Сәтбаев университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-нің «Қ.И.Сәтбаев Атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық Университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы» филиалы.
Өмірзақова Шолпан Медетбекқызы
Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТЗУ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТЗУ бастауыш кәсіподақ ұйымы Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің филиалы.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың бастауыш кәсіподақ ұйымы өз қызметінде, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңын, кәсіподақ Жарғысын, қолданыстағы заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы тікелей ұйымда орналасқан және осы ұйымның қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі.
Бастауыш ұйым өз қызметінде мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, саяси және басқа да қоғамдық ұйымдарға тәуелсіз, есеп бермейді және бақыланбайды. Олармен қарым-қатынас тең құқылы ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде құрылады.
Кәсіподақтың мақсаты - кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау болып табылады. Қызметкерлер мен олардың отбасыларына спорттық және мәдени іс-шараларда демалу үшін қосымша мүмкіндіктер беретін корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды дамыту.
Кәсіподақтың басты міндеті – еңбекке қолайлы жағдай жасау. Университет қызметкерлерінің өздерін қауіпсіз сезінуі, жұмыс орындарын сақтауы, лайықты жалақы алуы және қолайлы еңбек жағдайлары болуыды қамтамасыз ету.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы/төрайымы сайланбалы жалғыз атқарушы орган болып табылады. Ол, жұмыс берушімен қарым-қатынаста бастауыш ұйымның уәкілетті өкілі болып табылады.