Тұрақты даму орталығының жобалау кеңсесі

Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалық кеңсе Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ Директорлар кеңесінің 2023 ж. 24 қазандағы шешімімен Университеттің жобалық кеңсесі базасында құрылды.

Жобалық кеңсе университеттің тұрақты даму стратегиясы мен саясатын әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Университеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің тұрақты даму саласындағы академиялық, ғылыми, инновациялық және әлеуметтік қызметін үйлестіреді. Тұрақты даму мәселелері бойынша отандық және шетелдік университеттерімен және ғылыми орталықтармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бизнеспен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі.

Осы мақсатқа жету үшін жобалық кеңсе келесі міндеттерді атқарады:

  1. университеттің тұрақты даму мақсаттары стратегиясын әзірлеуді ұйымдастырады;
  2. университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп тұрақты даму саясатын қалыптастырады;
  3. тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысын әзірлейді және талдау жүргізеді;
  4. университеттің құрылымдық бөлімшелеріне БҰҰ жаһандық шартының қағидаттары мен жобаларды басқару қағидаттарына негізделген тұрақты даму міндеттері мен жобаларын әзірлеу және іске асыруда кеңес береді;
  5. профессорлық-оқытушылық құрамды, әкімшілікті және студенттерді тұрақты даму мақсаттарына адалдықты қалыптастыруға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  6. тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық академиялық қоғамдастықпен, ұйымдармен, мекемелермен, үкіметтік емес ұйымдармен, бизнеспен және мемлекеттік органдармен ынтымақтасады;
  7. тұрақты дамуға бағытталған республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  8. университеттің институттарына, орталықтарына және құрылымдық бөлімшелеріне тұрақты даму саласында білім беру бағдарламалары мен жобаларын қалыптастыруға және құруға көмек көрсетеді;
  9. тұрақты даму мақсатында, оның ішінде шетелдік тағылымдамалар мен іссапарлар арқылы университет қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу бағдарламаларын әзірлеуге және үйлестіруге қатысады;
  10. тұрақты дамудың эталондары, жағдаяттары мен перспективалары бойынша білім базасын қалыптастырады.

Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалық кеңсе университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кеңсе меңгерушісін Ректор тағайындайды және ол тікелей университет Ректорына есеп береді. Кеңсе меңгерушісі жобалық кеңсе командасын құрады.

Жанна Төлегенова – Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалық кеңсесінің меңгерушісі, стратегиялық және өкілдік функцияларды орындайды.

Әлия Жақсылықова – Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалық кеңсесінің бас менеджері, ұйымдастырушылық және коммуникациялық функцияларды қамтамасыз етеді.

Айжан Қалқаева – Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалық кеңсесінің менеджері, ақпараттық-аналитикалық қолдау көрсетеді.

 

Байланыс:

Әлия Жақсалықова
e-mail: a.zhaxalykova@satbayev.university



Тұрақты даму орталығының жобалау кеңсесі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту