Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Халықаралық ынтымақтастық департаменті – университеттің халықаралық қызметін жүзеге асыратын бас бөлімшесі.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті мақсаты – әлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін шетелдік жоғары оқу орындарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен сыртқы байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру. 

Қойылған мақсатқа жету үшін бөлім келесі міндеттерді орындайды:

  • университет дамуының басым бағыттарына сәйкес халықаралық өзара іс-шаралардың негізгі бағыттарын анықтау;
  • жетекші әлемдік жоғары оқу орындары, халықаралық ұйымдар мен орталықтар арасында серіктестер желісін кеңейту;
  • Қазақстан Республикасының жетекші техникалық ЖОО ретінде университеттің имиджін арттыру. 

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметі:

  • Ішкі/сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын және халықаралық білім алушылармен алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру. Құжаттарды қабылдау, рәсімдеу және тиісті мекемелерге одан әрі қарастыру үшін кандидаттардың құжаттарын ұсыну;
  • Білім алушылармен алмасу бағдарламалары және халықаралық қызмет шеңберіндегі басқа да мүмкіндіктер туралы студенттерге, оқытушыларға, әкімшілік қызметкерлерге кеңес беру;
  • ПОҚ мен қызметкерлерді шет елге іс-сапарға жіберу. Мұндай іс-сапарлар келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
    • бірлескен бизнес-жобаларды әзірлеу және енгізу, шетелдік ұйымдармен тәжірибе алмасу;
    • Университет қызметінің әр түрлі бағыты бойынша шетелдік ұйымдармен ұйымдастырушылық-әдістемелік, кеңес берушілік және ақпараттық ынтымақтастық орнату;
    • Университет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілікті арттыру, ғылыми тағылымдама мен семинарларға қатысу, мастер-класстар, тренингтер және басқа оқыту шараларын қамтитын қосымша білім беру бағдарламалары бойынша шетелде оқыту;
    • шетелдік және халықаралық ұйымдар мен қорлар, ҚР БҒМ қаржыландырған ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу;
    • өзекті мәселелер мен бағыттардағы халықаралық ғылыми конференцияларға, конгресстер мен басқа да ғылыми шараларға қатысу;
    • шетелдік білім беру ұйымдарымен, ғылыми және зерттеу ұйымдарымен бірлескен талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша талдамалық және зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен алмасу;
  • Университеттің ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын, жобаларын іске асыруға шетелдік жетекші мамандарды тартуға жәрдемдесу;
  • Университет бөлімшелерінің сұрауы бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша өзара қызығушылық тудыратын салаларда шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталған халықаралық шарттарды, келісімдерді және меморандумдарды орнату;
  • Халықаралық шарттар, келісімдер мен меморандумдар жасау, іске асыру және базасын кеңейту үшін хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Университет базасында басқа бөлімшелермен бірлесіп Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, көрмелер және дөңгелек үстелдер өткізу үшін ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
  • Ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында келіссөздер, ресми және бейресми кездесулер жүргізу, халықаралық серіктестермен және ҚР құзыретті органдарымен хат алмасу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және дайындау (хаттама жүргізу);
  • Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым саласындағы халықаралық университеттермен, ұйымдармен, қорлармен, дипломатиялық миссия өкілдерімен ынтымақтастық бойынша ХЫД жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау.

 

Байланыс мәліметтері:

Абдыкаликов Адыльбек Асанович
Қызметі: Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры
Телефон: +7 727 320 40 35 (ішкі: 70-35)
E-mail: a.abdykalikov@satbayev.university

Ергешқызы Гульназ
Қызметі: Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері
Телефон: +7 727 290 90 19 (ішкі: 73-12)
E-mail: g.yergeshkyzy@satbayev.university

Жанадилова Айгул Ермекқызы
Қызметі: Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері
Телефон: +7 727 292 90 19 (внутренний: 73-12)
E-mail: a.zhanadilova@satbayev.university  

Сапар Назым Тохтиярқызы
Қызметі: Халықаралық ынтымақтастық департаменті бас маманы
Телефон: +7 727 320 40 19 (ішкі: 70-19)
E-mail: n.sapar@satbayev.university

E-mail: international_office@satbayev.university   Instagram @satbayev.international.office 

Академиялық ұтқырлық, Erasmus+, Mevlana бағдарламалары бойынша консультация дүйсенбі-бейсенбі күндері  сағат 11:00-12:30 арасында жүргізіледі.

 

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін өзгерту аясында 2014 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы университетке «Ұлттық ғылыми-зерттеу университеті» мәртебесі беріліп, бұл өз кезегінде әлемдегі ең таңдаулы университеттермен бірлесіп жұмыс істеуге жол ашты. Қазір университет дүние жүзі бойынша 32 елдің жетекші 170 жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды (олардың ішінде АҚШ, Англия, Германия, Италия, Франция, Қытай, Корея, Польша бар).

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту