Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Оқу-әдістемелік кеңес

Оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – Кеңес) «Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның (бұдан әрі – ҚазҰТЗУ) алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады. Кеңес ҚазҰТЗУ-дың құрылымдық бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жұмысына жалпы басшылық жасау және оны  үйлестіру, сондай-ақ жалпы Университеттің оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында құрылған.

Өз қызметінде ОӘК Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы алқалы басқару органдары жұмысының ұйымдастырылуының үлгілік қағидаларын, Университет Жарғысын, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Оқу-әдістемелік кеңесі туралы ережені және Университеттің басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

 

Кеңес алдына мынадай мақсат, міндеттер мен функциялар қойылады:

 

Оқу-әдістемелік кеңес қызметінің мақсаты – Университеттің оқу-әдістемелік жұмысын тиімді, ашық және алқалы басқаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Университеттің академиялық қызметінің тиімділігін арттыру.

 

Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:

– университетте кадрлар даярлаудың басым бағыттары мен оқу процесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

– оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету сапасына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;

– білім беру бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын, элективті пәндер каталогтарын және оқу-әдістемелік материалдарды дамыту мәселелерін қарастыру;

– оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруға сараптама жүргізуді ұйымдастыру және ұсынымдар әзірлеу;

– оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың озық тәжірибесін жинақтау және тарату;

– профессорлық-оқытушылық құрамның (ПОҚ) әдістемелік әлеуетін дамытуға және заманауи білім беру технологияларын енгізуге ықпал ету;

– академиялық және оқу-әдістемелік мәселелер бойынша Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

– академиялық адалдықты, оқыту сапасын және білім беру процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеудің сапасын қамтамасыз етуге ықпал ету.

 

Жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ОӘК мынадай функцияларды жүзеге асырады:

– білім беру бағдарламаларының жобаларын, сондай-ақ оларды жаңарту, дамыту және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, оның ішінде білім беру бағдарламалары тізілімге енгізу мәселелерін қарастыру;

– жұмыс оқу жоспарларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастыру және сараптама жүргізу;

– пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларын (силлабустарды), оның ішінде жалпыуниверситеттік цикл пәндерін бекітуге ұсыну және олар бойынша ұсынымдар әзірлеу;

– білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

– профессорлық-оқытушылық құрамның баспа басылымдарының Тақырыптық жоспарын қарастыру, бекіту және оның орындалуын талдау;

– оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік материалдарды және электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу, сараптау және басып шығару мәселелерін қарастыру;

– ОӘК құзыреті шегінде кафедралардың, институттардың және өзге де құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша жоспарлары мен есептерін қарастыру;

– оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау мәселелерін, оның ішінде академиялық күнтізбені, оқу сабақтарының кестесін, емтихан сессияларына, қорытынды аттестаттауға және жазғы семестрге дайындықты қарастыру;                 – профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық жүктемесін есептеу, жүктемені бөлу және нақты орындалған жүктемені талдау мәселелерін қарастыру және осы тиісті ұсынымдар әзірлеу;

– әдістемелік ұсынымдар әзірлеу мақсатында білім алушылардың үлгерімі, емтихан сессиялары мен қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы ақпаратты тыңдау;

– қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиялары  төрағаларының есептерін қарау;

– білім беру технологияларын, электрондық білім беру ресурстарын, LMS, онлайн оқытуды және білім беру процесінің өзге де цифрлық құралдарын енгізу және дамыту мәселелерін қарастыру;

– білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету және оқу жетістіктерін бақылау нысандары мәселелерін қарастыру;

– оқыту сапасын арттыру, тәлімгерлікті дамыту, біліктілікті арттыру және профессорлық-оқытушылық құрамға әдістемелік қолдауды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

– жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау, кәсіптік практикаларды ұйымдастыру және практикаға бағдарланған оқытуды әдістемелік сүйемелдеу мәселелерін қарастыру;

– Университеттің академиялық және оқу-әдістемелік қызмет мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;

– академиялық комитеттермен, әдістемелік комиссиялармен, РОӘК ОӘБ және өзге де оқу-әдістемелік құрылымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру;

– Қазақстан Республикасының заңнамасына және Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес ОӘК құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

ОӘК құрамы және оны қалыптастыру тәртібі:

 

Кеңес құрамы алқалылық, өкілдік және кәсіби құзыреттілік қағидаттары негізінде Университеттің оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын академиялық бөлімшелерінің, институттарының, кафедраларының және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері болып табылатын Университет қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады. Кеңестің құрамына білім алушылардың және жұмыс берушілердің өкілдері де енгізілуі мүмкін.

ОӘК төрағасы (бұдан әрі – Төраға) және оның орынбасары ОӘК мүшелерінің арасынан көпшілік дауыспен сайланады. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасары атқарады. Төраға Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, отырыстардың күн тәртібін қалыптастырады, отырыстарға төрағалық етеді және ОӘК хаттамалары мен шешімдеріне қол қояды.

ОӘК-нің дербес құрамы әр оқу жылына академиялық мәселелер жөніндегі проректордың бұйрығымен институт директорлары мен кафедра меңгерушілерінің ұсыныстары негізінде бекітіледі. ОӘК құрамына өзгерістер енгізу де осы тәртіппен жүзеге асырылады.

Хатшы ОӘК мүшелерінің арасынан сайланады және ОӘК қызметін ұйымдастырушылық- құжаттамалық қамтамасыз етуді, отырыстардың хаттамаларын жүргізуді және қабылданған шешімдерді рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

ОӘК мүшелері өз қызметін тең құқықтылық және дербес жауапкершілік қағидаттары негізінде жүзеге асырады, ОӘК отырыстарына қатысуға, қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға және өз құзыреті шегінде қабылданған шешімдерді орындауға міндетті.

ОӘК мүшесінің өкілеттіктері мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін:

– жеке өтініші негізінде;

– ОӘК шешімі бойынша.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту