Жас ғалымдар кеңесі

Сізді Сәтбаев Университеті Жас ғалымдар кеңесінің ресми парақшасында көргенімізге қуанышытымыз.

Біздің негізгі қызметіміз – жас ғалымдардың ғылыми және инновациялық әлеуетін арттыру, жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми қызметін үйлестіру, оларды еліміздің индустриялық-инновациялық даму мәселелерін шешуге тарту, кәсіби және әлеуметтік салалардағы мүдделерді білдіру, және ғылыми қызмет нәтижелерін енгізуге ықпал ету. Кеңестің негізгі мақсаты – жас ғалымдардың ғылымның әртүрлі салаларындағы бастамаларын ілгерілетуіне көмектесу. Біздің қызметіміздің маңызды стратегиялық бағыты зерттеушілер, әртүрлі ғылыми органдар мен бағыттар өкілдері арасындағы сындарлы диалог болып табылады.

Біздің негізгі міндеттеріміз:

  • университеттің ғылыми, мәдени және қоғамдық өміріндегі жас ғалымдар мен мамандардың белсенділігін арттыру;
  • жас ғалымдар арасында іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуді ақпараттық қолдау;
  • жас ғалымдардың жобалары бойынша аралық, қорытынды есептерді тыңдау кезінде университеттің ғылыми-техникалық кеңесіне көмек көрсету;
  • жыл сайынғы республикалық ғылыми стипендиялар мен марапаттарға үміткер болуға, оның ішінде ынталандыру хаттарын дайындауға жәрдемдесу;
  • жас ғалымдардың басылымдарын дайындауда әдістемелік көмек көрсету;
  • ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • өндірістік кәсіпорындармен, отандық және шетелдік ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен іскерлік және шығармашылық байланыстарды дамыту.

Сонымен қатар, кеңес жас ғалымдардың мүдделерін қорғау, әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жастардан құралған университеттің уәкілетті өкілдері болып табылады .

Егер сіз 35 жасқа толмаған болсаңыз, өзіңіздің  жеткілікті күш-қуатыңыз бен ерік-жігеріңізге сезінсеңіз - бізге қосылыңыз және ғылыммен айналысыңыз!

Құрметті жас ғалымдар, Жас ғалымдар кеңесі сіздерге көмектесуге және бірлесіп жұмыс істеуге әрқашан дайын.

 

Байланыс:

Мукажанов Нуржан Какенович

Лауазымы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Программалық инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Телефон: +7 777 7951572
e-mail: smu@satbayev.university
LinkedIn

Кеңес беру уақыты: сәрсенбі 10.00-12.30/

Бөлімшелер

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту