Жобаларды басқару институты
Тарихы
1966 ж. ҚазПТИ-де Инженерлі-экономикалық факультет (ИЭФ) құрылды.
ИЭФ-тің бірінші деканы т.ғ.к., доцент Шокобаев Т. Ж. болды.
1972 ж. ИЭФ өнеркәсіптік өндіріс пен құрылысты ұйымдастырушыларды дайындау бойынша факультет болып қайта құрылды (ӨӨҚҰФ).
1991 ж. ӨӨҚҰФ негізінде Менеджмент және бизнес факультеті құрылды.
1993 ж. Менеджмент және бизнес факультеті Экономика және басқару факультеті болып өзгертілді.
2000 ж. Экономика және басқару факультеті Инженерлі-экономикалық институт болып қайта құрылды.
2002 ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өз құрамымен Инженерлі-экономикалық институт негізінде Экологиялық-экономикалық институт болып ұйымдастырылды. Институт директоры т.ғ.д., профессор, Халықаралық инженерлік академия мен ҚР Инженерлік академиясының академигі Мырзахметов М.М. болды.
2006 ж. Экологиялық-экономикалық институт екі институтқа бөлінді, оның бірі Экономика және бизнес институты (ЭжБИ) болды. Институтты т.ғ.д., профессор, ҚРЖМ ҰҒА мен ЖМХҒА академигі Досхожаев Д.Т. басқарды.
2008 ж. ЭжБИ-н PhD докторы Айсаутов А.М. басқарды.
2009 ж. ЭжБИ-н э.ғ.д., профессор Макыш С.Б. басқарды.
2010 ж. ЭжБИ-н э.ғ.к., доцент Мананов Б.Б. басқарды.
2011 ж. ЭжБИ-н э.ғ.д., профессор Абдыгаппарова С.Б. басқарды.
Экономика саласында мамандар дайындауға айрықша үлес қосқандар:
- ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор, ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Туркебаев Э.А.;
- э.ғ.д., профессор, ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Мильграм М.Г.;
- э.ғ.д., профессор, ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Тлеулиев Т.А.;
- т.ғ.к., профессор Шокабаев Т.Ж.;
- э.ғ.к., доцент Тулемисова С.М.;
- т.ғ.к., доцент Қойшыбаев Б.А.;
- доцент Илюсизов Н.К.;
- т.ғ.д., профессор Құлжабай Н.М.;
- Байтокаев К.Ш.
Институттың ғалымдары экономиканың әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең бағдарламасын орындайды, экономика, басқару, маркетинг, қаржыландыру, индустрияландыру мен инновациялық даму мәселелері бойынша әртүрлі мемлекеттік органдарға, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға және бизнес-құрылымдарға ғылыми кеңес беру бойынша жұмыстарға белсене атсалысады, заңдамалық, нормативтік-техникалық және әдістемелік актілер мен құжаттарды құруға қатысады.
Институт өзінің 40 жылдан астам тарихы кезеңінде елдің ірі мемлекеттік және қоғамдық қызметінің, өнеркәсіптік өндірістің озық ғалымдарының, талантты ұйымдастырушыларының тұтастай үздік тобын шығаратын оқу орны болды. Институт түлектері Қазақстан экономикасының дамуына салмақты үлес қосқан және әлі жалғасуда. Олар бизнес пен мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында өз міндеттерін кәсіптілікпен атқарып келеді.
Бүгін де Экономика және бизнес Институты – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дің ел өнеркәсібі мен банктік саласына арналған экономистерді дайындайтын озық оқу және ғылыми бөлімі.
Экономика және бизнес Институты шетел мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарымен екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша бірлесе қызмет атқарады:
- МИРБИС Мәскеу халықаралық бизнес жоғары мектебі;
- Новосібір Мемлекеттік техникалық университеті;
- Томск политехникалық университетінің ұлттық зерттеу орталығы;
- Graduate School of Management in Barselona;
- University of Paris;
- Szent Ist Van University HunGary;
- The American University GAU;
- Кипрдегі Америка университі(The American University GAN).
Түлектер осы бірегей бағдарлама бойынша бітірген соң 2 диплом алады: ҚазҰТЗУ дипломы және серіктестік жоғары оқу орнының дипломы.
Институтта білім беру үш деңгейлі жүйе бойынша жүргізіледі: Бакалавриат, Магистратура, Докторантура (PhD), Іскерлік әкімшілік ету (МВА).
Түлектерді дайындау күндізгі және қашықтан оқыту түрі бойынша мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Телефон 8 (727) 320 40 48.
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру