Сәтбаев университетi түлектер қауымдастығы

Satbayev University ALUMNI қауымдастығы

 

Құрылу тарихы

Satbayev University түлектерінің «Алумни» қауымдастығы 2008 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің АЛУМНИ қауымдастығы мен оның түлектері арасында көп жақты ұзақмерзімді қарым-қатынастар құру мақсатында құрылды. Satbayev University ALUMNI қауымдастығын ресми тіркеу – 2009 жылғы сәуір.

 

Қауымдастық миссиясы

Қауымдастық институттық-университеттік дәстүрлерді, мақсатын қолдауға, дамытуға, оның рухы мен басымдықтарын сақтауға, Satbayev University материалдық базасын дамыту мен жетілдіру, білім сапасын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қаржылай көмек көрсетуді талап етеді.

 

Қауымдастық міндеттері

  • Университетті бітіргеннен кейін түлектер арасында байланыс орнату және оны дамыту;
  • Университеттің қызметі, оның бағдарламалары, жобалары, оқиғалары, жаңалықтары және тағы басқалар туралы түлектерді ақпараттық қолдау;
  • Қауымдастық желісі арқылы институт жобаларын қолдау;
  • Университет түлектерінің үздік жетістіктерін насихаттау;
  • Университет түлектері арасында кәсіби және мәдени байланыстарды нығайту, олардың қызмет бабында көтерілуі мен мансабының жоғарылау мониторингі;
  • Satbayev University түлектері табысты жұмыс істейтін компаниялар мен ұйымдармен қауымдастықтың іскерлік байланыстарын орнату және нығайту;
  • Студенттік ортада өз университеті үшін мақтаныш сезімде, Қазақстан Республикасындағы ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі болуға, қоғамдық элита мен техникалық интеллигенцияға қатыстылыққа тәрбиелеу.

 

Қауымдастықтың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне келесі жолдармен жетеді:

  • Кәсіби және шығармашылық қызметтің әртүрлі бағыттарында табысқа жеткен университет түлектерімен студенттер кездесуін ұйымдастыру;
  • Қауымдастықты интернет сайтында тіркеу, мұнда бірге оқыған достарын табуға, кездесу туралы келісуге, өз компанияң туралы ақпаратты, хабарламаны жариялауға, курстасыңды туған күнімен құттықтауға, ортақ мәселелерді талқылауға және т.б. болады. Мұнда Сәтбаев  Университетінің кез-келген тіркелген түлегі туралы ақпаратты табуға, сондай-ақ өзің туралы ақпаратты жаңартуға болады;
  • Satbayev University түлектері туралы баспасөзде жариялау;
  • Satbayev University түлектерінің мансаптарының ойдағыдай дамуы мен кәсіптік өсу тарихын қамтитын деректер кітабын шығару.
  • Түлектердің деректер базасын құру;
  • Қауымдастық мүшелерінің барлық артықшылықтары мен басымдықтарының тізімімен түлектер қауымдастығы мүшелік карточкаларын қолданысқа енгізу;
  • Түлектер кездесуін ұйымдастыру;
  • Түлектердің өміріндегі маңызды оқиғаларды қадағалау және жазып алу;
  • Satbayev University түлектерінің жанама немесе тікелей қатысуымен,                БАҚ деректер базасын құру және оған тіркеу;
  • Satbayev University шығармашылық және іскерлік байланыстары бар шетелдік жоғары оқу орындарының Алумни арқылы әлемдік қауымдастыққа бірігуі және қауымдастықтың дамуы.

 

Satbayev University Алумни қауымдастығы мүліктерін қалыптастыру көздері:

  • әртүрлі нысандардағы ұйымдар мен жеке азаматтардың ерікті жарналары мен қайыр көрсетуі, түсімдері;
  • Satbayev University Алумни қауымдастығы өткізетін қайырымдылық акцияларынан, аукциондардан және басқа да іс-шаралардан түскен түсімдер;
  • грант, жеке стипендия және жебеушілік түріндегі қаржылық көмек;
  • рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражаттар мен түсімдер болып табылады.

Бөлімшелер

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту