Қоғамдық пәндер кафедрасы

Кафедраның негізгі миссиясы – бакалавриат және магистратура студенттерін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негіздеріне оқыту және тәрбиелеу; жоғары адамгершілік және патриоттық қасиеттерді, азаматтың белсенді өмірлік ұстанымын, елге, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін сапалы және озық технологиялар трансферті арқылы қалыптастыру.

Қоғамдық пәндер кафедрасы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Сәтбаев Университеті) алғашқы құрылған кафедраларының бірі болып табылады. Қазақ политехникалық институтына түрлендірілгенге дейін, «Марксизм – ленинизмнің негіздері» атаумыен аталған,  Қазақ тау-кен металлургия институты өзінің тарихын 1934 жылы құрылған сәтінен бастады.

Кафедраның білім беру қызметі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы», «Философия», «Ғылым және философияның тарихы», «Жоғары мектеп педагогикасы», «Әлеуметтік-саяси білімдер» және т.б.

Профессор-оқытушылар құрамы – Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарында үлкен тәжірибе мен ғылыми дәрежеге ие кәсіби қызметкерлер. Кафедра оқытушылары, академиялық процесстің тиімділігі мен қазіргі заманның нарық талаптарына жауап беретін, кейс-стади, брэйнсторминг, маппинг, іскерлік ойындар және т. б. сияқты жаңа және инновациялық технологияларды қолданады. Сын тұрғысынан ойлау және креативтілік Satbayev University студенттерінің оқу үдерісін бағалаудағы негізгі критериялардың бірі болып табылады.

ҚП кафедрасының көптеген оқытушылары "Жылдың үздік оқытушысы» атағының иегерлері, олардың ішінде: т.ғ.д, профессор Г.М.Мендикулова, Р. М. Мажиденова, Л. Ю. Зайниева, К. К. Котошева. Сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы  Қазақстан Республикасының Ғылым мен білім саласына қосқан үлесі үшін құрмет атағымен және наградаларымен де  марапатталған.

ҚП кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі университеттің және жалпы кафедраның стратегиялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Профессор-оқытушылар құрамы «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (ХХІ ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) атты бағыт аясында зерттеу жобаларына ғылыми басшылық жүргізеді. 2018 жылы т.ғ.д, ҚП кафедрасының профессоры Г.М.Мендикулованың басшылығымен, «Қазақтар Екінші Дүниежүзілік соғыста: шетел мұрағаттарынан жаңа құжаттар» атты ғылыми жобаны жеңіп алынды, архивтік құжаттардағы Қазақтардың Еуропа елдеріндегі Қарсылық қозғалыстарында және партизандық әскери топтарда фашизммен соғысып, шоғырланған және еңбек лагерьлерінен қашқан рейхтің бұрынғы әскери тұтқындарының қатысу тарихын жүйелі және кешенді зерттеуге арналған. Қазіргі таңда, алғашқы рет 15 шетелдік мұрағаттан құжаттар алынып, сол кездегі әскери Еуропадағы біздің отандастарымыздың тегі мен қызметін және тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге орасан зор көмекке ие болып отыр.

Жылдар бойы ҒЗЖ бойынша келесідей ғылыми жобалар жүзеге асырылып отырды: «Әлемдік ақпараттық кеңістікке кіретін елдер контекстіндегі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-рухани және саяси үдерістер». Ғылыми кеңесшісі: Профессор Сыдықов У.Е.; «Техникалық колледж студенттерінің әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларына мониторинг жүргізу»: Профессор Сыдықов У.Е.; «Қазақстанның қазіргі заман тарихы: тәуелсіз даму проблемалары». Ғылыми жетекшісі: Салқынбек Д.И.; «Қазақ этносының рухани тұтастығы»: Ғылыми жетекші – Котошева К.К.; «Қазақстан Республикасының тұрақты индустриалды-инновациялық дамуындағы ғылыми-техникалық білім берудің құндылық бағдарлары»:  Ғылыми жетекші – Мендібаев С.К.

Кафедраның профессорларыимпакт-фактор (Web of Science, Scopus, Thomson Reuters) журналдарында ғылыми еңбектерін белсенді түрде жариялап отырады. Жалпы білім беру бағытындағы шетелдік және отандық монографиялар, кітап және оқу құралдарының  авторлары болып табылады. Көптеген ғылыми еңбектер ҚР БҒСБК отандық басылымдарында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде жарияланады.

Қазіргі кезде ҚП кафедрасы шетелдік ғылыми – зерттеу орталықтарымен және институттармен тығыз байланыста: Кембридж Университеті (Ұлыбритания), FMHS, Париж (Франция), Торонто Университеті (Канада), CEEMAN (АҚШ), Европалық Университет (Мажарстан), Чоннам Ұлттық Университеті (Оңтүстік Корея) және т.б.

Республикалық және халықаралық деңгейде педагогтардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары ғылыми тағылымдамадан қауымдастырылған профессор А. М. Нуржанова Будапешт қаласында (Мажарстан), АҚШ – та сениор-лектор И. М. Кунтуова, ассистент профессора Т. Т. Оспанов, Оңтүстік Кореяда сениор-лектор Ж. Ж. Куанышбаева өтті.

ҚП кафедрасы жыл сайын шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізеді. 2018 жылы «Сәтпаев оқытулары» конференциясының аясында «халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды және бұнда «Білім жүйесіндегі замануи ақпараттық технологиялар» сияқты ғылыми мәселелер қарастырылды.

Дөңгелек үстелдің жұмысында Англия, АҚШ, Канада, Моңғолия, Қырғызстан, Украина елдерінен келген шетелдік қонақтар мен Қазақстан ғалымдары, А.Машани атындағы ББИ директоры Саренова Айгүл, профессор - оқытушылар құрамы және Satbayev University магистранттары қатысты. Өз баяндамаларымен Чокан Лаумулин (Университет Кембридж), Петер Маккан (Peter McCan) (Канада), Майкл Бараник (Michael J. Baranick) (АҚШ), Сарантуя Дагвадорж (Монголия), (Қыргызстан), ҚазақстанҚазақстан Тулеубеков (Қазақстан)

Студенттердің адамгершілік құндылықтарын дамыту мақсатында қоғамдық пәндер кафедрасы тәрбие жұмыстарын жүргізіп отырады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл сайын кафедра «I am the next Satbayev», «PhilHappy (Философия бақыты)» сияқты іс – шаралар жүргізіп отырады. «Ғибрат» эстетикалық және білім беру клубы, «Дилемма» саяси клубы, «Мұрагер» тарихи-танымдық клубы және Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша «Insight» психологиялық тренинг клубы сиякты студенттік клубтар әр жылдары өз жұмысын жасады. Сондай – ақ Сәтпаев оқытулары аясында әлеуметтік – гуманитарлық бағыт бойынша жыл сайын студенттік конференциялар өткізіледі.   

socialstud.dep@gmail.com

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту