Шет тілдер кафедрасы
КАФЕДРА ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗ
Шет тілдер кафедрасы 1934 жылы Тау-кен металлургия институты жанынан құрылған және университеттің ең көне бөлімшелерінің бірі болып табылады. 2016 жылы "Ағылшын тілі" кафедрасы болып өзгертілді. Қазіргі уақытта кафедра Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының Satbayev University құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2016 жылға дейін кафедра ағылшын, француз және неміс тілдері бойынша оқытуды жүзеге асырды. Кафедра құрылғаннан бері 500-ден астам оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірленіп, 20-дан астам монография, ондаған оқу құралдары, оқулықтар және техникалық ЖОО үшін 2-3 тілдік сөздіктер жарық көрді.
Өз қызметінің алғашқы жылдарында кафедрада оқытушылар саны аз болды, алайда бүгінгі күні ол университеттің ең ірі кафедраларының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта ағылшын тілі кафедрасында 62 оқытушы бар, оның ішінде 58-сі штаттық, ал 4 қызметкер қосымша жұмыс ретінде еңбек етеді.
Кафедраның кадрлық құрамы тәжірибелі және білікті қызметкерлерден тұрады; олардың көбі екі шетел тілін меңгерген. Кафедрада 2 профессор, 3 қауымдастырылған профессор, 7 ғылым кандидаты, 44 магистр бар. Кафедраның көптеген оқытушылары CELTA, TEFL, TKT, IELTS сияқты халықаралық сертификаттарға ие. Сонымен қатар кафедрада шетелдік оқытушылар да жұмыс істейді.
Онбес оқытушы Шотландияда (University of Aberdeen), Англияда ( University of Reading, University of Bristol, Queen Mary University of London, University of Southampton, University of Warwick, University of Glasgow ), Германияда (Johannes Gutenberg University of Mainz), Францияда (Strasbourg, ITIRI), Нидерландыда (The Johan Couyff Institute, Amsterdam) және Америкада білім алып келген.
Кафедраға Тұрлыбекова А.О. жетекшілік етеді.
КАФЕДРАНЫҢ МАҚСАТЫ:
Тиімді кәсіби коммуникацияны жүзеге асыру мақсатында ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгерген XXI ғасырдың бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау (IELTS форматында 6.0 және одан жоғары деңгей).
КАФЕДРАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
- шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (CEFR) сәйкес студенттерге ағылшын тілін деңгейлеп оқытуды іске асыру;
- халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес сөйлеу қызметінің барлық түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) оқыту;
- мамандық пәндері бойынша ағылшын тілді ұғымдық аппаратына сай студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету;
- студенттерді оқытудың білім беру траекториясын түрлендіру мақсатында электив курстарын құру;
- студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, бағалау және өзін-өзі бағалау, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды академиялық адалдыққа баулу;
- кафедраның жас мамандарының кәсіби біліктілігін тәжірибелі оқытушылар арқылы оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру мақсатындағы тренингтер мен мастер-сыныптар өткізу арқылы арттыру.
КАФЕДРА МИССИЯСЫ:
- Қазіргі жаһандық еңбек нарығында үйренушілердің бәсекеге қабілеттілігін олардың бойында жеткілікті деңгейде ағылшын тіліндегі коммуникативтік құзыреттігін арттыру арқылы дамыту;
- Оқытудың инновациялық технологияларын қоса алғанда, ағылшын тілі бағдарламасының құрылымы мен мазмұнының көпқырлылығы арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру.
КАФЕДРА СТРАТЕГИЯСЫ:
- кәсіби құзыреттікті дамытуға бағытталатын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және сол арқылы ЖОО студенттері мен түлектерінің академиялық ұтқырлығын және сұранысқа ие болуын дамытуға ықпал етуін қамтамасыз ету;
- кафедраның оқу бағдарламаларының жүйелілігі мен сабақтастығы;
- оқу іс-әрекетінің әр түрлілігі;
- жалпы коммуникативтік шетелдік құзыреттікті анықтаудың жалпы еуропалық стандарттары негізінде студенттік ағындар мен топтарды қалыптастыру.
КАФЕДРА ПӘНДЕРІ
2016-2017 оқу жылынан бастап кафедрада шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігіне (CEFR) сәйкес деңгейлеп оқыту енгізілді. Диагностикалық тестілеу мен ауызша әңгімелесудің нәтижелері негізінде студенттердің тілдік құзыреттілік деңгейі анықталады және деңгей бойынша оқу топтары құрылады. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін оқу жылының басында студенттер университет сайтында тегін онлайн-тестілеуден және кафедра кеңселерінде ауызша әңгімелесуден өтеді. Нәтижесінде ағылшын тілін оқытудың төмендегі деңгейлері қалыптасады:
- Beginner (А)
- Elementary English (А1)
- General English 1 (A2)
- General English 2 (A2)
- Academic English (B1)
- Business English (B2)
- Professional English (В2+)
Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген студенттер үшін қосымша білім беру траекториясын әртараптандыру мақсатында бес элективті курс әзірленді:
- IELTS
- Productivity Skills
- Intercultural communication
- Public Speaking
- Technical Writing
- Academic Writing
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ
Ағылшын тілі кафедрасы келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады:
- ғылыми-зерттеу конференцияларын өткізу және оларға қатысу;
- журналдарда мақалалар жариялау; қазіргі уақытта кафедра белсенді түрде Англия, Норвегия, Словения, Түркия, Украина, Чехия, Тайланд, Бразилия, Ресей, импакт факторы бар (Scopus - Maracaibo-Venezuela) халықаралық ғылыми журналдарында мақалалар жариялауда;
- СҒЗЖ (сайыстар, конференциялар, олимпиадалар, English week);
- ПОҚ үшін клубтар жұмыс істейді (Research club and Reading club for young teachers);
- пікір жазу.
Кафедра жобасына сәйкес, топтарда үлгерім мен сапаны арттыру мақсатында 603 және 606 жабдықталған аудиторияларында үйренушілер үшін "English Clinic" клубының, сондай-ақ "English Club" ауызекі ағылшын тілі клубының тегін сабақтары өтеді, аталмыш дәрістер студенттерге ағылшын тілі құзыреттіліктерін жетілдіру мүмкіндігіне жол ашады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Кафедра жұмысының маңызды бағыттарының бірі халықаралық білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықта еңбек ету, аталмыш ұйымдар: (Macmillan Education, British Council, InterPress International House Kazakhstan, Oxford University Press, edWeb.net, Association for Applied Linguistics of Kazakhstan (AALK), "Advance" тіл орталығы, Association for Applied Linguistics of Kazakhstan (AALK), Center for Multilingual Education, City Business School, e-Learning for Business Accreditation және АҚ "Өрлеу "Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" және AlmaU, ҚазХҚжӘТУ, ҚазҰУ серіктес жоғары оқу орындары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Suleiman Demirel University, Nazarbayev University, Warsaw University, сондай-ақ Ұлыбритания, АҚШ, Ресей жоғары оқу орындары. Аталмыш келісімдер аясында техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне шет тілін үйрету мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар өтеді. Сондай-ақ кәсіби бағыттағы ағылшын тілі бойынша интернет-олимпиадалар да өткізіледі.
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру