Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – қызметкер өзінің қызметтік жағдайын қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қайшы келетін мақсатта, яғни ақша, құндылықтар, мүлік немесе мүліктік сипаттағы қызметтер түрінде пайда алу мақсатында теріс пайдалануы. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке, қоғамға және білімге тигізетін зиянын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы No 410-V ЗРК Заңын орындау шеңберінде Сәтбаев Университеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу бойынша бірнеше іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Іс-шаралар университет қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен моральдық нұсқаулар жүйесін құруға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және Сәтбаев Университетінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл іс-шаралар қатарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жыл сайын ішкі талдау жүргізу де жатады. Талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін университет барлық қажетті шараларды жасайды.
Сәтбаев Университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөніндегі жаңалықтарды қарау
Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Бірыңғай байланыс орталығына 1424 телефоны арқылы қоңырау шалып (қоңырау шалу тегін), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес алуға болады.
Саll-орталық 1424 азаматтарға мына мәселелер бойынша кеңес береді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет назарына түсу;
- өтініштер мен хабарламалардың қаралуы туралы;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіретіне жататын басқа да мәселелер.
Бірыңғай байланыс орталығы күн сайын тәулік бойы жұмыс жасайды.
Егер де сіз ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, мына мекенжайларға хабарлаңыз:
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің блогы
- Электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы (бұл үшін электрондық сандық қол болуы қажет – ЭЦП).
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Бірыңғай байланыс орталығы 1424
- WhatsApp +7 702 888 34 44
- Сенім телефоны: 8 (727) 292-57-15; 8 (727) 320-40-70
Сыбайлас жемқорлық туралы хабар бергім келеді