Роботты техника және техниканың автоматика құралдары кафедрасы

Кафедраның тарихы

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасы 1991 жылдан өз бастамасын алды, ол «Робототехникалық жүйелер мен кешендер» кафедрасы болып «Автоматика және басқару жүйелері» факультетінің құрамында «Робототехникалық жүйелер мен кешендер» мамандығы бойынша жүйелік техник инженерлерді даярлау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл мамандық бойынша инженерлерді даярлау 1988 жылы басталды. 2001 жылы «Мехатроника және робототехника» кафедрасы ұйымдастырылды. Содан кейін 2002 жылы маусымда «Мехатроника және робототехника» кафедрасы (МжРК), «Электроника және есептеу құралдары» кафедрасы (ЭжЕҚ) бірігуі нәтижесінде «Электроника, мехатроника және робототехника» кафедрасы құрылды. Бұл кафедраның аты 2007 жылы өзгертіліп, содан бері «Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары» деп аталды.

Кафедраның негізін қалаушы белгілі ғалым-оқытушы, профессор Иванов К.С.

2001-2013 ж. аралығында кафедра меңгерушісі қызметін профессор Шоланов Қ.С. атқарды.

2013 ж. қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі профессор Ожикенов Қасымбек Әділбекұлы.

Кафедраның мақсаттары мен міндеттері

Кафедраның мақсаты - оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру, оқытудың заманауи білім беру технологияларын енгізу, білім алушыларға үнемі халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес қызметтер ұсынуды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби дамытуға бағытталған таңдаған мамандығы бойынша сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • кәсіптік білімнің еңбек нарығының өзгермелі қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін және әр оқушының жеке әлеуетін барынша арттыруға көмектесетін жаңа технологияларды оқытуға енгізу және тиімді пайдалану;
  • кафедраның кадрлық әлеуетін дамыту, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру, кафедра имиджін нығайту.

«Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары» кафедрасы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ең ірі түлектендіруші кафедраларының бірі, үш деңгейлі білім беру жүйесінде ел экономикасының жоғары технологиялық салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды:

Бакалавриат

6B07113 Робототехника және мехатроника (толық оқу түрі)

6B07114 Биомедицинская инженерия (толық оқу түрі)

Магистратура

7M07107 Робототехника және мехатроника (толық оқу түрі)

7M07106 Биомедицинская инженерия (толық оқу түрі)

Докторантура

8D07106 Робототехника және мехатроника (толық оқу түрі)

8D07105 Биомедицинская инженерия (толық оқу түрі)

Оқытудың барлық деңгейлерінде білімді жоғары білікті оқытушылар құрамы жүргізеді.

Ынтымақтастық

Кафедраның үнемі дамып, кеңейіп отырған ТМД елдерінде және алыс шет елдерде көптеген халықаралық ғылыми және білім беру байланыстары бар. Кафедра ірі Халықаралық жобалардың мүшесі:

  • Japan Science and Technology Agency (JST) қаржыландыратын «JST Sakura Science Program»;
  • Еуропалық Одақтың Эразмус + бағдарламасына негізделген «Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems/APPLE» «Ғарышты зерттеу және интеллектуалды робототехникалық жүйелер бойынша қолданбалы оқу бағдарламасы».

Кафедраның студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы жоғарыда аталған халықаралық жобалар шеңберіндегі бірлескен білім беру бағдарламаларына белсенді қатыса отырып, әлемнің жетекші университеттерінде біліктіліктерін арттыруда және тағылымдамадан өтуде.

Ғылыми зерттеу жұмысы

Кафедрада бірнеше бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде:

  • биомедициналық жабдықтар мен технологияларды әзірлеу және құру;
  • ауыл шаруашылығында техника мен технологияларды дамыту;
  • есептеу және бақылау құрылғыларын жасау және құру.

«Роботты өзің жаса» студенттер ғылыми клубы және «Робототехник» клубы жұмыс істейді. Ғылыми саясаттың басты мақсаты: жақсы дайындалған ғылыми кадрлар контингентін қалыптастыру және жоғары білімнің жетекші функциясы - білімді жинақтау, дамыту және тарату міндеті. Ғылыми саясат пен жоғары білімнің мақсаттары мен міндеттері бір-бірімен байланысты. Бұл мақсаттар ғылыми зерттеулер университет білімінің ажырамас бөлігі болған кезде қол жеткізіледі.

robotics@satbayev.university

Роботты техника және техниканың автоматика құралдары кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту