Қаржы-шаруашылық қызмет департаменті
Қаржы және есеп департаменті қызметінің негізгі мақсаттары:
- Департамент қызметінің бағыттары бойынша Университеттің даму стратегиясын, миссиясы мен саясатын орындау;
- Университеттің өндірістік-шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету;
- университеттің қаржылық тұрақтылығын, оның өндірістік қуаттары мен ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
- мүдделі тұлғаларды университеттің қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелері туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржы және есеп департаментінің негізгі міндеттері:
- университеттің қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру және басқару;
- университеттің қаржылық қызметі туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру;
- бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, тиісті органдарға қаржылық, статистикалық және басқарушылық есептілікті жасау және ұсыну;
- университеттің бюджет және бюджеттен тыс қорлар алдындағы салықтық және өзге де міндеттемелерді орындауы;
- жедел жоспарлау және төлемдерді басқару;
- университеттің қаржылық және өндірістік-шаруашылық қызметін кешенді жоспарлау және талдау;
- университет инфрақұрылымын жетілдіру және дамыту;
- мүліктің және міндеттемелердің болуы мен қозғалысын, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануды есепке алуды қамтамасыз ету;
- шаруашылық операцияларды ұйымдастыруды дұрыс жүзеге асыру мақсатында университет басшылығын ақпаратпен қамтамасыз ету;
- университеттің шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау.