Геоматика Инновациялық Орталығы
Satbayev University жанындағы Геоматика Инновациялық Орталығы ғылыми зерттеулер мен коммерциялық бастамалардың арасындағы байланыс қызметін атқарып, әртүрлі салаларға арналған кеңістіктік деректерді жинау, талдау, өңдеу және басқару бойынша кешенді шешімдер ұсынады.
Орталықтың миссиясы: Ғылыми зерттеулер мен озық технологиялар негізінде Геоматика саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған инновациялық шешімдер жасау. Біз білімнің шекарасын кеңейтіп, ғылым, өнеркәсіп және мемлекеттік сектордағы әріптестікті нығайтуға ұмтыламыз.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Ғылыми жобаларды жүзеге асыру, іргелі зерттеулерден бастап қолданбалы бағдарламалар мен технологияларды практикалық қолдануға дейін.
- Геодинамикалық процестерді мониторингілеу.
- Қашықтықтан зондтау, аэрофототүсіру және деректерді өңдеу.
- Гравиметрия және GNSS технологиялары саласындағы зерттеулер.
- Геокеңістіктік дерекқорларды жасау және басқару.
- Оқыту курстары, мастер-кластар және ғылыми семинарлар өткізу.
Орталықтың қызметтері:
- Картографиялық қызметтер, карталарды цифрландыру, геологиялық және геофизикалық есептерді оцифровкалау, геокеңістіктік деректер базасын жасау.
- Ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (ҰҰА) аэрофототүсірілімдер жүргізу, ортофотожоспарлар, цифрлық модельдер жасау, аумақтарды талдау және жоспарлау үшін нақты және егжей-тегжейлі 3D модельдерді құру.
- Геодезиялық және кадастрлық жұмыстардың барлық түрлері, топографиялық түсірілімдер, гравиметриялық жұмыстарды орындау.
- Әуе лазерлік сканерлеу, нәтижелерді өңдеу.
- Геодинамикалық процестерді кешенді мониторингілеу: радарлық интерферометрия, GNSS бақылаулары, жер қыртысының қозғалыстарын, топырақтың шөгуін және басқа да геодинамикалық құбылыстарды қадағалау үшін жоғары дәлдікті нивелирлеу.
- Инженерлік-ізденіс жұмыстары.
- Құрылыс жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз ету және бақылау.
- Геокеңістіктік технологиялар және мультидисциплинарлық салалар бойынша консалтингтік қызметтер.
- ГАЖ және геодезия салаларындағы оқыту курстары және біліктілікті арттыру бағдарламалары.
- Ғылыми семинарлар, конференциялар және воркшоптар ұйымдастыру.
Жобалар:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша мақсатты қаржыландыру бағдарламалары:
- BR21882179 «Жерүсті-ғарыштық әдістермен кен орындарын геологиялық картаға түсіру үшін болжамды-іздестіру шешімдерін әзірлеу» – ғылыми жетекшісі Орынбасарова Э.О.
- BR21882366 «Координаттар мен биіктіктердің біртұтас мемлекеттік жүйесінің негізі ретінде Қазақстан Республикасының геоидтық моделін жасау» – ғылыми жетекшісі Қасымқанова Х.-К.М.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша гранттық қаржыландыру:
AP23489830 «Көшкіндерді бақылау және бағалау үшін қашықтықтан зондтау және машиналық оқытудың интеграцияланған технологияларын әзірлеу» – ғылыми жетекшісі Орынбасарова Э.О.
Орталықтың басшылығы:
Геоматика Инновациялық Орталығының директоры: Орынбасарова Эльмира Орынбасарқызы
Білімі:
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Ноттингем университетінде (Ұлыбритания, 2012 ж.) «Инженерлік ізденістер және геодезия» мамандығы бойынша магистр дәрежесі.
PhD дәрежесін қорғау, Satbayev University (2019 ж.).
Теңіз кен орны аумағында РСА деректерін қолдана отырып, жер бетінің геодинамикалық мониторингі бойынша зерттеу.
Ноттингем университетінде және LTD Geomatic Ventures компаниясында (Ұлыбритания, 2017 ж.) тағылымдамадан өту.
Ғылыми-зерттеу қызметі:
20-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде: Scopus базасындағы 6 мақала, Web of Science Core Collection-дағы 1 мақала (Q1), 7 халықаралық конференциядағы мақала және монография (Германия). Web of Knowledge және Scopus базасындағы Хирш индексі – 3.
Гранттық жобалардың жетекшісі:
Мақсатты қаржыландыру бағдарламасы «Жерүсті-ғарыштық әдістермен кен орындарын геологиялық картаға түсіру үшін болжамды-іздестіру шешімдерін әзірлеу» (2023-2025);
Гранттық қаржыландыру «Көшкіндерді бақылау және бағалау үшін қашықтықтан зондтау және машиналық оқытудың интеграцияланған технологияларын әзірлеу» (2024-2026);
Жас ғалымдар байқауы «Корпорация Казахмыс ЖШС» кен орнына арналған кешенді геодинамикалық мониторинг деректері негізінде Web-ГАЖ әзірлеу» (2021-2023).
Мақсатты қаржыландыру бағдарламасының консультанты:
«Координаттар мен биіктіктердің біртұтас мемлекеттік жүйесінің негізі ретінде Қазақстан Республикасының геоидтық моделін жасау» (2023-2025).
Satbayev University атынан халықаралық ERASMUS жобасының жетекшісі:
«Экологиялық тау-кен ісі және табиғи ресурстарды инновациялық басқару бойынша магистрлік бағдарлама» (әртүрлі елдерден 22 серіктес).
Сараптамалық қызмет:
Республикалық комиссияда сарапшы ретінде қатысу.
ISPRS (Халықаралық фотограмметрия және қашықтықтан зондтау қоғамы) халықаралық конференциясында рецензент болды.
Марапаттар мен жетістіктер:
2021 жылы ҚР БҒМ бұйрығымен мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.
Еңбек қызметі:
2020-2024 Satbayev University, «Маркшейдерия және геодезия» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор.
2012-2020 Халықаралық білім беру корпорациясы (ХБК), келесі лауазымдарда: профессор ассистенті, қауымдастырылған профессор, декан орынбасары.
Байланыс ақпараты және әлеуметтік желілерге сілтемелер:
Эльмира Орынбасарова
Телефон: +77015287972
Электрондық пошта: e.orynbassarova@satbayev.university
Satbayev University, Сәтбаев көшесі 22, 263 ГМК
LinkedIn