Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасы
Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасы (бұдан әрі-МжПҚБ) 2016 жылы "Түсті металдар металлургиясы" (1939 жылы құрылған) және "Асыл металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту" (1963 жылы құрылған) атты 2 кафедралардың бірігуімен құрылды.
Кафедра тарихы
"Түсті металдар металлургиясы" (ТММ) кафедрасы қалыптасуының тарихи жолын 1939 жылдан – металлургия факультетінде түлектер дайындайтын екі кафедра ұйымдастырылған жылдан бастайды:
* Ауыр түсті металдар металлургиясы (АТММ);
* Түсті металдар электрометаллургиясы және физикалық химия (ТМжФХ).
Қайта ұйымдастырылған кафедралар металлургия факультетінің дамуының бастауында тұрды және "Түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы" мамандығы бойынша инженер-металлургтарды даярлауды жүргізді.
40-жылдардың басында, соғыс жылдары және соғыс аяқталғаннан соң металлургиялық бейіндегі шығарушы кафедраларда талантты ғалым-педагогтар мен зерттеушілердің өзегі қалыптасты: ҚазССР ҒА академиктері А.Л. Цефт, В. Д. Пономарев; ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі Х. К. Аветисян, В. В. Стендер.
АТММ кафедрасының ұйымдастырушысы және бірінші басшысы ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Х. К. Аветисян (1939 – 1954) болды. Оның басшылығымен Қазақстан кен орындарының сульфидті және тотыққан кендерінен оқ пен снаряд өндіруге қажетті қорғасынды алудың тиімді пиро - және гидрометаллургиялық әдістері әзірленді. Сол жылдары көрнекті ғалымдар А.Л. Цефт, В. В. Стендер, В. Д. Пономарев және Карамуллин С. А., ал кейінірек ТМТ және АжЖТМ кафедрасының көрнекті ғалымдары И.А. Онаев, Г.М. Есіркегенов, В.С. Спитченко, Ж.С. Садыков, Е.С. Бугенов жұмыс істеді. 2002-2016 жылдары кафедраны техника ғылымдарының докторлары Ж.А. Алыбаев және Т.С. Даулетбаков басқарды.
Пайдалы қазбаларды байыту саласында мамандар даярлау 1963 жылдан бастап "Асыл металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту" кафедрасында көрнекті ғалым - металлург Б. Н.Лебедевтің басшылығымен жүзеге асырылды. Кафедраның дамуына және жоғары білікті мамандарды даярлауға техника ғылымдарының докторы Райвич И.Д., сондай-ақ техника ғылымдарының кандидаттары Ревазашвили Б.И., Авдюков В.И., Сажин Ю.Г., Кошербаев К.Т., Досумов Ж.У., Телков Ш.А., Шаутенов М.Р. және де кафедраның басқа да қызметкерлері үлкен үлес қосты.
Кафедра түлектері. МжПҚБ кафедрасының ерекше мақтанышы және жетістігі (құқықтық мирасқоры ТММ және АММиПҚБ кафедрасы) түлектер болып табылады, олардың арасында тау-кен металлургия саласының көрнекті ғалымдары мен кәсіпорын басшылары, министрлер, ректорлар және Қазақстан Республикасының әртүрлі қайраткерлері бар. Ғылым мен техника саласындағы ерен еңбегі үшін 19 түлекке КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен ҚазКСР 9 мемлекеттік сыйлығы берілді. ҚР ҰҒА-ның көрнекті ғалым-металлургтері, академиктері: Е.А. Бөкетов, Р.А. Исакова, Л.П. Ни, Н.С. Бектұрғанов; ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі: И.А. Онаев, Б.Б. Бейсембаев, Н.А. Байтенев, И.Р. Полывянный.
Көптеген түлектер Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсіп саласының жетекші кәсіпорындарында ірі басшылық қызметтер атқарды: ӨҚМ комбинат директоры, екі дүркін Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері, Халық Қаһарманы А.С. Куленов; ӨТМ комбинатының директоры, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері М.К. Байбеков; "Южполиметалл өнеркәсіп корпорациясы" АҚ президенті Т.К. Асамбаев; "ӨТМК" АҚ президенті, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет белгісі", "Отан" ордендерінің кавалері Б.М. Шаяхметов; ӨҚМ комбинат директоры Н.С. Касенов; Жезқазған мыс балқыту зауытының директоры, т.ғ.д., "Құрмет" орденінің кавалері К. Д. Телешев және т.б.
Кафедра түлектері арасында Қазақстан Республикасының 3 министрі (Б.Б. Атамқұлов – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Н.С. Бектұрғанов – бұрынғы Білім және ғылым министрі, Н.А. Ысқақов – бұрынғы Экология және қоршаған ортаны қорғау министрі), Бекболат Тілеухан – бұрынғы Мәдениет вице-министрі, Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері; ҚР жоғары оқу орындарының 2 ректоры (Ақтау мемлекеттік университеті - А.А. Әбжаппаров және Қостанай мемлекеттік университеті – Х. Х. Валиев) болды.
Қазіргі таңда кафедраның мақтанышы: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС техногенді шикізатты кешенді қайта өңдеу басқармасының бастығы Е.А. Оспанов, "Kaz Minerals" ЖШС бас байытушысы У.К. Джетыбаева, "Казцинк" ЖШС бас байытушысы М.В. Косторев, "АК Алтыналмас" АҚ Ақтоғай филиалының директоры Дюсенаев М.Н., АҚ «Kazakhaltyn Technology» өндіріс директоры Бильдебаев Р.М. және т.б. болып табылады.
Қазіргі уақытта МжПҚБ кафедрасы бакалаврларды, магистрлер мен докторанттарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындайды:
бакалавриаттарды - ББ "6B07203-Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту";
магистратурада екі траектория бойынша:
- Білім беру бағдарламаларының тобы М117-Металлургиялық инженерия, ББ "7М07204-Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту»;
- Білім беру бағдарламаларының тобы М118-Пайдалы қазбаларды байыту, ББ "7М07223 - Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту"
докторантурада –ББ "8D07204 – Металлургиялық инженерия" дайындайды.
Сондай-ақ, 2019 жылы тамызда айында сарапшылар Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінде (ЖБББЖ) ББ "8D07201-Пайдалы қазбаларды байыту" бойынша PhD докторларын даярлауды мақұлдады.
"Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту" кафедрасында ғылыми-педагогикалық қызметті оқытушылар, оның ішінде 2 техника ғылымдарының докторы (профессор-зерттеушілер) және 8 техника ғылымдарының кандидаты, 4 PhD докторы, 3 техника ғылымдарының магистрі жүзеге асырады. Кафедраның ПОҚ арасында Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы мен Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академиктері мен корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының сарапшысы және минералды ресурстарды жіктеу жөніндегі БҰҰ сараптама тобының мүшесі (UNECE, Женева, Швейцария) бар. Кафедраның ғылыми дәрежелілігі-100%.
Кафедраның миссиясы: "Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту" кафедрасының миссиясы білім беру және технологиялар трансферті, Қазақстан Республикасының тау-кен байыту комбинаттары мен металлургиялық өндірістерінің инновациялық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті кадрларды даярлау және қайта даярлау болып табылады. Бұл миссияны іске асыру қоғамның ағымдағы қажеттіліктеріне сәйкес қазіргі заманғы технологияларды, ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметінің дағдыларын меңгерген құзыретті, әлеуметтік жауапты, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады. МиПҚБ кафедрасы пайдалы қазбаларды байыту және металлургия саласында жаңа білімді генерациялауға және таратуға, өндіріс үрдісінде озық технологияларды әзірлеуге және енгізуге арналған болып табылады.
Кафедраның стратегиясы: "Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту" кафедрасының стратегиясы металлургия және пайдалы қазбаларды байыту саласындағы елдегі ең үздік оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, консультациялық орталықтың беделін алу және қолдау болып табылады.
Кафедраның мақсаты: МжПҚБ кафедрасының мақсаты тау-кен металлургия кешені, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері, колледждер мен жоғары оқу орындары үшін оқуды бітіргеннен кейін бірден өндірістік циклге қосылуға дайын сұранысқа ие және жоғары білікті кадрларды даярлау және шығару болып табылады.
Мақсатқа жетудің міндеттері:
1. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары білікті мамандарды даярлау;
2. Бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
3. Кафедраның ғылыми қызметін жетілдіру, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру және ғылыми және инновациялық қызмет инфрақұрылымын жаңғырту.
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:
- жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістер құру үшін металлургия және пайдалы қазбаларды байыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарда мақалалар жариялау бойынша кафедра профессорлық-оқытушылық құрамының белсенділігін жандандыру;
-бизнес-құрылымдарды ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға тарту, инновациялық жобаларды өндіріске енгізу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға студенттерді, магистранттарды және докторанттарды тарту;
- бірлескен зерттеулер және біліктілікті арттыру курстары шеңберінде профессорлық-оқытушылық құрамын, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету;
- "Металлургия" және "Пайдалы қазбаларды байыту" бағыттары бойынша ғылыми мектеп қалыптастыру, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу;
- кафедрадағы ғылыми-зерттеу үдерісін және кафедрадағы инновациялық қызметті жетілдіру;
- жұмыс берушілердің қажеттіліктерін, түлектердің алған білім сапасына қанағаттануын бақылау және талдау;
- отандық және шетелдік басылымдарда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы еңбектерінің дәйексөздерін алынған нәтижелерді қорыта отырып қадағалау және әр қызметкер үшін жеке-жеке тенденцияны анықтау.
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру