Технологиялық машиналар және көлік кафедрасы
«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» және «Көлік техникасы және логистика» кафедрасы негізінде құрылды. Кафедра бакалаврдың келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:
- 6В07107 – «Эксплуатациялық-сервистік инженерия» тау-кен, металлургия және мұнайгаз салалары үшін;
- 6B07108 – «Транспорттық инженерия»;
Сонымен қатар кафедрада орта кәсіптік және жоғары білім негізінде қысқартылған бағдарламамен қашықтықтан оқыту түрі бойынша бакалаврлар дайындайды.
Кафедрада келесі білім беру бағдарламалары бойынша магистратура мен докторантура бөлімі бар:
- 7М07111 – «Машиналар және жабдықтардың сандық инженериясы (магистратура);
- 7M07108 «Көлік және көлік жүйелерінің технологиясы және автоматтандыру» (магистратура);
- 8D07110 – «Машиналар және жабдықтардың сандық инженериясы (докторантура).
Мақсаттары:
- тау-кен, металлургия және мұнай-газ машиналарын пайдалану және жөндеу саласында мемлекеттік және жеке басқаруда, тау-кен металлургия және мұнай-газ кәсіпорындарында, меншіктің кез келген нысанындағы қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарында өзінің кәсіби білімін, дағдылары мен қабілеттерін іске асыруға қабілетті технологиялық машиналар мен жабдықтар, инновациялық технологиялар саласында жан-жақты білімді, зияткерлік дамыған мамандарды даярлау;
- білім, ғылым және өндірісті интеграциялау мақсатында кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің өсуін қамтамасыз ету;
- автомобиль жасау, логистикалық жүйелерді жобалау және жеткізу тізбегін басқару салаларында ғылыми және инженерлік міндеттерді табысты шешу үшін студенттердің іргелі дайындығын қамтамасыз ету;
- инженерлік талдау мен жобалаудың практикалық дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулерді қою және жүргізу, оның ішінде білім алушылардың болашақ инженердің жеке басының сапасы ретінде кәсіби бағыттылығын қалыптастыру;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың үш деңгейлі моделін жетілдіру: қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу және кафедраның профессор – оқытушылар құрамының оқу – әдістемелік қызметін тұрақты жетілдіру негізінде тұтынушылардың талаптарына жауап беретін бакалавриат-магистратура-докторантура.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларының талаптарын оқу үрдісінде практикалық іске асыру;
- оқу процесіне студенттердің дербестігі мен шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ететін инновациялық технологияларды, оқытудың перспективалық әдістерін енгізу;
- Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ түлектерін даярлауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес студенттерді оқыту және қажетті білімді игеру сапасына профессор-оқытушылар құрамының жауапкершілік деңгейін арттыру;
- ғылыми мәселелерді шешуде студенттердің шығармашылық ойлауы мен дербестігін қалыптастыру және жетілдіру, оқыту кезінде алған білімдерін тереңдету және бекіту;
- оқу топтарында салауатты моральдық-адамгершілік атмосфераны, достық пен ынтымақтастықты қалыптастыру;
- білім беру және кадрлар даярлау саласындағы халықаралық қызметке қатысу;
- Қазақстан Республикасы экономикасының көлік-логистикалық секторы үшін тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тез бейімделуге қабілетті біліктілігі жоғары білікті мамандар даярлау;
- қазіргі заманғы көлік индустриясын қалыптастыру және қызметті алдыңғы қатарлы ұйымдастыру үшін жеткілікті жеке қасиеттердің, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктердің белгілі жиынтығын қалыптастыру;
Миссия және стратегия
Миссиясы:
Технологиялық машиналар және жабдықтар, көлік, көліктік техника мен технологиялары аясында ақыл-парасаты жалпы мәдени және кәсіби құзіреттілік дәрежесі жоғары, бәсекеге қабілетті және білікті маман дайындау, заманауи білім беру технологияларын қолданып, теория мен практиканы қосу.
Стратегиясы:
«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының даму стратегиясы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясымен сәйкес келеді.
Көлік және көлік техникасы саласында мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында білім беру және ғылыми қызметті жақсарту.
Мамандықтарға сұраныс артуда, бұл Қазақстанның 2050 жылға дейінгі инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасымен байланысты. Көптеген мемлекеттік және жеке кәсіпорындар білім алған, сауатты, көлік, көлік техникасы және технология саласында қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді меңгерген, логистикалық жүйелерді басқаруда мамандарды дайындауға мүдделі.
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру