Қабылдау комиссиясы
Қабылдау комиссиясы «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. ҚК қызметінің басты мақсаты - Университетке түсетін тұлғалардың құжаттарын қабылдауды тиімді ұйымдастыру, түсу сынақтарын өткізу және конкурстық іріктеуден сәтті өткен білім алушылардың құрамына қабылдау болып табылады.
Қызметтің нормативтік негіздері:
– Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңы;
– Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
– ҚР БжҒМ 2020 жылғы 04 мамырдағы бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты;
– ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
– «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру» ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 02 мамырдағы №204 бұйрығы (өзгерістермен);
– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығы (өзгерістермен);
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 08 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидалары;
– ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Жарғысы;
– «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ 2026 жылға дейінгі Даму стратегиясы;
– ISO 9001:2015 ХC «Cапа менеджменті жүйелері. Талаптар»;
Негізгі мақсаты:
- кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
- талапкерлерге болашақ кәсіби мансап мәселесінде оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу арқылы талапкерлерді сапалы қабылдау және оларды Университетке қабылдау.
Қабылдау комиссиясы:
- Университеттің стратегиясына, бағдарламасына және Даму жоспарына сәйкес қабылдау жоспарының орындалуын қадағалайды;
- жазғы қабылдау науқанын (маусым-тамыз), қысқы қабылдау науқанын (келесі жылдың қараша – қаңтар) өткізуді қамтамасыз етеді және Басқарма төрағасы - Университет ректорына ҚК құрамында жұмыс істеу үшін персоналды даярлауға бюджет қаражатын және басқа ресурстарды бөлу жөнінде ұсыныс береді;
- кезекті оқу жылына Университетке қабылдау ережесін әзірлейді;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша Университетке түсетін тұлғаларды қабылдауды ұйымдастырады;
- Университеттің тиісті білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау комиссиясына құжат тапсырған тұлғаларға шығармашылық емтихандарды өткізуді ұйымдастырады;
- түсу емтихандарында есептен шығаруға, сыбайлас жемқорлыққа және плагиатқа нөлдік төзімділікті қоса алғанда, Университетте сапа стандарттарын қамтамасыз ету үшін түсу емтихандарының барысын қадағалайды;
- Университеттің ресми сайтында талапкерлер үшін ақпараттың қолжетімділігінің сақталуын қадағалайды;
- Университетте оқытудың барлық аспектілерімен танысу үшін талапкерлердің білім алушылармен, студенттермен байланысу мүмкіндігін алу мақсатында «Ашық есік күндерін» ұйымдастырады және өткізеді;
- өз қызметін offline және online режимдерінде қашықтан кеңес беру және қол жетімді байланыс құралдары арқылы құжаттарды қабылдау жолымен жүзеге асырады;
- сақтау үшін архивке қабылдау-тапсыру актісі бойынша талапкерлердің жеке істерін тапсырады;
- талапкерлердің институттар дирекциясына тіркелу үшін қабылдап-тапсыру актісі бойынша қол қойылған шарттарын береді;
- талапкерлерді қабылдау туралы бұйрық шығарады және оны әрі қарай тіркеу және сақтау үшін қабылдап-тапсыру актісі бойынша Тіркеу кеңсесіне тапсырады;
- қорытындыларға талдау жүргізеді және контингентті іріктеу бойынша Қабылдау комиссиясының атқарған жұмысы туралы есеп жасайды;
- келесі жылға арналған ҚК жұмыс жоспарын әзірлейді.
- Қабылдау комиссиясының штаты жауапты хатшы, жауапты хатшының орынбасары, бас менеджер және менеджерден тұрады.
Байланыс:
Нарбаев Марс Турсынбекович
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы
+7 (727) 320 41 78
E-mail: m.narbayev@satbayev.university
Жекамбаева Майгуль Несипалдиевна
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары
+7 (727) 320 41 12
E-mail: m.zhekambayeva@satbayev.university
Менеджерлер:
+7 (727) 292 73 01
+7 (727) 292 77 79
Байланыс орталығы:
whatsapp: +7 (700) 219 47 29
telegram: satbayev University Help
Instagram: satbayevuniversity_ac
Мекен-жайы: Алматы, Сатпаев к-ші, 22, Бас оқу ғимараты, 2 этаж, 212 кабинет.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00-18:00, түскі үзіліс – 13:00-14:00.