Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Директорлар кеңесі

Kobenova

Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы

(12.05.1978 ж. Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі
Жалғыз акционердің өкілі
(Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет 2025 жылғы 11 шілдеде Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 349 бұйрық арқылы сайланған, 2025 жылғы 30 қазанда Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 504 бұйрық арқылы қайта сайланған, қазіргі құрам)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі

Білімі:

  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті;
  • Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек қызметін 1998 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасында оқытушы болып бастаған
  • 2002–2009 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтер атқарған
  • 2009–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде сарапшы, ақпарат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған
  • 2010–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған
  • 2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары
  • 2019 жылдың қаңтарынан бастап, қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Канцеляриясында сектор меңгерушісі және инспектор лауазымдарын атқарған
  • 2019 жылғы қыркүйектен бастап, 2020 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасы
  • 2020–2022 жылдары Қазақстан Республикасы БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы
  • 2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы
  • 2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрағасы
Adilbekov

Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы

(19.02.1973 ж. Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі
Құрылтайшы Өкілі
(Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет 2025 жылдың 11 шілдесінде Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 349 бұйрық арқылы сайланды, 2025 жылғы 30 қазанда Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 504 бұйрық арқылы қайта сайланды, қазіргі құрам)
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары

Білімі:

  • 1994 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы
  • 2004 ж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1994 жылы Шымкент облысындағы «Победа» мақта совхозында бастаған
  • 1995–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған
  • 2014–2020 жылдары – Астана қаласындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да әртүрлі қызметтерде жұмыс істеген
  • 2020–2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық меншіктегі объектілерді сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы
  • 2022–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы
  • 2001 ж. – «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды
  • 2016 ж. – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды
  • 2020 ж. – «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды
  • 2021 ж. – «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды
  • 2021 ж. – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылғанына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды
  • 2023 ж. – Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды
Rector

Бегентаев Мейрам Мұхаметрахимұлы

(01.05.1974, Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі
(Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет 2021 жылғы 9 шілдеде Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 328 бұйрық арқылы сайланған, 2025 жылғы 30 қазанда Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 504 бұйрық арқылы қайта сайланған, қазіргі құрам)
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры

Білімі:

  • Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы «Инженер-механик» (1996);
  • Павлодар университеті, мамандығы «Құқықтану» (1999).

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Экономика ғылымдарының докторы

Еңбек өтілі:

  • Павлодар мемлекеттік университеті студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы (1994–1999)
  • Павлодар университеті Мәдениет академиясының директоры (1999)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының зерттеуші-стажері, оқытушысы (1999–2001)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қоғамдық бірлестіктер институтының директоры (2001–2002)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер басқармасының басшысы (2003)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры (2002–2003)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Әкімшілік департаментінің директоры (2003)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры (2004–2008)
  • Павлодар қалалық мәслихатының III–IV шақырылым депутаты, Павлодар қалалық мәслихатының әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (2003–2009)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры (2008–2010)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры (2010–2012)
  • Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары міндетін атқарушы (2011–2012)
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, «Волонтерлік қызмет туралы» Заңның бастамашысы және авторы (2012–2016)
  • Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2016–2019)
  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры (2018)
  • «Торайғыров университеті» КеАҚ-ның Басқарма төрағасы – Ректоры (2019–04.2021)
  • «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның Басқарма төрағасы – Ректоры (2021 жылғы мамырдан бері)
Jumagulov

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы

(18.08.1953, Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор
(Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет 2021 жылдың 4 наурызында Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 93 бұйрық арқылы сайланды, 2025 жылғы 30 қазанда Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 504 бұйрық арқылы қайта сайланды, қазіргі құрам)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

Білімі:

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы «Қолданбалы математика» (1974–1979);
  • «Әділет» жоғары құқық мектебі, мамандығы «Құқықтану» (1999).

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Халықаралық инженерлік академияның академигі.

Еңбек өтілі:

  • ВЛКСМ комитетінің хатшысы, ассистент, аға инженер, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті партия комитетінің хатшысы (1979–1991)
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Президенті (1991–2001)
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (2001–2005)
  • Республикалық саяси Еңбек партиясының төрағасы (1997–2002), кейін ол РПП «Отан» құрамына енгенге дейін
  • РПП «Отан» төрағасының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы (2005)
  • «Нур-Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (2007)
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (2008–2010)
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі (22.09.2010, 04.2011–09.2013 аралығында қайта тағайындалды)
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Президенті (2014–2017)
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017 жылғы шілдеден бастап), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі (2017 жылғы қыркүйектен бастап)

Басқа лауазымдары:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының орындалуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы (2018 ж. мамырдан бастап)
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі (20.09.2019 бастап)

Сайланбалы лауазымдары, депутаттығы:

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-шақырылым депутаттығына кандидат (1994)
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II шақырылым депутаттығына кандидат (1999)
  • «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаттығына кандидат (12.07.2007)
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты (27.08.2007–28.04.2008)
  • «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының жетекшісі (01.09.2007–11.02.2008)
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары (02.09.2007–28.04.2008)
CHerkashin

Черкашин Денис Петрович

Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор
(Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет 2025 жылғы 30 қазанда Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 504 бұйрық арқылы сайланған, қазіргі құрам)
ЧК Future Engineering Laboratory Ltd. Директоры

Білімі:

  • «Тұран» университеті (2005) – құқық бакалавры;
  • «М.Тынышбаев атындағы Қазақстан көлік және коммуникациялар академиясы» (2011) – тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану саласы бойынша бакалавр;
  • «Қазақ темір жол университеті» (2011) – экономика және бизнес магистрі.

Еңбек өтілі:

  • ЧК Future Engineering Laboratory Ltd директоры (2024 ж. бастап, қазірге дейін)
  • «Innovative Transportation Mission» ЖШС негізін қалаушы және оны дамыту директоры (2018–2020)
  • «Metrology service group» ЖШС дамыту директоры (2017–2018)
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өндіріс жөніндегі директоры (2017)
  • ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (Астана қ.) жанындағы «Қазақстан метрология институты» РМК-нің бас директорының орынбасары (2013–2017)
  • «Zenit-Mercury» ЖШС директорының орынбасары (2011–2013)
  • «ҚазТемірТранс» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті (2009–2011 ж.)
  • «ТрансКарго Инт.» ЖШС Президенті (2007–2009)
  • «Petroleum Invest Corp» ЖШС-нің вице-президенті (2005–2007)
  • «АзияПромСбыт» ЖШС-нің техникалық директоры (2002–2008)
  • «Империал Инвест Корп» ЖШС-нің директоры (2002–2009)
  • «Трансазия сауда банкі» АҚ-ы құқықтық бөлімінің басшысы (1998–2001)
  • «Мерей» Ашық акционерлік қоғамының экономика және бизнес жөніндегі вице-президенті (1997–1998)
  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының заңгері (1996–1997)
  • «Эдельвейс» ЖШС-нің заңгері (1994–1996)
Nasyirhanov

Насырханов Арсен Дамирұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор
(Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет 2022 жылғы 20 қазанда Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 119 бұйрық арқылы сайланған, 2025 жылғы 30 қазанда Жалғыз акционердің шешімі бойынша № 504 бұйрық арқылы қайта сайланған, қазіргі құрам)
«АстраЗенека Қазақстан» компаниясының сыртқы коммуникациялар және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директоры

Білімі:

  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті (2006), бакалавр;
  • Сингапур политехникалық университеті (2007), қосымша білім;
  • Британдық Колумбия университеті (Ванкувер, Канада), магистр дәрежесі;
  • «AlmaU» Халықаралық бизнес академиясы, PhD докторы (2017).

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • 2017 жылдан бастап «Almaty Management University» PhD докторы

Еңбек өтілі:

  • Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің оқытушысы (2006)
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сарапшысы (2007–2008)
  • «Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ инвестициялар тарту және инновациялар департаментінің бас маманы (2009–2010)
  • Солтүстік Қазақстан облысының Инвесторларды қолдау орталығының директоры, Петропавл қ. (2014–2015)
  • «СПК «Алматы»» ҰК» АҚ Инвесторларды қолдау орталығының директоры (2015–2017)
  • «Қазақ Инвест» АҚ-ның Алматы қ. өңірлік өкілдігінің директоры (2017–2018)
  • «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС директорының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, деректер базасын цифрландыру және Onay төлем картасын қолдануды кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі (2018–2019)
  • Hoffmann-La Roche компаниясының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жұмыс жөніндегі синьор-партнері (2019–2023)
  • Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Төрағасының көмекшісі (Мәскеу, 2023–2025)
  • «АстраЗенека Қазақстан» компаниясының сыртқы коммуникациялар және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директоры (2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін)

Марапаттары:

  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің алғысы (2007, 2008);
  • Қостанай облысында «Сервистік-дайындау орталықтарын құру» жобасын іске асырғаны үшін «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы Төрағасының берген алғысы (2010 ж.).
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту