Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Институттың еліміздегі жоғары техникалық білімнің қалыптасу кезеңінен бастау алатын бай тарихы бар. Студенттерді алғашқы қабылдау 1932 жылы Семей қаласындағы Қазақ геологиялық барлау институтының құрамында "Гидрогеология"мамандығына ұйымдастырылды. 1934 жыл-құрамында геологиялық барлау факультеті құрылған Қазақ тау-кен металлургия институты құрылды.

2000 жылы геологиялық барлау және мұнай – газ ісі факультеттерінің негізінде Геология және мұнай – газ ісі институты құрылды. 2006 жылы институтқа көрнекті қоғам қайраткері, ғалым-геолог Қаратай Тұрысовтың есімі берілді.

2011 жылы университетті қайта құрылымдау нәтижесінде ғалымның есімін сақтай отырып, тағы да екі институт біріктіріліп, Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты құрылды.

2019 жылдың маусым айында университетті оңтайландыру нәтижесінде институт құрамына "Тау-кен ісі" және "Маркшейдерлік іс және геодезия" кафедраларының енгізіле отырып, Қ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен ісі институты болып қайта құрылды.

2021 жылдың шілде айында директорлар кеңесінің шешімімен және университетті қайта құрылымдау нәтижесінде институт құрамынан тау-кен бағытындағы екі кафедра ("Тау-кен ісі" және "Маркшейдерлік іс және геодезия" кафедраларын) шығарылып, "Химиялық және биохимиялық инженерия" және "Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология" кафедраларын қосумен Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты болып қайта құрылды.

Институт білім берудің барлық үш сатысында (бакалавриат, магистратура, докторантура) жер туралы ғылым саласында (геологтар, геофизиктер, мұнайшылар мен гидрогеологтар) және химиялық инженерия, инженерлік биотехнология салаларында, таукен-геологиялық, химиялық, мұнай химиясы, биотехнологиялық, энергетикалық, тау-кен металлургиясы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы салаларында қоршаған ортаны қорғау саласында эколог-мамандар дайындайды. Түлектер кен және мұнай геологиясы, геофизика, гидрогеология, бұрғылау және т. б. салаларының мамандары болып шығады.

Институт құрамына 6 шығарушы кафедра кіреді:

1. Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау кафедрасы

2. Геофизика.

3. Гидрогеология, инженерлік және мұнай-газ геологиясы.

4. Мұнай инженериясы.

5. Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология.

Институтта 94-тен астам оқытушы бар. Олардың ішінде 18 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 25 философия докторы (PhD) және 28 5ылым магистрлері бар. Бұдан басқа, жыл сайын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарын бітірген жоғары білікті жас мамандар жұмысқа қабылданады. Біздің институтта көп жылдық өндіріс және ғылым тәжірибесі бар белгілі ғалымдар – академиктер, корреспондент-мүшелер, техника және геология-минералогия ғылымдарының докторлары Жолтаев Г. Ж., Сыздыков А. Х., Байбатша А. Б., Абетов А. Е., Завалей В. А., Жунусов А. А., Касенов А. К. және басқалар дәріс оқиды.

Кадрларды сапалы даярлау үшін институтта қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылымдармен және оқу процесінде пайдалану үшін барлық қажетті инновациялық технологиялармен жарақтандырылған мықты материалдық-техникалық, ғылыми және оқу-зертханалық база бар. Микродеңгейде заттық құрамды зерттеу бойынша бірегей минералогиялық орталық және ең бай минералогиялық мұражай бар.

Институтта Геолог студенттерге арналған Қаратау оқу полигоны бар, онда студенттердің "Жалпы және тарихи геология" және "Құрылымдық геология" пәндері бойынша алған теориялық білімдерін нығайту, сондай-ақ геологиялық карталарды жасау дағдыларын игеру үшін далалық оқу геологиялық практикасы өткізіледі.

Студенттер деректерді өңдеу және түсіндіру кезінде өндірісте қолданылатын заманауи бағдарламаларға қол жеткізе алады, атап айтқанда: Studio RM құрылымдық-блоктық модельдеу және қорларды есептеу бағдарламасы, Oasic Montaj гравитациялық және геомагниттік өрістерді модельдеу бағдарламасы, Echos және Geolog focus сейсмикалық барлау және каротаж деректерін өңдеу және түсіндіру бағдарламалары, Surpac, Micromine, Arcgis, Mapinfo, Datamine, Leapfrog Geo бағдарламалары.

Институттағы білім беру процесі ғылыми-зерттеу жұмысымен үйлеседі, онда білім алушылар қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алады. Институттың қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобаларына профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

Институтта жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Жас ғалымдар кеңесі жас ғалымдардың тұрақты кәсіби өсуіне, олардың кәсіби деңгейін арттыруға, институт қызметінің бейіні бойынша Университеттің зерттеулері мен инновациялық әзірлемелеріне белсенді қатысуына жәрдемдеседі.

Студенттер, магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарына, сондай-ақ аймақтық және халықаралық маңызы бар түрлі конференциялар мен форумдарға, олимпиадаларға, конкурстарға, дебаттық турнирлерге белсенді қатысады.

Институт жыл сайын қазақ халқының ұлы, геолог және ғұлама ғалым Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған жыл сайынғы "Сәтбаев оқулары" халықаралық конференциясын өткізуге жауапты болып табылады. Жыл сайынғы конференцияда студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар ғылыми баяндамалар жасайды.

Институтта "Инженер-мұнайшылар қоғамы" (ЅРЕ), "Геологтардың біріккен қоғамы" (USG) және "Геофизиктердің зерттеушілер қоғамы" (SEG) жұмыс істеп тұрған студенттік бөлімшелер жұмыс істейді. ЅРЕ, USG және SEG мүшелері өңірлік және халықаралық деңгейдегі жетекші мұнай және геологиялық барлау және тау-кен компанияларының мамандары шақырылатын халықаралық деңгейде форумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, зияткерлік ойындар, кәсіби тренингтер ұйымдастырады және өткізеді.

Институт халықаралық қызметті белсенді жүргізеді, АҚШ, Еуропа, Ресей және т.б. институттарымен тығыз байланыста, білім алушылар Колорадо тау-кен мектебінің полигонында (Денвер қ., АҚШ) практикадан өтуге, Лоррэна университетінде (Нанси қ., Франция) қос дипломды білім беру жүйесі бойынша оқуға мүмкіндігі бар. Студенттер Adam Mickiewicz University (Польша), University of Warsaw (Польша), Томск политехникалық университетінде (Ресей), Bergakademie Freiberg (Германия), Vrije Universiteit Brussel (Бельгия), Natural History Museum (Лондон, Ұлыбритания), University of St. Andrews (Сент-Эндрюс, Ұлыбритания) университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Өндірістік және диплом алдындағы практикалар геологиялық және мұнай және тау-кен кәсіпорындарында өткізіледі, олармен ынтымақтастық туралы шарттар бар: "Казгеология" Ұлттық компаниясы, ЖШС «KAZAKHMYS BARLAU»,, "KAZ Minerals", "KAZAKHMYS" ЖШС, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК, "Теңізшевройл" ЖШС, "Шлюмберже", NCOC, KPO, "Волковгеология" АҚ, "Ансаган Петролеум" АҚ, Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты; "Теріскей" ЖШС, "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК, ОҚО, Белогор КБК "ГРК" ЖШС, ШҚО, Өскемен қаласы; "ГСП ізденіс" ЖШС Алматы қаласы; "АК Алтыналмас" АҚ Алматы қаласы; Алматы қ. "Қазақстан Компания минералы" СШҮ; Ақтөбе қ. "Қазхром" ТҰК АҚ Дон КБК – филиалы; Ақтөбе қ. "Запказнедра" МТД; Ақтау қ. "Бозашы нефть" ЖШС; Көкшетау қ. "Севказнедра" ГУМД; "РУ-6" ЖШС, ҚЗО, Шиелі к.; "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, Ақтөбе қ.; "Степное-РУ" ЖШС, ОҚО., Созақ ауд., Қыземшек кенті; "Қаражанбасмұнай" АҚ, Ақтау қ.; "ҚазНИПИмұнайгаз" АҚ, Ақтау қ.; "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ, Қызылорда қ.; Ембімұнайгаз, Атырау обл., Құлсары қ.; "Бозашы нефть" ЖШС, Ақтау қ.; "Латон-геосервис" ЖШС, Алматы қ.; «Қызылқұм» ЖШС, ҚЗО, Қызылорда қ.; Алматы қ. "Қапшағай гпэ" СҮ; "Хорасан-U" бірлескен кәсіпорны "ЖШС, Қызылорда қ., «Байкен U»"ЖШС, ҚЗО, Жаңақорған ауд., Байкенже к.;  «RIO TINTO Exploration Kazakhstan" ЖШС, Алматы қ. және басқалар.

 

Igngd@satbayev.university

Білім беру бағдарламалары
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту