МНжИФ кафедрасының түлектер
МНжИФ кафедрасының ерекше мақтанышы мен жетістігі - түлектер, олардың арасында көрнекті ғалымдар мен кәсіпорын басшылары, Қазақстан Республикасының түрлі қайраткерлері бар. Қазіргі уақытта кафедра келесі түлектермен мақтан тұтады:
Г.Е.Ахметова – PhD докторы, Қарағанды индустриалды университетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының меңгерушісі.
А.М.Достаева – PhD докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ нанотехнология және металлургия кафедрасы доцентінің м.а.
А.М. Алимжанова – Phd докторы, «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығы» РМК, сирек металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері.
Л.М. Мустафа - PhD докторы, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ, Материалтану зертханасының меңгерушісі.
А.К. Шонгалова - PhD доктор, Фотоэлектрлік құбылыстар мен аспаптар зертханасының жетекшісі (ЖШС, Физико-техникалық институт).
Н. Бахытұлы - PhD докторы, Металлургия және байыту институты, Физикалық талдау әдістері зертханасының меңгерушісі.