Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес ҚазҰТЗУ-дың дамуы, оның білім беру және ғылыми қызметі, халықаралық ынтымақтастық проблемалары бойынша шешімдер қабылдау үшін құрылатын ҚазҰТЗУ-дың алқалық басқару нысаны болып табылады. Сондай-ақ Ғылыми кеңестің құзыретіне ғылыми атақтар беруге, мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну кіреді.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарын, ҚазҰТЗУ Жарғысын, ҚазҰТЗУ Ғылыми кеңесі туралы ережені, Университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің құрамына лауазымы бойынша ректор, проректорлар, бейінді институттардың директорлары кіреді. Ғылыми кеңестің басқа мүшелері ҚазҰТЗУ құрылымдық бөлімшелерінің, оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатарынан, сондай-ақ білім алушылар қатарынан тиісті құрылымдық бөлімше ұжымының жалпы жиналысында сайланады. Ғылыми кеңестің құрамы Басқарма төрағасы-Университет ректорының бұйрығымен бекітіледі. Кеңестің төрағасы – ректор. Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі – 3 жыл. Ғылыми кеңес мүшесі жұмыстан босатылған жағдайда, ол автоматты түрде оның құрамынан шығады.

Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына бекітілген жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.

Ғылыми атақтарды ізденушілер



Бөлімшелер

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту