафедраны қайта  құру қажеттілігі, қазіргі өнеркәсіп дамыған қоғам жағдайындағы табиғи байлықты тиімді пайдалану проблемалары, инновациялық технологиялық процестер мен қалдықсыз немесе аз қалдықты өндірістердің құрылуы және олардың әлемдік дамуы, экологиялық таза техносфера құру өзектілігіне негізделген. Сонымен қатар, әлемдік техносфераның қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты пробемалардың бірі болып саналады, яғни, адамзатты және қоршаған ортаны адамзаттың өзінен де және олардың техногенді іс-әрекеттерінен де қорғау жәйлі сөз болады.

Тек қана жоғары техника-экономикалық емес, сонымен қатар экологиялық көрсеткіштерге ие, жаңа химиялық процестер мен технологияларды жүзеге асыруда кездесетін кез келген проблеманы шешуге қабілетті, ұлттық заңнамалар мен нормативтерді, сонымен қатар халықаралық стандарттарды сақтай отырып, процестермен өндірісті жүзеге асыратын, тұрақты даму мен экологиялық мониторинг әдістерін қоса алғанда, қоршаған орта сапасын бақылауда ұстайтын жоғары білікті мамандар қазіргі уақыттың басты  талабы болуда.

«Химиялық Процесстер және Өнеркәсіптік Экология» кафедрасы, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Қолданбалы химия», «Қолданбалы экология», «Тіршілік қауыпсіздігі» сияқты  кафедралардың заңды жалғасы болып табылады.

Студенттерді оқытудың жоғары стандарттарын білікті профессор-оқытушылар құрам мен үлкен  ғылыми-педогогикалық тәжірибелі көмекші персоналдар жүзеге асырады.

ХПжӨЭ кафедрасының құрамына 2 химия ғылымдарының докторы, 1 техника ғылымдарының докторы, 1 биология ғылымдарының докторы, 2 PhD докторы, 1 DBI докторы, 6 техника ғылымдарының кандидаты, 3 химия ғылымдарының кандидаты, 4 ғылым магистрі кіреді.

ХПжӨЭ кафедрасында PhD, қауымдастырылған профессор Азат Сейтхан (h-index Scopus 4) қызмет атқарады.

Азат Сейтхан – 2019-жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», 2017 және 2019-жылдарғы «Үздік жас ғалым» атағының иегері, «Valorization of biomass waste into high efficient materials for CBRN protection» (2019-2021 ж.) НАТО жобасының бірлескен-жетекшісі, «Суды тазарту үшін жаңа жоғары тиімді сорбенттер мен сүзгілерді әзірлеу және өндіру» коммерциализациялау жобасының (2017-2019 ж.) жауапты атқарушысы, 4 патент, 2 ағылшын тіліндегі монография, 1 springer басылымындағы монография және 30 дан аса Thomson Reuters және Scopus (Q1, Q2) мәліметтер базасында индекстелетін жетекші журналдарда жарияланған ғылыми мақаланың авторы.

Профессор, б.ғ.д. Еликбаев Б.К. – 2016-шы жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, ҚР-ның екі министрлігінің (Қоршаған ортаны қорғау (2005) және Ауыл-шаруашылық (2015)) құрмет грамотасымен және «Зор еңбегі үшін» (2015) төсбелгісімен марапатталған.

Осы 2020-2021 акедемиялық жылында ХПжӨЭ кафедрасында ҚР ҒЖБМ ғылыми гранттарының иегерлері:

- химия ғылымдарының докторы, ХПжӨЭ кафедрасының профессоры Искакова Т.К. «Аридті климаттық аймақтар үшін жаңа биополимерлік ылғал сорғыштарды пайдалана отырып, инновациялық су үнемдеуші технологияларды өңдеу» (2020-2021 ж.);

- Биология ғылымдарының докторы, ХПжӨЭ кафедрасының профессоры Еликбаев Б.К. «Алматы қаласының ауыр металдармен ластанған топырағының фиторемедиациясы үшін өсімдіктер – гипераккумуляторлардың ғылыми негізді сұрыптамасын жасау» (2020-2021 ж.).

Кафедра негізгі пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін де, магистрлік және докторлық диссертацияларды орындау үшін де жеткілікті материалдық-техникалық базамен қамтылған. Зертханалар Jenway 6300 сфектрофотометрі, КФК-3 фотоколориметрі, ВЛА-200 аналитикалық таразы, Shimadzu IR-Fourier спектрометрі, титраторлар, экстракторлар және де басқа қондырғылармен жабдықталған.

Кафедра студенттері үшінші курстан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, соның ішінде келісім шарт негізіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. СҒЗЖ нәтижелері әртүрлі ғылыми-практикалық конференцияларда, оның ішінде халықаралық конференцияларда жарияланады, сонымен қатар студенттердің ең үздік жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің конкурстарына қатысады. М.Әуезов атындағы ОҚМУ өткізілген Республикалық дипломдық жұмыстар / жобалар мен магистрлік диссертациялар байқауында Ж.Р. Мадиярбек диссертациялық жұмысы III дәрежелі дипломымен марапатталды. 6M072000-БЗХТ мамандығы бойынша (Шымкент, Наурыз 31, 2017).

2019 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауында («Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмыстарына арналған республикалық байқау») 5В072000 - БЗХТ мамандығы бойынша екі ғылыми жұмыс (Қалуова А.Б., Отарова В.Ә., Джиеналиев Қ.Д. және Алтынбасова К., Козловская Е.) алған екінші орындары үшін II дәрежелі дипломдармен марапатталды (Нұр-Сұлтан, 2019) https: //satbayev.university/ru/news/itogi-respublikanskogo-konkursa-nirs.

2019 жылы 5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттері (Алтынбасова К., Козловская Е., Отарова В.) «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының 5В072000 – БЗХТ мамандығы бойынша» олимпиадасында 3-шы орын алды https://satbayev.university/ru/news/rezultaty-olimpiady-po-spetsialnosti-khimicheskaya-tekhnologiya-neorganicheskikh-veshchestv.

ХПжӨЭ кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарында: ЖШС «Қазфосфат», «Қазазот», «Қазферроболат», «Қазақмыс», «Қазатомөнеркәсіп»; ҒЗИ: АҚ «А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдарының институты», АҚ «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты»»; жақын шетелдегі кәсіпорындарда: АҚ «Орынбор минералдары» (Ресей) практикалық тағылымдамадан өтеді.

ХПжӨЭ кафедрасының студенттерінің көпшілігі университетті бітіргеннен кейін біздің серіктестеріміздің кәсіпорындарында жұмыс істейді, бұл кафедраның білім беру бағдарламаларының білім беру, ғылым және өндіріс үштігін тамаша ұштасқандығын және оның түлектеріне деген сұранысын көрсетеді.

Олардың арасында: техника ғылымдарының магистрі, «ПрогрессКазИнжиниринг» ЖШС техникалық директорының орынбасары, сервистік қызметтің бастығы – Шагамбаев Думан; техника ғылымдарының магистрі – ААҚ «Орынбор минералдары» инновациялық жобаларды мониторингтеу және дамыту департаментінің жобалау офисінің директоры Каиржанов Абай; «ҚР энергетика министрлігі, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің жетекшісі – Сактаганов Марат; «Ренессанс плюс» ЖШС директоры, «Қазақстан экологиялық аудиторлар палатасы» қауымдастығы Алматы қаласы мен Алматы облысындағы өкілдігінің директоры – Тазабеков Асет.

«Химиялық Процесстер және Өнеркәсіптік Экология» Кафедрасы төмендегі оқыту бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды:

- ББТ В060 – «Химиялық инженерия және процестер» (бакалавриат): ББ 6В07110 – «Химиялық және биохимиялық инженерия», «6В07116 – Негізгі өндірістер технологиясы және жаңа материалдар» және В051 «Қоршаған орта»: 6В05102 – «Химиялық және биохимиялық инженерия», «6В05103 – Инженерлік экология»;

- ББТ М087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы: 7M05202 – Биоэкологиялық инженерия (магистратура);

- ББТ М097 – «Химиялық инжерения және процестер»: ББ 7М07110 – Химиялық процестер және химиялық материалдар өндірісі (магистратура);

- ББТ D087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы: ББ 8D05201 –«Биоэкологиялық инженерия» (докторантура);

- ББТ D097 – Химиялық инженерия және процестер: ББ 8D07109 –«Инновациялық технология және жаңа бейорганикалық материалдар» (Докторантура).

 

Байланыстар

Кубекова Шолпан Накишбековна

Кафедра меңгерушісі

БОҒ 1003

+7-727-292-7094

s.kubekova@satbayev.university



«Химиялық Процестер және Өнеркәсіптік Экология» Кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту