«Инженерлік механика» кафедрасы
Тарихы
2021жылдың тамыз айынан бастап Университеттегі құрылымдық өзгерістерге орай "Қолданбалы механика және инженерлік графика" кафедрасы "Инженерлік механика және моделдеу" және "Сызба геометриясы және инженерлік графика" болып екі кафедраға бөлінді. "Инженерлік механика және моделдеу" кафедрасының құрамына «Математика және кибернетика» ғылыми білім беру орталығының «Математикакалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасына қатысты бөлігі де қосылды.
"Инженерлік механика және моделдеу " кафедрасының құрылу тарихы сонау 1934 жылдан басталады, ол кезде Қазақстанның алғашқы техникалық жоғары оқу орны – Қазақ тау-кен металлургия институты ашылды. Өзінің қызмет ету кезеңінде кафедра бірнеше рет қайта құрылды, бірнеше кафедраларға бөлінді және біріктірілді, оның құрамына әр уақытта "Техникалық механика және жылу техникасы", "Теориялық механика", "Материалдар кедергісі және машиналар мен механизмдер теориясы", "Құрастыру негіздері және машина бөлшектері", "Сызба геометрия және инженерлік графика" және т. б. кафедралар қосылды.
Әр жылдар бері кафедрамен меңгергендер: т.ғ.к., доцент Фаворский В.В.; т.ғ.к., доцент Брежнев В.В.; инженер-механик Бочкарев Г.А.; т.ғ.к., доцент Бобов А.Н.; т.ғ.к., доцент Акимов К.Т.; т.ғ.к., доцент Чукобаев А.А.; т.ғ.к., доцент Тлеукабылов А.Е.; т.ғ.д., проф. Ракишев Б.Р.; т.ғ.д., проф. Есмухан Ж.М.; д.ф.-м.н., проф. Тюреходжаев А.Н.; т.ғ.д.., проф. Нурмуханов Б.Н.; т.ғ.д., проф. Казыханов Х.Р.; т.ғ.д., проф. Тажибаев С.Д.; т.ғ.д., проф. Аканов Х.Г.; т.ғ.д., Исаков К.А.; т.ғ.д., проф. Ибраев С.М.; т.ғ.д., Косболов С.Б.; т.ғ.к.., доцент Куспеков К.А. және басқалары.
Кафедрада атақты ғалымдар, академиктер жұмыс атқарған, олар ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д.., проф. Джолдасбеков У.А., ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., проф. Уалиев Г.У., т.ғ.д., проф. Рахимов, ф.-м.ғ. д., проф. Тлеукенов С.К. т.ғ.д., проф. Иванов К.С., және басқалары.
Қазіргі уақытта кафедрада төрт толық ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы жұмыс істейді. 2016 жылы кафедра меңгерушісі лауазымына конкурс бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, ҰИА академигі, профессор Қалтаев Айдархан сайланды.
Мамандықтар
Кафедрада 2021 жылғы оқу жылынан бастап 5В070500 «Комьютерлік және математикалық модельдеу» мамандығы бойынша жаңа мамандық ашылды. Осы мамандықтың түлектері техника және технология бакалавры академиялық дәрежесін алады. 2008 жылдың қыркүйегінде 5В070500 - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша магистратура ашылды, магистратурада 6 (алты) магистрант оқып жатыр.
2001 жылдан бастап кафедра 250240 – "Машиналардың динамикасы мен беріктігі" мамандығы бойынша студенттерді даярлай бастады, кейіннен ол 5В071200 – Машина жасау мамандығының құрамында мамандануға айналды.
2009 жылдан бастап кафедра 5В090100 – "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану"мамандығы бойынша студенттерді даярлай бастады.
2019 жылдан бастап кафедра "Инженерлік механика" жаңа білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындай бастады. Ол "071 - Инженерия және инженерлік іс" дайындық бағытының "В064 – Механика және металл өңдеу" Білім беру бағдарламаларының тобына кіреді.
Кафедра әлемнің Stanford University, University of Cambridge Georgia Institute of Technology, Pennsylvania State University, Назарбаев Университеті, Nanyang Technology University, Tokyo University және т. б. сияқты жетекші техникалық университеттерінің оқу жоспарлары негізінде әзірленген осы білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудың негізі болып табылады. Қазіргі уақытта бұл бағдарлама механикалық және жылу жүйелерін зерттеу, оларды өндіру және жобалау принциптерін біріктіретін инженерлік бағдарламалардың ішіндегі ең кеңі болып табылады және оның мақсаты жаратылыстану ғылымдары мен механика бойынша іргелі пәнаралық білімі мен дағдылары бар; күрделі физикалық және механикалық процестерді модельдеуге және зерттеуге және механикалық жүйелерді жобалауға қабілетті; машина жасауда, энергетикада, химия өндірісінде, көлікте жобалаушы ретінде жұмыс істей алатын инженер-механиктерді даярлау болып табылады.; автономды механизмдер мен роботтарды дамытуға қабілетті.
Кафедра оқытушылары барлық пәндер бойынша сабақтарды үш тілде жүргізеді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде; бакалавриат және докторантурада сабақтар өткізеді; бакалавриат студенттерінің дипломдық жұмыстарының жетекшілері және PhD докторанттарының ғылыми жетекшілері болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
2017 жылы кафедра оқытушылары 13 жоба дайындап, ҚазҰТЗУ-дан ҚР БҒМ-ге гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім берді. Оның ішінде кафедраның ПОҚ үш жылға жалпы қаржыландыру көлемі 243 947 мың теңге болатын ҚР БҒМ МФ 2 жобасын және ҚР БҒМ ПЦФ 1 жобасын жеңіп алды. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары ҚР БҒМ Ғылым комитеті мен Дүниежүзілік банктің үш жылға арналған жалпы қаржыландыру көлемі 270 100 мың теңгені құрайтын 2 бірлескен ғылыми жобалары бойынша жұмысқа қатысуда. Кафедраның ПОҚ басқа ЖОО мен ұйымдардан ҚР ҒЖБМ ғылыми жобаларына қатысады.
Кафедраның ғылыми бағыттары:
- Уран және мұнай кен орындарын игеру үшін интеллектуалды басқару және шешім қабылдау жүйелері.
- Машиналар мен манипуляторлардың атқарушы механизмдерінің құрылымдық-параметрлік синтезі.
- Континенттік климат жағдайларында тұрғын үйлерді жоғары әлеуетті жылумен жабдықтауға қатысты автокаскадтық күн жылу сорғысын әзірлеу.
- Үй-жайларды жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін күн жылу энергиясын маусымдық шоғырландыру технологиясы.
- Жаңа иінді атқарушы механизмдер негізінде күштік пресс-автоматтарын жобалау әдістері мен технологияларын әзірлеу.
- Тиеу-түсіру және тасымалдау операцияларын автоматтандыру үшін көтергіші бар мобильді роботтардың тәжірибелік өндірісін және даму технологиясын жасау.
- Күрделі механикалық қасиеттері, жабыны және қозу көздері бар деформацияланатын қатты ортадағы беттік толқындар өрісінің асимптотикалық модельдерін жасау және дамыту.
Соңғы жылдары кафедра оқытушылары 10-нан астам монография, оқулықтар, оның ішінде электронды және оқу құралдарын шығарды; жоғары рейтингтік журналдарда 10-ға жуық мақала жарияланды; 5-тен астам патент пен авторлық куәлік алынды. Кафедра қызметкерлері түрлі республикалық және халықаралық конференцияларға, конгрестер мен симпозиумдарға белсенді қатысып, баяндама жасайды. Кафедрада ғылыми семинарлар жұмыс істейді. Жыл сайын СҒЗЖ-ға қатысатын білім алушылардың саны өсуде. Кафедрада үш оқу зертханасы және екі компьютерлік сынып бар.
Мақсаты мен міндеттері
Кафедра қызметінің басты мақсаты білім беру қызметтері нарығының және еңбек нарығының серпінді өзгеріп отырған қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету; үштілділік негізінде кафедраның ғылыми - білім беру, инновациялық және ғылыми-педагогикалық қызметін дамыту және күшейту болып табылады.
Кафедра алдына төмендегідей міндеттер қояды:
- математикалық және компьютерлік модельдеу, әртүрлі механикалық және технологиялық процестерді жобалау және есептеу саласында заманауи білім беру;
- білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметі арқылы дамыту;
- білімге деген ұмтылыс пен зияткерлік мотивация атмосферасын құру;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
- жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік орнату
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру