«Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік лабораториясы
«Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік лабораторияның құрамына үш бөлім кіреді:
1) Компьютерлік модельдеу және бағдарламалық жасақтама (КМжБЖ);
2) Жерасты гидродинамикасы (ЖГ);
3) Баламалы энергетика (АЭ).
«Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік лабораториясында 8 штатты және 3 штаттан тыс қызметкер жұмыс жасады. Лаборатория қажетті компьютерлік және кеңселік техникамен жабдықталған: 10 графикалық станция, 5 ноутбук, 3 ультрабук, 4 МФУ, 2 лазерлі қара/ақ басатын принтер және 1 түрлі түсті басатын принтер.
Қазіргі кезде «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік лабораториясында ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің 2020-2022 жылғы «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бюджетті бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында екі тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде: 1) «Ньютондық сұйықтық қозғалысының тұтқырлы пластикалық күйге ауысуын зерттеу». Басым бағыты бойынша: 8. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер. 2) «Қататын және тұтқырлығы жоғары мұнай қоспаларын циклдік айдауды оңтайландырудың цифрлық технологиясы». Басым бағыт бойынша: 3. Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар.
Сонымен қатар, «Ақпараттық жүйеге қызмет көрсету және техникалық қолдау көрсету қызметтері» (ҚазТрансОйл» АҚ-мен 2021 жылғы 06 қыркүйектегі № 615310/2011/1 шарт) шаруашылық келісім-шарт тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылға ғылыми жобаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 69 927 мың теңгені құрады.
ҚазҰТЗУ-нің 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында зертхана келесі стратегиялық міндеттерді орындайды: келісімшарттық зерттеулердің сапалы нәтижелері – Q1 және Q2 көрсеткіштері бар журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялау; жоғары сапалы ғылыми зерттеулер – шаруашылық келісім-шарт шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, жобаларды коммерцияландыру, ғалымдар мен зерттеушілердің жалпы санындағы жас ғалымдардың үлесін арттыру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру» тармағы, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының «Жасыл» экономика және экология» тармағы.
Зертхананы одан әрі дамыту шеңберінде оны келесі арқылы кеңейтуге және нығайтуға болады: SmartTran бағдарламалық пакетінің қосымша модульдерін құру және техникалық қолдау бойынша одан әрі жұмыс; анық емес геологиялық-физикалық деректер жағдайында мұнай кен орындарының мұнай бергіштігін арттыруының тиімді әдістерін таңдаудың интеллектуалды жүйесін құру; сутегі энергетикасы саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту; жылу желісі бойынша цифрлық егіз бағдарламаны іске асыру (Павлодар қ.).
Мамандықтар атласы бойынша Зертхана базасында студенттерді, магистранттарды, докторанттарды келесідей жаңа мамандықтар бойынша оқытуға болады: мұнай-газ саласындағы инженер-аналитик; 3D басып шығару операторы; Кен орындарының цифрлық егіздерін құру бойынша инженер-конструктор; Тау-кен және металлургия өнеркәсібі үшін смарт жүйелерді әзірлеуші; Үлкен деректер талдаушысы; Цифрландыру бойынша мұнай сервисінің инженері (BIG DATA Архитектор); Смарт-менеджер; IT маманы; Сутегі инженері.
2021-2022 жылдардағы зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми журналдарда 7 мақала жарияланды, оның ішінде 2 мақала “Case Studies in Thermal Engineering” журналында (Web of Science, Q1), 1 мақала “Cogent Engineering” (Scopus, 67%, Q2) журналында жарияланды, «Минералды ресурстарды кешенді пайдалану» (Web of Science Core Collection, РҒДИ, БҒСҚЕК) бойынша 2 мақала, сонымен қатар халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинағындағы баяндаманың 2 тезисі жарияланды.