HR қызметі

HR қызметі "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ (бұдан әрі – Университет немесе ҚазҰТЗУ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мақсаттары

HR қызметінің негізгі мақсаттары:

  • ҚазҰТЗУ-дың кадрлық қажеттіліктерін ағымдағы және ұзақ мерзімді жоспарлау. ҚазҰТЗУ-дың Даму жоспарына сәйкес қызметкер қажеттілігі болжамын дайындау, ПОҚ қойылатын біліктілік талаптарын анықтау, кадрлардың тұрақтамауын талдау;
  • ҚазҰТЗУ профессор-оқытушылар құрамы (бұдан әрі - ПОҚ) мен барлық қызметкерлер лауазымындағы ізденушілерге қойылатын талаптарды, критерийлерді, уәждеу жүйесін әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасындағы жетекші техникалық ЖОО ретінде университеттің беделін арттыру болып табылады.

Міндеттері

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін HR қызметі келесі міндеттерді шешеді:

  • қызметкерлерге қойылатын талаптар жүйесін (лауазым бейіндері) әзірлеу;
  • қызметкерлердің өндірістік қайтарымын арттыру мақсатында оларды тұрақтандыру және ынталандыру үшін жағдай жасауға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
  • кадрлық резерв жұмыстарын іске асыру, қажетті біліктілігі бар қызметкерлердің келуін қамтамасыз ету және бейімдеу мен оқыту жүйесін әзірлеу;
  • ҚазҰТЗУ-дың құрылымы мен қызметкерлерін оңтайландыру, еңбек тәртібін нығайту, барлық деңгейдегі қызметкерлер еңбегінің барынша тиімділігіне қол жеткізу мақсатында материалдық және моральдық ынталандырудың тиімді саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

Нормативтік құжаттар

Қызмет өз жұмысында келесі нормативтік-құқықтық актілерді:

  • Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын;
  • Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңын;
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III "Білім туралы" Заңын;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV "Ғылым туралы" Заңын;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ Еңбек кодексін;
  • ҚазҰТЗУ Жарғысын;
  • Е 029-06. 11-2-01-2016 Ішкі тәртіп ережелерін;
  • ҚазҰТЗУ-дың сапа саласындағы саясатын;
  • HR қызметі туралы ережені басшылыққа алады.

Бөлімшенің құрылымы

HR қызметінің құрылымы мен штаттық саны директордан және бас менеджерлерден тұрады, штаттық саны белгіленген тәртіпте бекітілген университеттің штаттық кестесімен анықталады.

HR қызметінің қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді HR қызметінің директоры лауазымдық нұсқаулықтарға және жауапкершілік матрицасына сәйкес жүзеге асырады.

HR қызметін ҚазҰТЗУ Басқарма төрағасы-ректорының бұйрығымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады. HR қызметінің директоры HR қызметінің жұмысына тікелей басшылық етеді, ҚазҰТЗУ-дың кадрлық қажеттіліктерін ағымдағы және ұзақ мерзімді жоспарлауды ұйымдастырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • HR қызметінің директоры: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің; білім және ғылым ұйымдарында персоналды басқару саласында (оның ішінде басшылық қызметте) кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
  • бас менеджер: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің, кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Бөлімшенің функциялары

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін HR қызметі келесідей функцияларды орындайды:

  • заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес конкурс бойынша ПОҚ жұмысқа қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді, Конкурстық комиссияның жұмысын дайындайды және ұйымдастырады;
  • кәсіпорын қызметкерлерінің бейімделу жүйесін әзірлейді, сынақ мерзімінен өту мерзімдері мен нәтижелерін қадағалайды;
  • алдағы жылға арналған HR қызметінің жұмыс жоспарын дайындайды;
  • HR қызметінің бизнес-процестерін жазады және қолданыстағы барларын оңтайландырады;
  • жасалған еңбек жағдайлары мен технологиялары арқылы әрбір қызметкердің әлеуетін барынша іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
  • уәждеу жүйесін талдайды, әзірлейді және енгізеді;
  • еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтарды, еңбек шарттарын ресімдеу;
  • университет қызметкерлерінің құрамын сандық және сапалық талдау;
  • Университеттің профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсты әдістемелік, құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз ету, конкурс нәтижелерін талдауға қатысу, Конкурстық комиссия шешімдерінің орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру;
  • жеке құрамды есепке алу, кадрлар бойынша белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізу;
  • университеттің ішкі базасында, enbek.kz, NOBD базаларындағы кадрлар бойынша деректерді жаңартады;
  • еңбек кітапшаларын қабылдау, толтыру, сақтау және беру;
  • Университетте жұмыс істеу туралы анықтама беру;
  • кадрлармен жұмыс мәселелері бойынша органдар шешімдерінің, бұйрықтар мен өкімдердің орындалуын бақылау;
  • жұмыс уақытын есепке алу табелінің дұрыс жүргізілуін бақылау, Департаменттердің, институттар мен университет басшылығының уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының есебін жүргізу;
  • еңбек демалыстарының кестесін жасауды бақылау, қызметкерлердің еңбек демалысын пайдалануын есепке алу, бекітілген кестелерге сәйкес кезекті еңбек демалыстарын және қосымша еңбек демалыстарын, еңбекақысы сақталмайтын еңбек демалыстарын, материалдық көмек төлеу жөніндегі бұйрықтарды және т.б. ресімдеу;
  • кадрлардың штаттық-лауазымдық орналастыруын қалыптастыру;
  • қызметкерлердің Ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін сақтауын бақылау;
  • құқықтық қызмет органдары, ҚР ҒжЖБМ және т.б. сұраған кадрлар бойынша ақпараттарды ұсыну;
  • қызметкерлердің жеке істерін Университет архивіне тапсыру.

Жұмысты жоспарлау және есеп беру

HR қызметінің жылдық жұмыс жоспары HR қызметінің жоспарына сәйкес жасалады және Басқарма аппаратының басшысы бекітеді. HR қызметінің жылдық жұмыс жоспарына Университет қызметкерлерінің қызмет және біліктілігін арттыру жоспары кіреді.

Басқа бөлімшелермен өзара әрекеттесу және байланыс

HR қызметі Басқарма аппараты басшысының талаптарын орындайды.

HR қызметі өз қызметінде Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен, қызметкерлер кәсіподағы комитетімен, Университеттің қоғамдық ұйымдарымен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен өзара әрекет жасайды.

 

Байланыс жолдары:

HR қызметінің директоры: Беисова Ажар Қайроллқызы,  +7 727 320 40 20,  a.beissova@satbayev.university

  • ПОҚ жұмыс жөніндегі бөлім:  +7 727 292 60 37, 
  • ӘБП, ОКП, ҚКП жұмыс жөніндегі бөлім: +7 727 320 41 10.

Мекен-жайы: Алматы қ., Сәтбаев көш., 22, (Масаншы көшесінің қиылысы), Мұнай ғимараты, 205 б. (2-қабат)

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма, 08:30 -17:30, түскі үзіліс  - 13:00 -14:00.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту