Инженерлік жүйелер мен желілер кафедрасы
Тарихы
Инженерлік кадрлар дайындығы біздің мамандық бойынша қазақ политехникалық институтында 1963 жылдан басталады, құрылыстық факультетінде ашылған мамандық «Жылугазжабдықтау және желдеткіш» болып табылады. 1980 жылы базалық құрылыстық және архитектуралық факультетінде Алматылық архитектуралық – құрылыстық институт негізін қалады. Базалық мамандықта санитарлы-техникалық, одан кейін «Сумен жабдықтау және канализация жүйесі» мамандықтары негізін қалады, яғни ашылды.
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да 2002 жылдан бастап 430540 - «Жылугазбен жабдықтау, желдеткіш және қоршаған ортаны қорғау», 430640 – «Сумен жабдықтау және су ресурстарын қорғау» мамандығы бойынша мамандарды қайтадан дайындауды бастады. 2003 жылы «Инженерлік жүйелер және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы құрылды, ал 2008 жылдан бастап «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандағы «Гидрогеология және инженерлік геология» кафедрасымен бірігіп маман дайындауды бастады. 2011 жылы кафедра «Инженерлік жүйелер және желілер» деп өзгертілді.
2012 жылы кафедра сумен жабдықтау және канализация, жылугазбен жабдықтау және желдеткіш бағытындағы 5В075200 – «Инженерлік жүйелер және желілер» жаңа мамандығын ашып лицензия алды. Қазіргі уақытта «Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасы төмендегідей мамандықтар бойынша бакалавр мен магистранттарды дайындайды: 5В075200 – «Инженерлік жүйелер және желілер», 5В072900 – «Құралас», 5В080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану».
Кафедрада «Инженерлік жүйелер және желілер» және «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандықтары бойынша зерттеуге және білімдерін қорытындылауға арналған үлкен лабораториялық база бар. Қазақ, орыс, және ағылшын тілінде лабораториялық стенд каталогы шығарылды.
Мақсаты: ғиматтың инженерлік жүйелері және құрылғылары тұрғындардың өмір сүруі үшін және басқа сфералар үшін маңызды жүйе болып табылады. Инженерлік жүйелер – жылумен, газбен, канализациямен өңделген сарқынды суларды әкетіп, өмір сүру үшін ыңғайлы жағдай жасайды. Ғимараттар мен құрылғылар микроклиматы – құрылыс ғылымдары мен техникасы үшін маңызды бөлімдердің бірі болып табылады. Инженерлік жүйелер – су ресурстары мен ауа бассейндерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Энергияны үнемдеу . Энергияны үнемдеу және ауа шығарындылары туралы заңдар кезінде жасалған жылу қорғау ғимараттарын қайта құруға бекітілген. Инженерлік жабдықтардың барлық жүйелері осы заңдар негізінде жобалану керек және жасалынуы керек. Салынып жатқан ғимараттардың жылу қорғау жүйелерінеқарағанда инженерлік жүйелерге көп мән беріледі.
Мамандардың дайындау тапсырмасы жобалық жұмыстарға қатысуға және эксплуатациялық жұмыстар, жылу жүйесінің мантажы, желдеткіш, ауаны кондиционерлеу, сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, көтелді, сонымен қатар осы жүйелерді реконструкциялауға бағытталған.
Мақсат пен стратегия
Кафедраның мақсаты Қ.Р.-ның халық шаруашылығына мамандарды тдайындау. Халық шаруашылық мамандарын дайындау келесі дағдыларды қажет етеді:
- жылу жүйесіне байланысты жобалық жұмыстар, желдету және ауа тазарту, жылу және газбен қамту жүйелері, сумен қамту және канализация, жылыту қондырғылары және де ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелерін қайта жаңарту;
- жылу жүйесін жөндеу және реттеу жұмыстары, ауа тазарту және салқындату, қазандық қондырғылар, газбен және жылумен қамту жүйелері, сумен жабдықтау және канализация жүйесі;
- құрылыс бөлімдеріндегі әкімшіліктің қызметі, қалалық әкімшілік, құрылыс комитеті және басқа да мемлекеттік мекемелерде, өндірістік кәсіпорындарда және экологияда;
- оқытушылық мансап орта кәсіптік мектептерде құрылыс индустриясы үшін кадрлар дайындау;
Кафедра елдермен кең халықаралық байланыста: ТМД (Росссия, Қырғызстан, Өзбекістан, Белорусия, Әзірбайжан) және алыс елдер (Түркия, Сербия, Польша, Малайзия).
Кафедрада 16 ОПҚ жұмыс жасайды: ғылымдар докторы, профессорлар – 4, онын ішінде М. Мырзахметов – академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; 7 – ғылымдар кандидаттары, академиялық профессорлар және 3 – ассистент.
Соңғы жылдары кафедраның ОПҚ-ры 5 оқулық, 30 дан аса оқулықтар мен оқу – әдістемелік материалдар шығарды. Кафедрада 2 «ЖОО арасындағы үздік мұғалім» сыйлығының лауриаттары бар (Мырзахметов М. – академик, т.ғ.д., Касымбеков Ж.К. – профессор, т.ғ.д.).
«Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасының меңгерушісі техникалық ғылымдар кандидаты, ассоциированный профессор Алимова К.К. - практикалық және ғылыми-педагогикалық қызметінде мол тәжірибесі бар маман.
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру