Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект академиясы

Миссиясы Цифрлық экономика мен болашақ индустриясы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған заманауи қашықтықтан білім беру технологияларын, цифрлық платформаларды және оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу арқылы қолжетімді, сапалы және бәсекеге қабілетті әлемдік деңгейдегі білім беруді қамтамасыз ету.

Пайымдауы (Видение) Орталық Азиядағы онлайн-білім берудің көшбасшы экожүйесін қалыптастыру, жаһандық білім беру кеңістігіне кірігу, адам капиталының үздіксіз дамуын және Қазақстан Республикасының технологиялық көшбасшылығын қамтамасыз ету.

Стратегиялық мақсаттары

  • университеттің цифрлық білім беру ортасын дамыту және масштабтау;
  • білім алушылардың географиялық орналасуына қарамастан, білім беру бағдарламаларының қолжетімділігін арттыру;
  • халықаралық білім беру платформаларын және әлемдік үздік тәжірибелерді оқу процесіне интеграциялау;
  • индустрия мен жаһандық еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  • үздіксіз білім беру және кадрларды кәсіби қайта даярлау жүйесін дамыту.

Негізгі міндеттері

  • заманауи педагогикалық және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, онлайн-білім беру контентін әзірлеу және өзектендіру;
  • білім беру ресурстарына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, оқу процесін «Polytech Online» цифрлық платформасы негізінде ұйымдастыру;
  • білім сапасына мониторинг жүргізу жүйесін, соның ішінде ағымдағы, аралық және қорытынды білімді бақылауды дамыту;
  • прокторинг, антиплагиат және білім алушыларды цифрлық сәйкестендіру құралдарын енгізу;
  • жаппай ашық онлайн-курстарды (MOOC) университеттің білім беру бағдарламаларына интеграциялау;
  • профессорлық-оқытушылық құрамның цифрлық педагогика және онлайн-оқыту саласындағы құзыреттерін дамыту.

Дамудың басым бағыттары

  • білім беру процестерін цифрландыру және бірыңғай ақпараттық білім беру ортасын дамыту;
  • инженерлік, IT және пәнаралық бағыттар бойынша онлайн-курстар құру және масштабтау;
  • оқу процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу;
  • халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жаһандық білім беру ресурстарына, соның ішінде Coursera платформасына қолжетімділікті кеңейту;
  • икемді білім беру траекторияларын және жекелендірілген оқыту модельдерін қалыптастыру;
  • индустриялық серіктестер үшін корпоративтік оқыту мен біліктілікті арттыру бағдарламаларын дамыту.

Online оқытуды дамыту стратегиясы

Satbayev University онлайн оқыту стратегиясы академиялық білімді, ғылым мен индустрияны интеграциялауды қамтамасыз ететін тұрақты цифрлық білім беру экожүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Стратегияның негізгі элементтері:

  • университеттің цифрлық инфрақұрылымының өзегі ретінде меншікті білім беру платформасын дамыту;
  • басым бағыттар бойынша бакалавриат пен магистратураның онлайн бағдарламаларын масштабтау;
  • оқу нәтижелерін қайта есептеу мүмкіндігімен халықаралық онлайн курстарды интеграциялау;
  • «Өмір бойы білім алу» (Lifelong Learning) моделін дамыту;
  • халықаралық нарықта университеттің білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыру.

Күтілетін нәтижелер

  • түлектердің ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • онлайн формат есебінен білім алушылар контингентін кеңейту;
  • цифрлық білім беру контенті мен онлайн курстар үлесінің өсуі;
  • университеттің инженерлік және IT білім берудің жетекші орталығы ретіндегі позициясын нығайту;
  • үздіксіз білім берудің тұрақты жүйесін қалыптастыру.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту