Программалық инженерия кафедрасы
Тарихы
1987 жылы «Информатика және қолдаңбалы математика» кафедрасы құрылды, оны ҚР ғылым мен техниканың еңбек қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Асаубаев Қанат Шайханович басшылық етті.
1989 жылдың қыркүйек айында инженер-бағдарламаушы біліктілігін беретін 370440 – «Автоматтандырылған жүйе және есептеу техникасы бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы ашылды. Осыдан кейін кафедра жаңадан ашылған мамандықтың флагманы болды.
1995 жылы «Информатика» кафедрасы болып өзгертіліп, оны техника ғылымдарының докторы, профессор Шуакаев Марат Қапашевич басшылық етті.
2003 жылы 010540 – «Информатика» мамандығының ашылуына және қабылдауына лицензия алынды.
2003 жылы «Информатика» кафедрасын техника ғылымдарының докторы, профессор Өскенбаева Раиса Кабиевна басшылық етті.
2004 жылы кафедрада мамандар дайындаудың барлық деңгейлерінде толығымен оқытудың кредиттік технологиясы ендірілді.
2005 жылы профессор Р.К. Өскенбаеваның ұсынысымен «Информатика» кафедрасы бітіретін мамандықтарға сәйкес «Желі мен жүйелердің программалық қамтамасы» кафедрасы болып өзгертілді.
2012 жылғы наурыз айыннан бастап «Желі мен жүйелердің программалық қамтамасы» кафедрасын техника ғылымдарының кандидаты Бейсембекова Роза Нуралиевна басқарды.
2013-2014 оқу жылында университеттің ұйымдасқан құрылымына енгізілген өзгерістерге байланысты «Желі мен жүйелердің программалық қамтамасы» кафедрасы «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасы болып өзгертілді.
2016 жылдың тамыз айынан кафедраны физика-математика ғылымдарының докторы Ляззат Бахитовна Атымтаева басшылық етті.
2018 жылдан 2020 жылға дейін кафедраны техника ғылымдарының кандидаты Юнусов Расул басқарды.
2019 жылы «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасы «Программалық инженерия» кафедрасы болып өзгертілді.
2020 жылдың маусым айынан бастап, кафедра меңгерушісі болып PhD Тұрдалыұлы Мұса тағайындалды.
Кафедрада программалық қамтамасыздандыру саласындағы жоғары білікті оқытушылар мен өндірістік және ғылыми жобалармен тығыз инженерлік байланысы бар мамандарымен ұсынылған. Кафедраның мақсаты мен міндеттері программалық қамтамасыздандыру, мәліметтерді талдау және машиналық оқыту саласындағы жоғары білікті мамандар мен ғалымдарды шығару болып табылады.
Бұл бағыттағы мамандарға еңбек нарығында сұраныс жоғары. Кафедраның түлектері Facebook, Google, Microsoft, Oracle, IBM, Apple және басқа көптеген ірі халықаралық компанияларда жұмыс істейді. Білім беру бағдарламасы қазіргі заманғы тенденцияларға, техникалық және ғылыми жетістіктерге сәйкес үнемі жетілдіріліп отырылып, нарық талаптарына сәйкес келеді және ғылым мен техниканың жедел дамуына үлес қосатын ізашарлар қатарынан лайықты орын ала алатын осы салалардағы жоғары санатты мамандарды даярлайды.
Кафедра келесідей алыс шетел ЖОО-мен белсенді түрде ынтымақтасады: Карнеги Меллон университетімен, School of Computer Science, Institute for Software Research International, США; Оксфорд университетімен, Лондон, Ұлыбритания; Қолдаңбалы ғылымдар университетімен, Амберг-Вайден, Германия; Қолдаңбалы ғылымдар университетімен, Шмалькальден, Германия; Сувон университетімен, Оңтүстік Корея; Синьцзян университетімен, Урумчи, Қытай; Небраска университетімен, Линкольн, АҚШ; Авейро университетімен, Португалия; Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ғылыми зерттеу университеті, Санкт-Петербург, Ресей; Пенза мемлекеттік университеті, Ресей; Қазақстан-Ресей ғылыми-зерттеу инжиниринг кешені энерго үнемдеу және неосфералық технологиялар, Пенза, Ресей және т.б.
Мақсаты
Компьютер саласының: «5В060200 - Информатика» (бакалавриат), «6B06102 - Computer Science» (бакалавриат), «7М06102 - Machine Learning and Data Science» (магистратура), «7М06101 – Software Engineering» (магистратура), «8D06102 - Machine Learning and Data Science» (докторантура) мамандықтары бойынша бітірген түлектерінің әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін білім берудің үш деңгейінде сапалы білім беру процесін қамтамасыз ету.
Кафедра алдына төмендегідей міндеттер қояды:
- жұмыспен қамту деңгейін арттыру арқылы кафедра түлектерінің Қазақстан Республикасының білім беру қызметтері нарығында және әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- рецензияланған журналдар мен конференция материалдарындағы жарияланымдардың санын көбейту арқылы білім, ғылым және өндірісті интеграциялау мақсатында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің өсуін қамтамасыз ету;
- ақпараттық технология мамандарын даярлаудың сапасын арттыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу мақсатында батыстың жетекші университеттерімен және әлемдік вендорларымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату арқылы әлемдік білім беру үдерісіне ену. Серіктес компаниялармен өзара іс-қимыл келісімшарттарын дайындау және жүргізу үшін жағдай жасау (жылына шамамен 1-2).
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру